Ресей Федерациясынан электр энергиясын алғаны үшiн берешектi өтеу туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жыл 3 наурыздағы N 291

Қолданыстағы
      1994-1996 жылдары Ресей Федерациясынан электр энергиясын алғаны үшiн берешектi өтеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлiгi ресейдiң "ЕЭС Россия" энергетика және электрификация акционерлiк қоғамымен 1994-1996 жылдарда электр энергиясын алғаны үшiн берешек көлемiн, ресейдiң "ЕЭС Россия" энергетика және электрификация акционерлiк қоғамына берiлген "Дальние электропередачи" және "Екiбастұз ГРЕС-2" акционерлiк қоғамдарының акциялары мемлекеттiк пакеттерiнiң құнын келiссiн және бекiтсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Қазақстан Республикасының Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлiгiмен бiрлесiп, "Екiбастұз ГРЕС-2" акционерлiк қоғамының акциялары мемлекеттiк пакетiнiң 33 процентiне дейiн, сондай-ақ Екiбастұз кен орны "Богатырь" N 9 разрезiнiң алабымен "Северный" көмiр разрезiнiң мүлкi үшiн енгiзiлген бонусты беру жолымен алған электр энергиясы үшiн "ЕЭС Россия" энергетика және электрификация акционерлiк қоғамымен есеп айырысу жүргiзсiн. <*>
      ЕСКЕРТУ. 2-тармақтан сөздер алынып тасталды - ҚРҮ-нiң
               1997.08.04. N 1210 қаулысымен. P971210_
      3. Қазақстан Республикасының Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлiгi "КЕGОК" акционерлiк қоғамымен /"Қазақстанэнерго" ұлттық энергетика жүйесi/ бiрлесiп:
      "ЕЭС Россия" энергетика және электрификация акционерлiк қоғамымен өзара есеп айырысу жүргiзсiн және 1994-1996 жылдарға электр энергиясын алғаны үшiн берешектi өтеудi құжатты түрде ресiмдесiн;
      "КЕGОК" акционерлiк қоғамының /"Қазақстанэнерго" ұлттық энергетика жүйесi/ дебиторлық және кредиторлық берешектерiн қайта құрылымдауды жүзеге асырсын және республикалық iшкi өзара есеп айырысулар жөнiнде ұсыныстар енгiзсiн.
      4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары Д.Т.Дүйсеновке жүктелсiн.
     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрi