Акцизделетiн тауарларды таңбалаудың тәртiбiн жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
"Акцизделетiн тауарларды жаңа үлгiдегi акциздiк алым маркаларымен мiндеттi түрде таңбалауды енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 31 желтоқсандағы N 1749 қаулысына мынадай өзгерiстер мен толықтыру енгiзiлсiн:
1-тармақтың үшiншi абзацындағы "1 сәуiрiнен" деген сөз "1 шiлдесiнен" деген сөзбен ауыстырылсын;
2-тармақтың үшiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"1997 жылдың 1 шiлдесiнен бастап - 1-қосымшаға сәйкес темекi өнiмдерiн және 1997 жылдың 1 қазанынан бастап - 2-қосымшаға сәйкес акцизделетiн тауарларды";
5-тармақта:
бiрiншi абзац "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк салық комитетi" деген сөздерден кейiн "мен Мемлекеттiк кеден комитетi" деген сөздермен толықтырылсын;
үшiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"жаңа үлгiдегi акциздiк алым маркаларын әзiрлегенi үшiн Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнiң Банкнот фабрикасымен есеп айырысу: отандық акцизделетiн тауарлар үшiн - Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк салық комитетiнiң арнаулы шотына акциз маркаларын сатудан түсетiн қаражат есебiнен; импортталатын акцизделетiн тауарлар үшiн - импорттаушылардың қаражатының есебiнен жүргiзiлсiн";
төртiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"одан әрi бақылауды қамтамасыз ету үшiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кеден комитетi Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк салық комитетiне нөмiрлерi мен нақты импорттаушыларды көрсете отырып сатылған акциз маркаларының (оның iшiнде 1995-1996 жылдардағы үлгiлерi) саны туралы Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк салық комитетiне ай сайын мәлiмет тапсырып отырсын";
7-тармақта:
төртiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"импортталатын акцизделетiн тауарға: СЭҚ ТН 2204 (2204 30-дан басқасы). 2205, 2206 кодтары бойынша шараптар, шампан шараптары, шарап материалдары - 20 теңге мөлшерiнде; СЭҚ ТН 2207, 2208, 2905 кодтары бойынша спирттiң барлық түрлерi, күшейтiлген iшiмдiктер, күшейтiлген шырындар мен бальзамдар, арақ, ликер-арақ бұйымдары, коньяктар - 65 теңге мөлшерiнде; СЭҚ ТН 2402 кодтары бойынша темекi өнiмдерi, құрамында темекiсi бар өзге де өнiмдер - 1,5 теңге";
8-тармақта:
үшiншi абзацтағы "1 сәуiрдегi" деген сөздер "1 шiлдедегi" деген сөздермен ауыстырылсын;
төртiншi абзацтағы "1 сәуiрдегi" деген сөздер "1 қазандағы" деген сөздермен ауыстырылсын;
аталған қаулының 1-қосымшасында:
соңғы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Темекi өнiмдерi (мынадай атауларды қоспағанда: "Қазақстан",
"Медеу", сүзгiсiз барлық сигареттер мен "Полет", "Прима", "Астра",
"Беломор-Канал" класындағы папиростар)";
сiлтемедегi "1 сәуiрiнен" деген сөздер "1 шiлдесiнен" деген
сөздермен ауыстырылсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi