Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 3 шiлдедегi N 841 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жыл 28 ақпандағы N 242. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002.05.28. N 581 қаулысымен. ~P020581

Күшін жойған

     Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
     "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанынан Шағын және орташа
қалалардың проблемалары жөнiндегi ведомствоаралық комиссия құру
туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 3 шiлдедегi N
841 қаулысына мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
     Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Шағын және орташа
қалалардың проблемалары жөнiндегi ведомствоаралық комиссияның
құрамына мыналар енгiзiлсiн:
     Дүйсенов Д.Т.        - Қазақстан Республикасы Премьер-
                            Министрiнiң орынбасары, төраға
     Әбдiкамалов О.А.     - Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк
                            мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк
                            комитетi төрағасының орынбасары
     Кешубаев Ғ.Қ.        - Қазақстан Республикасы Мұнай және газ
                            өнеркәсiбi министрiнiң орынбасары
     Тоқсейiтов Р.Қ.      - Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң
                            орынбасары
     Төтенов Б.В.         - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты
                            әлеуметтiк қорғау министрiнiң орынбасары
     В.В.Соболев, А.С.Павлов, Ә.М.Бәйменов, О.Г.Кинасов және
А.В.Смирнов аталған құрамнан шығарылсын.
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрi