Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 25 қаңтардағы N 90 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1997 жылғы 12 ақпандағы N 201

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      "Халықаралық ғылыми-техникалық орталықтың (ХҒТО) жобаларын жүзеге асыруға байланысты қызметтi үйлестiру жөнiндегi ведомствоаралық ғылыми-техникалық кеңес құру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 25 қаңтардағы N 90

қаулысына мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
     аталған қаулымен бекiтiлген Халықаралық ғылыми-техникалық
орталықтың (ХҒТО) жобаларын жүзеге асыруға байланысты қызметтi
үйлестiру жөнiндегi Ведомствоаралық ғылыми-техникалық кеңестiң
құрамына мыналар енгiзiлсiн:

     Қосынов А.О.         - Қазақстан Республикасының Ғылым
                            министрi - Ғылым академиясы
                            президентiнiң орынбасары, төраға
     Ахметов Т.З.         - Қазақстан Республикасы Ғылым министрлiгi-
                            Ғылым академиясы халықаралық
                            ғылыми-техникалық ынтымақтастық
                            басқармасының бастығы, төрағаның
                            орынбасары
     Бәкiрова С.Б.        - Қазақстан Республикасы Ғылым министрлiгi-
                            Ғылым академиясы халықаралық
                            ғылыми-техникалық ынтымақтастық
                            басқармасының бөлiм бастығы, ғылыми хатшы
     Әбiшев Ж.Н.          - Минералды шикiзатты кешендi ұқсату
                            жөнiндегi ұлттық ғылыми орталықтың
                            бас директоры
     Ахметов С.А.         - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
                            жанындағы Ақпаратты қорғау жөнiндегi
                            мемлекеттiк техникалық комиссия
                            төрағасының орынбасары
     Гамарник Г.Н.        - Қазақстан Республикасы Бiлiм
                            министрiнiң бiрiншi орынбасары
     Демин А.Б.           - Қазақстан Республикасы Әдiлет
                            министрлiгi халықаралық құқықтық
                            қамтамасыз ету басқармасының бастығы
     Елеукенов Д.Ш.       - Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер
                            министрлiгiнiң халықаралық қауiпсiздiк
                            және қару-жараққа бақылау жасау
                            басқармасының бастығы
     Жантемiров М.К.      - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк
                            комитетi бас басқармасы бастығының
                            бiрiншi орынбасары (келiсiм бойынша)
     Жантикин Т.М.        - Қазақстан Республикасы Атом энергиясы
                            жөнiндегi агенттiгiнiң бас директоры
     Қарабаев М.К.        - Қазақстан Республикасы Биотехнология
                            жөнiндегi ұлттық орталығы бас
                            директорының орынбасары
     Қаудыров Т.Е.        - Қазақстан Республикасы Өнеркәсiп және
                            сауда министрлiгi патент ведомствосының
                            төрағасы
     Құлжанов М.К.        - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
                            министрiнiң орынбасары
     Сафрыгин М.М.        - Қазақстан Республикасы Қорғаныс
                            министрiнiң әскери-техникалық саясат
                            жөнiндегi кеңесшiсi



      Д.К.Дәукеев, В.Е.Жүсiпбеков, Ж.Н.Қадыров, Ж.Ж.Жақыпбеков, Б.К.Нұрғалиев, В.Н.Околович, Ю.А.Шаповалов аталған құрамнан шығарылсын.
      Аталған қаулымен бекiтiлген Халықаралық ғылыми-техникалық орталықтың (ХҒТО) жобаларын жүзеге асыруға байланысты қызметтi үйлестiру жөнiндегi ведомствоаралық ғылыми-техникалық кеңес туралы ережедегi:
      5-тармақтың 5.1.-тармақшасының үшiншi абзацындағы және 8-тармақтың үшiншi абзацындағы "Қазақстан Республикасының Ғылым және жаңа технологиялар министрлiгi" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясы" деген

сөздермен ауыстырылсын.
     7-тармақтағы "Қазақстан Республикасының Ғылым және жаңа
технологиялар министрi" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Ғылым
министрi - Ғылым академиясының президентi" деген сөздермен
ауыстырылсын.

     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрi