1. "Реформаларды тереңдету және "Қазақстан Республикасының уран өнеркәсiбi мен атом энергетикасын одан әрi дамыту жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 22 қарашадағы N 1430 қаулысына мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
бiрiншi тармақтың үшiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын: "Қазатомөнеркәсiбi" акционерлiк қоғамына "Үлбi металлургия зауыты" акционерлiк қоғамы акцияларының мемлекеттiк пакетiн және "КАТЭП ҰАҚ" акционерлiк қоғамы акцияларының мемлекеттiк пакетiн иелену, пайдалану және басқару жөнiндегi құқық берiлсiн";
бiрiншi тармақтың соңғы абзацы мынадай редакцияда жазылсын: "тиiмдi өндiрiс қызметiн қамтамасыз ету мақсатында "Қазатомөнеркәсiбi" акционерлiк қоғамына "Казкоммерцбанк" акционерлiк қоғамының банктiк қызмет көрсету және қаржылай қолдау туралы ұсынысына келiсiм беру ұсынылсын;
7-тармақтың үшiншi абзацы алынып тасталсын.
"Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 22 қарашадағы N 1430 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 25 желтоқсандағы N 1604 қаулысының күшi жойылған деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi жанындағы Кәсiпорындарды қайта ұйымдастыру жөнiндегi агенттiк:
"Үлбi металлургия зауыты", "Волковгеология" (келiсiм бойынша) акционерлiк қоғамдарының, сондай-ақ N 6 кен басқармасы, Степное кен басқармасы, Центральное кен басқармасы мемлекеттiк кәсiпорындарының қаржылық жай-күйi мен төлем қабiлетiне бағалау жүргiзсiн;
Қазақстан Республикасының Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлiгiмен бiрлесiп, сондай-ақ "Қазатомөнеркәсiбi" акционерлiк қоғамы және Қазақстанның Акционерлiк Халықтық Жинақ Банкi келiсiмi бойынша N 6 кен басқармасы, Степное кен басқармасы, Центральное кен басқармасы мемлекеттiк кәсiпорындарының несиелiк берешегiн өтеу кестесiн жасасын. <*>
ЕСКЕРТУ. 2-тармақтың 3-шi абзацындағы сөздер ауыстырылды -
ҚРҮ-нiң 1997.02.21. N 248 қаулысымен. P970248_
3. Ядролы материалдар мен қос мақсаттағы өнiмдi өндiру және сатуды мемлекеттiк реттеудiң және Қазақстан Республикасының жасасқан халықаралық шарттары бойынша оның қабылдаған мiндеттемелерiн, сондай-ақ қазақстан тарабының "Инкай" бiрлескен кәсiпорны және "Катко" бiрлескен кәсiпорны бойынша шетелдiк қатысушылардың алдында мiндеттемелерiн сақтаудың бiрыңғай саясатын қамтамасыз ету мақсатында:
Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлiгi "Казтомөнеркәсiбi" акционерлiк қоғамымен бiрлесiп Қазақстан Республикасының Үкiметiне ядролық материалдар мен қос мақсаттағы өнiмнiң экспорты және импортының көлемi жөнiнде ұсыныс енгiзсiн;
Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауы министрлiгi "Инкай" бiрлескен кәсiпорнына Инкай - Мыңқұдық кен даласы бойынша жер қойнауын пайдалануға лицензияны қайта ресiмдесiн;
Қазақстан Республикасының Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлiгi "Инкай" бiрлескен кәсiпорнымен Инкай-Мыңқұдық алаңына жер қойнауын пайдалану бойынша контракт жасасын;
"Қазатомөнеркәсiбi" қоғамына Мойынқұм кен орнын игеруге "Катко" бiрлескен кәсiпорнының құрылтай құжаттарында көрсетiлген жағдайларда, осы кәсiпорын бойынша шетел әрiптестерiн тарту ұсынылсын.
4. "Қазатомөнеркәсiбi" акционерлiк қоғамына:
ТМД және басқа да мемлекеттердiң аумағында ядролық-отын және атом-энергетикасы кешендерi кәсiпорындарының арасында байланыстарды дамыту;
ядролық энергетика және өнеркәсiп қызметiне байланысты халықаралық ұйымдарға қатысу;
ядролық материалдар мен қос мақсаттағы өнiм бойынша демпингке қарсы тексерулерге байланысты мемлекетаралық және үкiметаралық келiсiмдердi әзiрлеу;
ядролық материалдар мен қос мақсаттағы өнiмдi тасымалдау мен сақтаудың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасының уран кен орындары бойынша геологиялық ақпараттың сақталымын қамтамасыз ету бойынша мемлекеттiк мәселелердi жүзеге асыруға қатысу ұсынылсын.
5. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi заңдарға сәйкес:
"Үлбi металлургия зауыты", "Волковгеология" акционерлiк қоғамдардың аталған акционерлiк қоғамдардың балансындағы әлеуметтiк сала объектiлерiн жергiлiктi атқарушы органдардың балансына беру туралы ұсынысымен келiссiн;
Алматы қаласының, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстiк Қазақстан облыстарының әкiмдерiмен бiрлесiп 1997 жылдың 1 наурызына дейiнгi мерзiмде "Үлбi металлургия зауыты", "Волковгеология" акционерлiк қоғамдарының, сондай-ақ N 6 кен басқармасы, Степное кен басқармасы, Центральное кен басқармасы мемлекеттiк кәсiпорындарының балансындағы әлеуметтiк сала объектiлерiн жергiлiктi атқарушы органдардың балансына берудi қамтамасыз етсiн.
6. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң нормативтiк актiлерiн осы қаулымен және "Реформаларды тереңдету және Қазақстан Республикасының уран өнеркәсiбi мен атом энергетикасын одан әрi дамыту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 22 қарашадағы N 1430 P961430_ қаулысымен сәйкестiкке келтiрiлсiн.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi