Қазақстан Республикасында еңбекақы төлеудi ұйымдастыруды жетiлдiру туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 6 ақпандағы N 170

Қолданыстағы
      Еңбекақы төлеу саласындағы саясатты одан әрi реформалау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының бюджет саласы қызметкерлерiне еңбекақы төлеуге арналған Бiрыңғай тарифтiк кесте 1-қосымшаға сәйкес;
      Қазақстан Республикасының бюджет саласы қызметкерлерiне еңбекақы төлеуге арналған Бiрыңғай тарифтiк кестенi қолданудың негiзгi шарттары 2-қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының бюджет саласы қызметкерлерiнiң тарифтiк ставкалары мен лауазымдық жалақыларын айқындау үшiн заң актiсiнде белгiленген еңбекақының ең төмен мөлшерi пайдаланылады;
      "1997 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 31 желтоқсандағы Заңында көзделген ең төменгi еңбекақы мөлшерi меншiктiң барлық нысанындағы ұйымдарда жұмыс берушi кепiлдiк берген ең төменгi еңбекақы мөлшерi болып табылады;
      ЕСКЕРТУ. 2-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.01.19. N 73
               қаулысымен. P010073_
      3. Мыналар:
      тарифтiк ставкалар және Бiрыңғай тарифтiк кесте мен разрядаралық коэффициенттер (еңбек нормалары орындалған кезде) негiзiнде есептелген лауазымдық жалақылар тарифтiк келiсiмдер мен ұжымдық шарттарды жасасу кезiнде негiз болып табылады;
      мемлекеттік органдар болып табылмайтын мемлекеттік мекемелер олардың жалақысы қолданылып жүрген заңнамада Z990493_ Р000281_ көзделген барлық қосымша ақылар мен үстеме ақылар ескерілгенде, бұрын алынған қосымша ақылар мен үстеме ақылар, салалық, аудандық коэффициенттер, биік таулы, шөл далалы және сусыз жерлерде жұмыс істегені үшін коэффициенттер ескерілгенде бұрын алып жүрген жалақысынан төмен болған және сол лауазымында жұмыс істеуін жалғастырған жағдайда қызметкерлерге жалақы айырмасын төлейді. Бұл ретте көрсетілген айырма жалақы қорында көзделеді. <*>
     қызметкерлердің қолданылып жүрген заңдарда көзделген қосымша ақылар мен үстеме ақыларды қоса алғандағы бұрынғы алып жүрген жалақысынан төмен болған жағдайда, сол лауазымда істеп жүрген жұмысын жалғастырғанда ұйым осы қызметкерлерге еңбекақы қоры шегінде айырмасын төлеуді жүзеге асырады; <*>
      меншiк нысанына қарамастан, материалдық салалардағы ұйымдар еңбек ақы төлеу мәселелерiн ұжымдық шарт негiзiнде дербес шешедi деп айқындалсын.
      ЕСКЕРТУ. 3-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.02.24. N 293
               қаулысымен. P000293_
      ЕСКЕРТУ. 3-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.01.19. N 73
               қаулысымен. P010073_
      4. Министрлiктер, мемлекеттiк комитеттер жергiлiктi атқарушы органдармен бiрлесiп, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң, Экономика министрлiгiнiң, Қаржы министрлiгiнiң және Әдiлет министрлiгiнiң келiсiмiмен еңбекақы төлеу мәселелерi жөнiндегi ведомстволық актiлердi осы қаулыға сәйкестендiрсiн, ал Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмiн талап ететiн мәселелер жөнiнде келiсiлген ұсыныстар енгiзсiн.
      5. Осы қаулының орындалуына жауапкершiлiк министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттер мен өзге де орталық атқарушы органдардың бiрiншi басшыларына жүктелсiн.
      6. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi осы қаулыны қолдану жөнiнде бұқаралық ақпарат құралдарында жариялай отырып бiр апта мерзiмде түсiндiрме әзiрлесiн.
      7. "Педагогикалық қызметкерлердiң жекелеген санаттарына оқу (педагогикалық) жүктемесi нормасын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 2 қыркүйектегi N 1078 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 36, 340-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      кiрiспедегi "және "Қазақстан Республикасының экономикасы салалары қызметкерлерiнiң еңбегiне ақы төлеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 9 қаңтардағы N 31 қаулысын" (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 2, 10-бап)" деген

сөздер алынып тасталсын.
     8. Қазақстан Республикасы кейбiр шешiмдерiнiң 3-қосымшаға сәйкес
күшi жойылған деп танылсын.
     9. Осы қаулы 1997 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшiне енедi.

     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрi

                                       Қазақстан Республикасы
                                             Үкiметiнiң
                                        1997 жылғы 6 ақпандағы
                                          N 170 қаулысына
                                             1-қосымша

      Қазақстан Республикасының бюджет саласы қызметкерлерiне
         еңбекақы төлеуге арналған Бiрыңғай тарифтiк кесте

____________________________________________________________________
 N |Санаты және|Разряд. |   Бiрыңғай тарифтiк кестенiң разряды
р/с|лауазымы   |аралық  |___________________________________________
   |           |диапазон|  1 |  2 |  3 |  4 |  5 |  6  |  7  |  8  |
   |           |        |____|____|____|____|____|_____|_____|_____|
   |           |        |    Тарифтiк коэффициент /I-разрядқа/
   |           |        |___________________________________________
   |           |        |1,0 |1,07|1,15|1,24|1,33|1,43 |1,54 |1,66 |
___|___________|________|____|____|____|____|____|_____|_____|_____|
 1 |     2     |    3   |  4 |  5 |  6 |  7 |  8 |  9  |  10 |  11 |
___|___________|________|____|____|____|____|____|_____|_____|_____|
 1 |Еңбек      |   1    |---
   |күрделiлiгi|        |
   |аздау      |        |
   |мамандық   |        |
___|___________|________|___________________________________________
 2 |Еңбек      | 1 - 8  |------------------------------------------
   |жағдайы    |        |
   |қалыпты    |        |
   |жұмыстағы  |        |
   |жұмысшы    |        |
___|___________|________|___________________________________________
 3 |Техникалық | 2 - 5  |    -------------------
   |атқарушылар|        |
___|___________|________|___________________________________________
 4 |Әкiмшiлiк- | 3 - 6  |          -------------------
   |шаруашылық |        |
   |қызмет көр.|        |
   |сету бөлiм.|        |
   |шелерiнiң  |        |
   |басшылары  |        |
___|___________|________|___________________________________________
 5 |Орта бiлiмi|        |
   |бар маман. |        |
   |дар санаты |        |
   |жоқ        | 4 - 8  |               ---------------------------
   |2-санатты  | 5 - 9  |                    ----------------------
   |1-санатты  | 6 - 10 |                         -----------------
   |жоғары     |        |
   |санатты    | 7 - 11 |                               -----------
___|___________|________|___________________________________________
 6 |Жоғары     |        |
   |бiлiмi бар |        |
   |мамандар:  |        |
   |санаты жоқ | 7 - 11 |
   |2-санатты  | 8 - 12 |
   |1-санатты  | 9 - 13 |
   |жоғары     |        |
   |санатты    |        |
   |(жетекшi   |        |
   |маман)     |10 - 14 |
___|___________|________|___________________________________________
 7 |Функционал.|        |
   |дық қызмет.|        |
   |тiң, бөлiм.|        |
   |дердiң     |        |
   |басшылары  |        |
___|___________|________|___________________________________________
   |а) бюро,   |        |
   |лаборатория|        |
   |сектор,    |        |
   |бөлiмше    |        |
   |бастықтары | 10 - 13|
___|___________|________|___________________________________________
   |б) бөлiм.  |        |
   |дердiң,    |        |
   |орталық    |        |
   |лаборато.  |        |
   |риялардың  |        |
   |бастықтары | 11 - 14|
___|___________|________|___________________________________________
   |в) бас     |        |
   |мамандар   | 12 - 15|
___|___________|________|___________________________________________
 8 |Желiлiк    |        |
   |басшылар   |        |
   |а) шебер   |  6 - 9 |                         ------------------
___|___________|________|___________________________________________
   |б)аға шебер|  7 - 10|                               ------------
___|___________|________|___________________________________________
   |в) учаске, |        |
   |ауысым,    |        |
   |вокзал,    |        |
   |поезд      |        |
   |бастығы    |  9 - 12|
___|___________|________|___________________________________________
   |г) цех,    |        |
   |экспедиция,|        |
   |партия, от.|        |
   |ряд, пункт |        |
   |бастығы    | 10 - 14|
___|___________|________|___________________________________________
   |д) өндiрiс,|        |
   |басқарма,  |        |
   |бөлiмше,   |        |
   |фирма,     |        |
   |инспекция  |        |
   |бастығы    | 11 - 15|
___|___________|________|___________________________________________
   |е) ұйымның,|        |
   |басқарманың|        |
   |порттың    |        |
   |басшысы    | 13 - 18|
___|___________|________|___________________________________________
   |ж) бiрлес. |        |
   |тiк басшысы| 16 - 20|
___|___________|________|___________________________________________
   |з) ұйымның |        |
   |бас        |        |
   |инженерi   | 12 - 17|
___|___________|________|___________________________________________
   |и) бiрлес. |        |
   |тiктiң бас |        |
   |инженерi   | 15 - 19|
___|___________|________|___________________________________________
 9 |Ғылыми және|        |
   |жоғары оқу |        |
   |орындарының|        |
   |қызметкер  |        |
   |лерi       |        | 
___|___________|________|___________________________________________
   |а) ғылыми  |        |
   |қызметкер  | 14 - 18|
___|___________|________|___________________________________________
   |б) профес. |        |
   |сор-оқыту. |        |
   |шылар, нұс.|        |
   |қаушылық   |        |
   |және ұшқыш.|        |
   |тар құрамы | 10 - 18|
___|___________|________|___________________________________________
   |в) сектор, |        |
   |лаборатория|        |
   |және басқа |        |
   |қызметтер  |        |
   |мен бөлiм, |        |
   |бюро, стан.|        |
   |ция, каби. |        |
   |нет, пункт,|        |
   |аспирантура|        |
   |меңгерушiсi|        |
   |ректордың  |        |
   |көмекшiсi  |  9 - 16|
___|___________|________|___________________________________________
   |г) бөлiм,  |        |
   |лаборатория|        |
   |кафедра    |        |
   |меңгерушiсi|        |
   |ғылыми     |        |
   |хатшы      | 13 - 19|
___|___________|________|___________________________________________
   |д) инсти.  |        |
   |туттың,    |        |
   |мекеме     |        |
   |филиалының,|        |
   |жоғары оқу |        |
   |орнының    |        |
   |басшылары, |        |
   |проректор  | 15 - 21|
___|___________|________|___________________________________________

____________________________________________________________________
              Бiрыңғай тарифтiк кестенiң разряды
____________________________________________________________________
  9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |  18 |  19 | 20  | 21
____|____|____|____|____|____|____|____|____|_____|_____|_____|_____
                Тарифтiк коэффициент /I-разрядқа/
____________________________________________________________________
1,78|1,91|2,05|2,20|2,37|2,55|2,74|2,95|3,17| 3,41| 3,67| 3,94| 4,24
____|____|____|____|____|____|____|____|____|_____|_____|_____|_____
 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 |  21 |  22 |  23 |  24
____|____|____|____|____|____|____|____|____|_____|_____|_____|_____

----
---------
--------------
____________________________________________________________________
--------------
------------------
-----------------------

          -------------

                    -----------------------------
____________________________________________________________________
                                   --------------------------
____________________________________________________________________
               ----------------------------
____________________________________________________________________
                              -------------------------
____________________________________________________________________

____________________________________________________________________
                         ------------------------
____________________________________________________________________
     --------------------------------------------
____________________________________________________________________
--------------------------------------
____________________________________________________________________
                    -----------------------------------------
____________________________________________________________________
                              --------------------------------------
____________________________________________________________________

                                       Қазақстан Республикасы
                                             Үкiметiнiң
                                        1997 жылғы 6 ақпандағы
                                          N 170 қаулысына
                                             2-қосымша

      Қазақстан Республикасының бюджет саласының қызметкерлерiне
           еңбек ақы төлеу үшiн Бiрыңғай тарифтiк кестенi
                      қолданудың негiзгi шарттары

      Бюджет саласындағы ұйымдар Бiрыңғай тарифтiк кесте негiзiнде, бiлiктiлiк сипаттамасының белгiленген тәртiппен бекiтiлген, қолданылып жүрген мамандықтардың БТТА мен қызметшiлер лауазымдарының БА бойынша мамандықтар мен лауазымдарды саралауды Бiрыңғай тарифтiк кесте разрядтары бойынша жүргiзедi.
      Қызметкерлердi орналастыру берiлген бiлiктiлiгi ескерiле отырып,

Бiрыңғай тарифтiк кестенiң разрядтары бойынша жүзеге асырылады.
     Қайта тарифтеу және қызметкерлердi аттестациялау заңда
белгiленген мерзiмде жүргiзiледi.
     Орынбасарлардың ставкалары тиiстi басшылардың ставкаларынан
10-20 процентке төмен, көмекшiлер мен ассистенттердiң ставкалары -
20-30 процентке төмен болып белгiленедi.
     Заңдарда белгiленген жеңiлдiктер мен өтемақылардың ең төменгi
мөлшерi Бiрыңғай тарифтiк кесте негiзiнде есептелген тарифтiк
ставкалар мен жалақыларға шаққандағы процент есебiмен айқындалады.
Ұжымдық шарттармен тарифтiк келiсiмдерге бұл мөлшерлер еңбекақы
төлеуге арналған қолда бар қаражат шегiнде өсiрiлуi мүмкiн.

                                       Қазақстан Республикасы
                                             Үкiметiнiң
                                        1997 жылғы 6 ақпандағы
                                          N 170 қаулысына
                                             3-қосымша

        Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң күшi жойылған
                     кейбiр шешiмдерiнiң
                          ТIЗБЕСI

      1. "Медицина қызметкерлерiн әлеуметтiк қолдау туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 15 маусымдағы N 634 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 25, 271-құжат).
      2. "Қазақстан Республикасы экономикасы салалары қызметкерлерiнiң еңбегiне ақы төлеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 9 қаңтардағы N 31 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 2, 10-құжат).
      3. "Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 15 маусымдағы N 634 қаулысына өзгерту енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 6 ақпандағы N 159 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 7, 41-құжат).
      4. <*>
      ЕСКЕРТУ. 4-тармақ күшін жойды - ҚР Үкіметінің 2000.10.26. N 1597
               қаулысымен. P001597_
      5. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 9 қаңтардағы N 31 қаулысына толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 28 маусымдағы N 816 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 29, 260-құжат).
      6. "Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң Жоғары дипломатиялық мектебiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 12 қыркүйектегi N 1002 қаулысы 4-тармағының үшiншi абзацы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 36, 347-құжат).
      7. "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң, ұлттық қауiпсiздiк органдарының әскери қызметкерлерiне, Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң, Iшкi iстер органдарының және Мемлекеттiк салық комитетi салық қызметi органдарының салық полициясы қызметкерлерiнiң, әскери және арнаулы атағы жоқ жекелеген санаттағы адамдарының ақшалай үлесi (жалақысы) туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 25 желтоқсандағы N 1620 қаулысы 2-тармағының бiрiншi абзацы.