1. М.Әуезовтың туғанына 100 жыл толуына әзiрлiк және оны өткiзу жөнiндегi Республикалық штабтың (бұдан әрi - Штаб) құрамы қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
2. Штабқа М. Әуезовтың туғанына 100 жылдығына арналған салтанатты шараларды әзiрлеу мен өткiзу барысында Қазақстан Республикасы министрлiктерiнiң, мемлекеттiк комитеттерi мен өзге де орталық және жергiлiктi атқарушы органдарының мемлекеттiк және мемлекеттiк емес мекемелермен, қоғамдық бiрлестiктермен өзара iс-қимыл жасаудағы барлық жұмысын үйлестiру жүктелсiн.
3. "М.Әуезовтың туғанына 100 жыл толуына әзiрлiк және оны өткiзу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 19 шiлдедегi N 810 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 30, 340-бап) мынадай өзгертулер енгiзiлсiн:
"М.Әуезовтың туғанына 100 жыл толуына әзiрлiк және оны өткiзу жөнiндегi мерейтойлық комиссияның құрамына мыналар енгiзiлсiн: Ә.М.Қажыгелдин (төраға), И.Н.Тасмағамбетов (төрағаның орынбасары), З.А.Ахметов, Т.Қ.Бегахметов, Г.К.Бельгер, А.Қ.Бижанов (келiсiм бойынша), Ғ.Б.Жақиянов, М.Ж.Жұрынов, М.М.Мағауин, Т.А.Мамашев, О.Б.Мұхамеджанов, Ф.Оңғарсынова (келiсiм бойынша), Н.М.Оразалин (келiсiм бойынша), Ж.Ж.Мұқашев, Е.Ә.Сатыбалдиев (келiсiм бойынша), А.Ф.Сейiтова, М.Д.Симашко, М.М.Тажин (келiсiм бойынша), Қ.К.Тоқаев, В.С.Школьник, Ө.Е.Шүкеев, И.П.Щеголихин. (келiсiм бойынша); аталған комиссияның құрамынан мыналар шығарылсын: С.А.Терещенко, Т.Т.Жүкеев Н.Қ.Есенғарин, С.Ж.Әбiшев, С.Әбдрахманов, С.С.Әшляев, Л.Қ.Бекетова, Е.Ж.Дербiсов, А.М.Қонаев, Е.Ә.Мәмбетқазиев, О.М.Рымжанов, К.Ә.Сағадиев, Қ.С.Саудабаев, О.О.Сүлейменов, Қ.С.Сұлтанов, М.Ф.Үркiмбаев, М.Ж.Шайжүнiсов;
үшiншi тармақтағы "Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы", "мемориялдық мұражай" сөздерi тиiсiнше "Қазақстан Республикасының Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясы", "Қазақстан Республикасының Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясының ғылыми мекемесi" сөздерiмен ауыстырылсын;
аталған қаулыға тiркелген қосымшаның 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Қазақстан Республикасының Баспасөз және бұқаралық ақпарат iстерi жөнiндегi ұлттық агенттiгi Қазақстан Республикасы Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясының "Әуезов үйi" ғылыми-мәдени орталығымен бiрлесе отырып, мерейтойлық басылымдарды, соның iшiнде
М.Әуезовтың академиялық шығармалар жинағын, "М.Әуезов" энциклопедиялық сөздiгiн, "Әуезов тағлымы кiтабын қайта басып шығаруға және ЮНЕСКО-ның баспа бөлiмiмен бiрлесе отырып М.Әуезовтың "Абай жолы" романын француз тiлiнде шығару мүмкiншiлiгiн қарастыруға кiрiсетiн болсын". Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 6 ақпандағы N 164 қаулысына қосымша М.Әуезовтың туғанына 100 жыл толуына әзiрлiк және оны өткiзу жөнiндегi Республикалық штабының ҚҰРАМЫ Тасмағамбетов И.Н. - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары, Штаб жетекшiсi Аманшаев Е.А. - Қазақстан Республикасының Үкiметi Аппараты Әлеуметтiк-мәдени даму бөлiмiнiң сектор меңгерушiсi Асқаров Ә.А. - Қазақстан Республикасы Баспасөз және бұқаралық ақпарат iстерi жөнiндегi ұлттық агенттiк төрағасының орынбасары (келiсiм бойынша) Бейменов Ә. - Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгi Басшысының орынбасары, Ұйымдастыру-бақылау бөлiмiнiң меңгерушiсi (келiсiм бойынша) Бижанов А.Қ. - Қазақстан Республикасы Президентiнiң Iшкi саясат бөлiмiнiң меңгерушiсi (келiсiмi бойынша) Досмұхамедов Т.М. - Қазақстан Республикасының Жастар iсi, туризм және спорт министрi Жұртбаев Т.Қ. - Қазақстан Республикасы Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясының "Әуезов үйi" ғылыми-мәдени орталығының директоры Қошанов А.Қ. - Қазақстан Республикасы Ғылым министрлiгi-Ғылым академиясы Қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар бөлiмшесiнiң төрағасы (академик-хатшы) Құлыбаев А.А. - Қазақстан Республикасының Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрi Матыжанов К.С. - Қазақстан Республикасы Үкiметi Аппараты Әлеуметтiк-мәдени даму бөлiмiнiң консультанты Мұқашев Ж.Ж. - Қазақстан Республикасы Қаржы Министрiнiң бiрiншi орынбасары Оразалин Н.М. - Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының бiрiншi хатшысы (келiсiмi бойынша) Сатыбалдиев Е.Ә. - "Қазақстан теледидары мен радиосы" республикалық корпорациясының президентi (келiсiмi бойынша) Сүлейменов Қ.Ш. - Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрi Сұлтангазин Ө.М. - Қазақстан Республикасы Ғылым министрi-Ғылым академиясының президентiнiң бiрiншi орынбасары - вице-президентi Хамзаев А.Н. - Қазақстан Республикасы сыртқы iстер министрiнiң орынбасары Қасейiнов Д.Қ. - Қазақстан Республикасының Бiлiм және мәдениет министрлiгi Мәдениет департаментiнiң директоры, жетекшiнiң орынбасары <*> Метте В.Л. - Шығыс Қазақстан облысының әкiмi, жетекшiнiң орынбасары <*> Баймағамбетов С.З. - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесiнiң Үкiмет шешiмдерiн әзiрлеудi үйлестiру бөлiмiнiң консультанты <*> Ыбыраев Ш. - Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым академиясы Әдебиет және өнер институтының директоры <*> Ыдырысов Е.Ә. - Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрiнiң бiрiншi орынбасары Қонаев Д.А. - Халықаралық М.Әуезов қорының президентi <*> Тоқсейiтов Р.Қ. - Қазақстан Республикасы Бiлiм және мәдениет министрiнiң орынбасары (вице-министрi) <*> Храпунов В.В. - Алматы қаласының әкiмi <*> ЕСКЕРТУ. Құрам өзгертiлдi - ҚРҮ-нiң 1997.09.04. N 1322 қаулысымен. P971322_