1. Ғылым министрлiгi - Ғылым Академиясы Зоология және жануарлар генофонды институтына екi еркек және үш ұрғашы арқар, оның iшiнде 1997 жылы - екi еркек және бiр ұрғашы және 1998 жылы - екi ұрғашы арқар аулауға рұқсат етсiн.
Аулау "Қызыл кiтапқа енгiзiлген хайуанаттарды шектеп алудың мүмкiндiктерiн зерделеу жөнiндегi ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 28 наурыздағы N 348 P950348_ қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 10, 120-құжат) орман шаруашылығы органдарына 1997 жылға арнап бекiтiлген арқар аулау лимитiнiң есебiнен жүргiзiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Экология және биоресурстар министрлiгi 1997-1998 жылдары аталған жануарларды аулауға уақтылы рұқсат берiлуiн қамтамасыз етсiн және олардың пайдаланылуына бақылау орнатсын.
3. Қазақстан Республикасының Ғылым министрлiгi - Ғылым Академиясы ғылыми тәжiрибенiң жүргiзiлуiне бақылау орнатсын және жасалған зерттеулердiң нәтижелерi туралы Қазақстан Республикасының Үкiметiне хабарлап отырсын.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi