Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Корея Республикасы Үкiметiнiң арасындағы Ғылыми және технологиялық ынтымақтастық туралы келiсiмдi бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1997 жылғы 30 қаңтар N 126

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. 1996 жылы 16 мамырда Сеул қаласында қол қойылған Қазақстан

 

Республикасының Үкiметi мен Корея Республикасы Үкiметiнiң арасындағы

Ғылыми және технологиялық ынтымақтастық туралы келiсiм бекiтiлсiн.

     2. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi Қазақстан

Республикасы Үкiметiнiң қабылдаған шешiмi туралы белгiленген

тәртiппен Корея жағын хабардар етсiн.


     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрi


            ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҮКIМЕТI МЕН КОРЕЯ

    РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҮКIМЕТI АРАСЫНДАҒЫ ҒЫЛЫМИ ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ

                      ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ


                              КЕЛIСIМ



 
       Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Корея Республикасының

 

Үкiметi (бұдан әрi "Уағдаласушы Тараптар" деп аталады),

     олардың ғылыми және технологиялық ынтымақтастыққа жәрдемдесудегi

өзаралық мүддесiн қуаттай отырып,

     мұндай ынтымақтастықтың екi ел арасындағы достық қатынастарды

нығайтуға жәрдемдесетiнiн назарға ала отырып,

     ғылым және технология саласындағы ынтымақтастықтың екi елге

әкелетiн пайдасын жете түсiне отырып,

     төмендегiлер жөнiнде келiстi:


                                1-бап



 
       Уағдаласушы Тараптар олардың заңдары мен ережелерiне сәйкес екi ел арасындағы ғылым және технология саласындағы ынтымақтастықты тең құқықтық пен өзара пайда негiзiнде көтермелейдi және жәрдемдеседi, және де өзара келiсiм бойынша осындай ынтымақтастықтың салалары мен объектiлерiн анықтайды.
                                 2-бап
 
      Осы Келiсiмде айтылып отырған ынтымақтастықтың нысандарына мыналар кiредi:
      а) ғалымдар, зерттеушiлер, техникалық персонал және сарапшылармен алмасу;
      б) зерттеулердiң нәтижелерiмен, жарияланымдармен және ғылыми-технологиялық ақпаратпен алмасу;
      в) бiрлескен семинарларды, симпозиумдарды, басқа кездесулердi және ғылым мен технология саласында оқуларды ұйымдастыру;
      г) өзара мүдденi бiлдiретiн тақырыптар бойынша бiрлескен зерттеу жобаларын орындау;
      д) ғылыми және технологиялық ынтымақтастықтың өзара келiсiлуi мүмкiн кез келген басқа да нысандары.
 

                                3-бап



 
 
       Ғылыми және технологиялық ынтымақтастықты дамыту мақсатымен Уағдаласушы Тараптар, мүмкiн болған жерде, екi ел үкiметтiк мекемелерi, зерттеу институттары, университеттерi және кәсiпорындары арасында ынтымақтастық жөнiндегi бiрлескен жобалар мен бағдарламалардың шарттары, атқарылуға тиiс процедуралар, қаржылық жағдайлары және басқа мәселелер көрсетiлген жеке келiсiмдердiң жасалуын көтермелейтiн болады. Мұндай жеке келiсiмдер екi елдiң заңдары мен ережелерiне сәйкес жасалатын болады.
 

                                4-бап



 
 
       Уағдаласушы Тараптар осы Келiсiм бойынша бiрлескен қызметтi үйлестiру мен дамыту үшiн екi Үкiмет тағайындаған өкiлдерден тұратын Бiрлескен Комитет құрады.
      Комитет өзара келiсiм арқылы осы Келiсiм бойынша бiрлескен қызметтiң дамуына шолу жасау және ынтымақтастықтың жаңа салалары мен бағдарламаларын анықтау, сондай-ақ осы Келiсiмге қатысы бар басқа мәселелердi талқылау мақсатында мезгiл-мезгiл мәжiлiс жасайтын болады.
 

                                5-бап



 
 
       1. Бiреудiң меншiгi болып табылмайтын ғылыми және технологиялық ақпарат және бiрлескен қызмет барысында алынған, коммерциялық немесе өнеркәсiптiк себептермен құпия болып табылмайтын басқа ақпарат, егер өзге уағдаластық болмаса, осы процеске қатысушы мекемелер әдеттегi процедураларды сақтағанда дәстүрлi арналар арқылы ғылыми қоғамдастық үшiн ашық болуға тиiс.
      2. Осы Келiсiм бойынша бiрлескен қызмет барысында алынған интеллектуалдық меншiкке байланысты мәселелер жеке келiсiмдерде көрсетiлуге тиiс.
 

                                6-бап



 
 
       Осы Келiсiм екi Тараптың әрқайсысы жасаған басқа халықаралық шарттар немесе келiсiмдерден туындайтын кез келген мiндеттемелердiң заңдылығына немесе атқарылуына әсер етпейдi.
 

                                7-бап



 
 
       1. Осы Келiсiм Уағдаласушы Тараптар осы Келiсiмнiң күшiне енуi үшiн қажеттi процедуралардың бәрi орындалғаны туралы бiр-бiрiне мәлiмдеген күннен бастап күшiне енедi.
      2. Осы Келiсiм 5 жыл бойында күшiнде қалады және Уағдаласушы Тараптар қайсыбiрi өзiнiң осы Келiсiмдi бұзғысы келетiн ниетi туралы екiншiсiне алдын ала 6 ай бұрын жазбаша түрде хабарлағанға дейiн күшiнде қала бередi.
      3. Осы Келiсiм өзара келiсiм бойынша түзетiлуi мүмкiн. Осы Келiсiмдi кез келген қайта қарау немесе бұзу осы Келiсiм бойынша осындай қайта қарау немесе бұзу күнiнен дейiнгi болған құқықтар немесе мiндеттемелерге нұқсан келтiрiлмей атқарылатын болады.
      Жоғарыда айтылғандарды растау үшiн өздерiнiң құрметтеушi

 

Үкiметтерiнен өкiлеттiк алған, төменде қол қоюшылар осы Келiсiмге қол

қойды.


     Сеул қаласында 1995 жылы 16 мамырда екi дана болып, әрқайсысы

қазақ, корей және ағылшын тiлдерiнде жасалды, сондай-ақ барлық

мәтiндердiң күшi бiрдей. Түсiндiруге қатысты пiкiр алшақтығы туған

жағдайда ағылшын тiлi басым болып саналады.


     ҚАЗАҚСТАН                                   КОРЕЯ

     РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ                             РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

     ҮКIМЕТI ҮШIН                                ҮКIМЕТI ҮШIН