Шет елдермен ынтымақтастық жөнiндегi үкiметаралық комиссиялардың (комитеттер, кеңестер) төрағалары туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1997 жылғы 27 қаңтардағы N 114

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Үкiметаралық комиссиялардың (кеңестердiң) Қазақстан жағының:
      Дүйсенов Д.Т. - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары:
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 7 тамыздағы N 980 қаулысымен P960980_ бекiтiлген Г.Г.Штойкты босата отырып, Экономикалық ынтымақтастық жөнiндегi қазақстан-герман кеңесiнiң;
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 12 наурыздағы N 303 қаулысымен P960303_ бекiтiлген Г.Г.Штойкты босата отырып, экономикалық ынтымақтастық жөнiндегi қазақстан-француз жұмыс тобының;
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 8 ақпандағы N 137 қаулысымен P950137_ бекiтiлген Г.Г.Штойкты босата отырып, сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөнiндегi қазақстан-қытай комиссиясының;
      Коржова Н.А. - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрi - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 7 тамыздағы N 980 қаулысымен P960980_ бекiтiлген П.И.Крепакты босата отырып, сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөнiндегi қазақстан-монғол комиссиясының;
      Қажыбаев А.Қ. - Өнеркәсiп және сауда министрiнiң орынбасары Қазақстан Республикасы Өнеркәсiп және сауда министрлiгiнiң жанындағы Қорғаныс өнеркәсiбi жөнiндегi комитеттiң төрағасы;
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 7 тамыздағы N 980 қаулысымен бекiтiлген А.Ж.Жұмабаевты босата отырып, сауда-экономикалық байланыстар мен ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөнiндегi қазақстан-румын комиссиясының;
     Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 7 тамыздағы N 980 қаулысымен бекiтiлген А.Ж.Жұмабаевты босата отырып, сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөнiндегi қазақстан-болгар комиссиясының;
      Оспанов Х.А. - Өнеркәсiп және сауда министрi - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 4 қаңтардағы N 14 қаулысымен P960014_ бекiтiлген Е.Ә.Өтембаевты босата отырып, сауда-экономикалық ынтымақтастық жөнiндегi қазақстан-оңтүстiк корея комиссиясының төрағалары болып бекiтiлсiн.
      2. Үкiметаралық комиссиялардың Қазақстан бөлiгi құрылсын және:
      Оспанов Х.А. - Өнеркәсiп және сауда министрi - Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөнiндегi қазақстан-швейцар бiрлескен комитетiнiң;
      Қажыбаев А.Қ. - Өнеркәсiп және сауда министрiнiң орынбасары, Қазақстан Республикасы Өнеркәсiп және сауда министрлiгiнiң жанындағы Қорғаныс өнеркәсiбi жөнiндегi комитеттiң төрағасы - сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөнiндегi қазақстан-словак аралас комиссиясының төрағалары болып бекiтiлсiн.
      3. "Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасы арасындағы сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөнiндегi үкiметаралық комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 4 қаңтардағы N 14 қаулысының күшi жойылған деп танылсын.
     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрi