"Балқашмыс" акционерлiк қоғамының мәселелерi

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1997 жылғы 16 қаңтар N 80

Қолданыстағы
      Мыс өндiрiсiнiң қаржылық жай-күйiн тұрақтандыру және түстi металлургияны одан әрi дамыту үшiн жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi заңмен белгiленген тәртiпте:
      "Балқашмыс" акционерлiк қоғамы акционерлерiнiң жалпы жиналысында аталған акционерлiк қоғамның мемлекеттiк акцияларының пакетiн 1-қосымшаға сәйкес мүлiкке айырбастау туралы мәселенi қарасын;
      1-қосымшаға сәйкес мүлiктi Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне сату үшiн берсiн;
      2-қосымшаға сәйкес "Балқашмыс" акционерлiк қоғамының балансында тұрған әлеуметтiк инфрақұрылым объектiлерiн тұрған жерi бойынша атқарушы органдарға берсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi заңмен белгiленген тәртiпте 1-қосымшаға сәйкес мүлiктi сату жөнiнде тендер өткiзсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгi белгiленген тәртiпте жоғарыда аталған тендердiң жеңiмпаздарына Қоңырат, Саяқ, Тастау, Қаратас, Сарықұм, Бозшакөл, Көктау кен орындарының жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операциялар жүргiзу құқығына арналған тиiстi лицензияларды ресiмдесiн.
      4. Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлiгi белгiленген тәртiпте тендер жеңiмпазымен жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзуге арналған қажеттi контрактiлердi жасасын.
      5. Қазақстан Республикасының Жер қатынастары және жерге орналастыру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi белгiленген тәртiпте жоғарыда аталған тендер жеңiмпазына жер қойнауын пайдалануға арналған тиiстi құқығын ресiмдесiн.
      6. Жезқазған облысының әкiмi 2-қосымшаға сәйкес әлеуметтiк инфрақұрылым объектiлерiнiң шығынсыз жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету жөнiндегi нақты бағдарламаны әзiрлесiн.
      7. 3-қосымшаға сәйкес құрамда осы қаулыны жүзеге асыру мәселелерiн үйлестiру жөнiндегi комиссия құрылсын.
      8. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрiнiң орынбасары Д.Т. Дүйсеновке жүктелсiн.
     9. Мыналардың күшi жойылған деп танылсын:
     "Балқашмыс акционерлiк қоғамын құру және мемлекеттiк акциялар
пакетiнiң бiр бөлiгiн сату туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер
Кабинетiнiң 1995 жылғы 11 тамыздағы N 1118 қаулысының 5-тармағы,
6-тармағының үшiншi, төртiншi, алтыншы, жетiншi, сегiзiншi абзацтары;
     Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 1996 жылғы 9
қыркүйектегi N 425 өкiмi.

     Қазақстан Республикасы
       Премьер-Министрiнiң
       бiрiншi орынбасары
                                       Қазақстан Республикасы
                                           Үкiметiнiң
                                      1997 жылғы 16 қаңтардағы
                                          N 80 қаулысына
                                           1-қосымша

            "Балқашмыс" акционерлiк қоғамының құрамынан шығарылатын
                          негiзгi құралдар мен мүлiктер

     Қоңырат кенiшi, оның iшiнде:

     кен орны
     темiржол цехы
     автотрактор учаскесi
     шарошты бұрғылау учаскесi
     тұрмыстық комбинат
     жөндеу-механикалық база
     электр жөндеу цехы
     байланыс
     завод басқармасы

     Саяқ кенiшi, оның iшiнде:

     Саяқ-1 кен орны
     Тастау кен орны
     мрамор өнiмдерiн шығаратын цех
     жарылыс учаскесi
     темiржол цехы
     жөндеу-механикалық цехы
     бақылау-өлшеу аспаптары учаскесi
     басқарма
     техжабдықтау
     байыту фабрикасы
     Шихта дайындау цехы
     Мыс балқыту цехы
     Мыс электролиздеу цехы
     Күкiртқышқылды цех
     Металлургия пештерiн жөндеу цехы
     Тазарту цехы
     Эмаль өткiзгiштер жасау жөнiндегi цех
     Жөндеу-механикалық заводы
     Жылу-электр орталығы
     Темiржол цехы
     Автокөлiк цехы (N330ЦМ цехымен)
     Орталық энергия-жөндеу цехы
     Құрылыс жөндеу-монтаждау басқармасы
     Монтаждау-жөндеу цехы
     Оттегi-компрессор цехы
     Желiлер мен кiшi станциялар цехы (бөлiк)
     Жылусужабдықтау цехы (бөлiк)
     Ғылыми-зерттеу орталығы
     Орталық лаборатория
     Байланыс цехы
     Бұрғылаужарылыс учаскесi
     Құрылыс-монтаж басқармасы
     Силикат кiрпiшi цехы
     Материалдық-техникалық қамтамасыз ету цехы
     Акционерлiк қоғам басқармасы
     Газ қызметi
     Профилакторий
     "Балқаш" демалыс үйi
<*>

     Қонақ үй кешенi
<*>

     Өрт күзетi
     Күзет
     Азаматтық қорғаныс
     Жұмысшы жабдықтау басқармасы

     
<*>
Ескерту: Сатып алушымен келiсiм бойынша жалға берiледi

     Мүлiктiк кешен:

     Шилiсай КБК
     Көктау кенiшi
     салынып жатқан Бозшакөл КБК

                                       Қазақстан Республикасы
                                           Үкiметiнiң
                                      1997 жылғы 16 қаңтардағы
                                          N 80 қаулысына
                                           2-қосымша

            "Балқашмыс" акционерлiк қоғамының жергiлiктi атқару
        органдарының балансына берiлетiн әлеуметтiк сала объектiлерi

     Тұрғын үй-жөндеу
     пайдалану басқармасы
     Желiлер мен кiшi станциялар цехы (бөлiк)
     Жылусужабдықтау цехы (бөлiк)
     Шаруашылық цехы
     Мектепке дейiнгi балалар мекемелерi
     "Көгiлдiр толқын" пионер лагерi
     "Гренада" пионер лагерi

     Қоңырат кенiшi бойынша

     Жөндеу-құрылыс цехы
     Желiлер мен кiшi станциялар цехы
     Жылусужабдықтау
     Көгалдандыру
     Терi өңдеу жөнiндегi цех
     Клуб

     Саяқ кенiшi, оның iшiнде:

     ЖСЖ, ЖКСЦ
     Қосалқы шаруашылық

                                       Қазақстан Республикасы
                                           Үкiметiнiң
                                      1997 жылғы 16 қаңтардағы
                                          N 80 қаулысына
                                           3-қосымша

                         Комиссия құрамы:

     Қалмырзаев С.С.    - Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк
                          мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк
                          комитетiнiң төрағасы, төраға

     Утепов Э.К.        - Қазақстан Республикасының Жекешелендiру
                          жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң төрағасы,
                          төрағаның орынбасары

     Оспанов Х.А.       - Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және
                          сауда министрi, төрағаның орынбасары

     Андрющенко А.И.    - Қазақстан Республикасы Экономика министрiнiң
                          орынбасары

     Мазуренко В.П.     - Балқаш қаласының әкiмi

     Менжулин Б.И.      - Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң
                          орынбасары

     Молоканов А.А.     - Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк
                          мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк
                          комитетi төрағасының орынбасары, Қазақстан
                          Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару
                          жөнiндегi мемлекеттiк комитетi жанындағы
                          Кәсiпорындары қайта ұйымдастыру жөнiндегi
                          агенттiктiң директоры

     Смайылов Е.Б.      - Жезқазған облысының әкiмi

     Фельд Е.Д.         - "Қазкоммерцбанк" ААҚ-ы Басқармасы
                          төрағасының орынбасары