Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 16 шiлдедегi N 908 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 14 қаңтардағы N 57

Қолданыстағы

     Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
     "Қарағанды көмiр бассейнiнiң кәсiпорындарын қаржы-экономикалық
сауықтыру жөнiндегi қосымша шаралар туралы" Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң 1996 жылғы 16 шiлдедегi N 908 қаулысының 2-қосымшасына
мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
     қарыздар құрылымын бағалау және талдау, оларды өтеу тетiгi мен
мерзiмдерiн белгiлеу жөнiндегi комиссияның құрамына мыналар енгiзiлсiн:

     Розе В.Е.         - Меммүлiктi басқару жөнiндегi Қарағанды
                         аумақтық комитетiнiң төрағасы, Қарағанды
                         облысы әкiмiнiң орынбасары, комиссия
                         төрағасы

     Қынатов М.П.      - Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Медетшi
                         банкi басқармасы төрағасының бiрiншi
                         орынбасары, төрағаның орынбасары;

     аталған құрамнан Б.М.Имашев, М.С.Итеғұлов шығарылсын.


     Қазақстан Республикасы
       Премьер-Министрiнiң
       бiрiншi орынбасары