Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 31 желтоқсан N 1759

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      "Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласын басқарудың құрылымын қайта құру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 28 шiлдедегi N 1033 қаулысындағы 6-тармақтың үшiншi абзацының күшi 1997 жылдың 1 қаңтарынан бастап жойылған деп танылсын;
      "Тұрғын үйдi ұстау мен тұрғын үй-коммуналдық қызметiн көрсетуге ақы төлеудiң жаңа принциптерiне көшу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 12 сәуiрдегi N 437 қаулысының 7-тармағындағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 16, 131-құжат) "заңда

белгiленген тәртiпте белгiлi бiр елдi мекен үшiн бекiтiлген бiрыңғай
ставкалар, тарифтер және нормативтер бойынша" деген сөздер "заңда
белгiленген тәртiпте бекiтiлген бiрыңғай ставкалар, тарифтер және
нормативтер бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын.

     Қазақстан Республикасы
       Премьер-Министрiнiң
       бiрiншi орынбасары