Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 16 тамыздағы N 1126 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1996 жылғы 31 желтоқсандағы N 1746

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      "Қазақстан Республикасы салық қызметi органдарының кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын жеке тұлғаларға патенттер беру тәртiбi туралы Ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 16 тамыздағы N 1126 P951126_ қаулысымен бекiтiлген "Қазақстан Республикасы салық қызметi органдарының кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын және тұлғаларға патенттер беру тәртiбi туралы Ережеге /Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 28, 336-құжат/ мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:

 

     4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

     "Егер жеке кәсiпкер айналысуға ниет бiлдiрген қызмет қолданылып

жүрген заңдарға сәйкес лицензияланатын болған жағдайда, онда салық

төлеу тәртiбiн айқындау мақсатында оған патенттер беру мен мұндай

кәсiпкердi салық есебiне қол қою ол белгiленген тәртiппен уәкiлеттi

мемлекеттiк органнан лицензия алған соң жүзеге асырылады".


     Қазақстан Республикасы

       Премьер-Министрiнiң

       бiрiншi орынбасары