Орталық және атқарушы органдардың көрсеткен қызметкерлерi үшiн төлемдер алуды ретке келтiру жөнiндегi шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 31 желтоқсандағы N 1745 Қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 9 ақпандағы N 124 қаулысымен (P050124)

Күшін жойған

      Тұтынушылардың мүдделерiн қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: 
      1. Орталық және жергiлiктi атқарушы органдарға (бұдан әрi - мемлекеттiк органдарға) Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделмеген қызмет көрсету үшiн төлемақы алуға, сондай-ақ өздерiне жүктелген мемлекеттiк функцияларды орындауды мемлекеттiк емес нысандағы шаруашылық жүргiзушi субъектiлерге беруiне тиым салынсын. 
      2. 1997 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекеттiк органдар көрсеткен ақылы қызметтен түскен қаражат, егер Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде өзгедей көздемеген болса, республикалық немесе жергiлiктi бюджеттердiң кiрiсiне есептелуi тиiс. 
      3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi мемлекеттiк органдардың ақылы қызмет көрсетуден түскен қаражаты бюджетке уақытылы аударылуын есепке алуды және бақылауды жүзеге асырсын. 
      4. Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетi: 
      1997 жылдың 15 қаңтарына дейiн мемлекеттiк органдар көрсететiн ақылы қызметке баға белгiлеудiң әдiстемесiн әзiрлесiн; 
      1997 жылдың 1 сәуiрiне дейiн: 
      мемлекеттiк органдар көрсететiн қызметтер үшiн төленетiн ақының мөлшерiн оларды орындауға жұмсалған шығындарға сүйенiп (егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе) қайта қарасын; 
      көрсетiлетiн ақылы қызметтердiң тiзбесiн, Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес ақылы қызмет көрсететiн мемлекеттiк органдарды, сондай-ақ әрбiр қызмет үшiн төлем ақы мөлшерiн атап көрсете отырып, бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын. 
      Көрсетiлген қызметтер үшiн негiзделмеген төлем ақы алуға жол берген, сондай-ақ оны белгiленген мөлшерден асырып алған мемлекеттiк органдардың кiнәлi адамдарын, тиiстi ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялай отырып, қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жауапқа тартуға шаралар қабылдасын. 
      Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң және Қаржы министрлiгiнiң келiсiмi бойынша 1997 жылдың 1 ақпанына дейiн министрлiктер, мемлекеттiк комитеттер мен өзге де орталық атқарушы органдар туралы ережелерге Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделмеген ақылы қызмет көрсету жөнiндегi тармақтарын алып тастауға қатысты өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсыныс тапсырсын. 
      5. Жергiлiктi атқарушы органдар өз шешiмдерiн осы қаулыға сәйкестендiрсiн.
      6. Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетi, Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi 1997 жылдың 1 сәуiрiне осы қаулының орындалуы туралы Қазақстан Республикасының Үкiметiне ақпарат тапсырсын.

      Қазақстан Республикасы
       Премьер-Министрiнiң
       бiрiншi орынбасары