1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң Түркия несие желiсiнiң игерiлмеген бөлiгi есебiмен Республикалық балаларды оңалту орталығының құрылысын аяқтау үшiн 3 071 305 (үш миллион жетпiс бiр мың үш жүз бес) АҚШ доллары мөлшерiнде (жоба құнының 85 процентi) қосымша қаражат бөлу туралы ұсынысына келiсiм берiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi:
берiлген несие сомасы бойынша аванстық төлемдi қамтамасыз етсiн;
1997 жылдан бастап Түрiк несие желiсi шеңберiнде жобаны қаржыландыру жөнiндегi төлемдердiң әрбiр тиiстi жылға арналған бюджетiнде негiзгi борыштар проценттерiн, қызмет көрсететiн банкiлердiң iлеспе және операциялық шығыстарын төлеуге арналған қаражат қарастырсын.
3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi және салынып жатқан Республикалық балаларды оңалту орталығы кәсiпорнының дирекциясы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Экспорт-импорт банкiне қосымша сұралатын қызметке арналған техникалық-экономикалық
негiздеменi, контрактiнi, сондай-ақ басқа да қосымша құжаттарды берсiн. 4. "Түркия Республикасының Үкiметi беретiн кредит есебiнен қаржыландырылатын жобалардың тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 2 тамыздағы N 866 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 33, 365-құжат) қосымшасына мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн: "Республикалық балаларды оңалту орталығы" жолы бойынша 3-бағандағы "16, 86" саны "18, 93" санымен ауыстырылсын. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң бiрiншi орынбасары