Қазақстан Республикасы Iшкi iстер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдарының қызмет өткеруi туралы ереженi бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 27 желтоқсан N 1644

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдарының қызмет өткеруi туралы Ереже бекiтiлсiн (қоса берiлiп отыр).
      2. "Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының қатардағы және басшы құрамының қызмет атқаруы туралы Ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 27 қаңтардағы N 73 қаулысының;

     "Iшкi iстер органдарының кадрында тұрған және арнаулы әскери
атағы бар Қазақ республикалық "Динамо" дене тәрбиесi-спорт қоғамы
қызметкерлерiнiң қызмет атқару тәртiбi мен шарттары туралы"
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 13 қазандағы 
N 861 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1992 ж., N 39, 
591-құжат) 2-тармағының екiншi абзацының күшi жойылған деп танылсын.

     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрi 
     
                                         Қазақстан Республикасы
                                               Үкiметiнiң
                                       1996 жылғы 27 желтоқсандағы
                                            N 1644 қаулысымен
                                               Бекiтiлген
     
     ЕСКЕРТУ. Мәтініндегі сөздер ауыстырылды - ҚР Үкіметінің 2000.08.21.
              N 1287 қаулысымен.  

P001287_

  
     
           Қазақстан Республикасы Iшкi iстер органдарының
             қатардағы және басшы құрамдағы адамдарының
                       қызмет өткеруi туралы 

                        I. Жалпы ережелер



      1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының Iшкi iстер органдарының қызметкерлерiнiң (бұдан әрi - iшкi iстер органдарының қызметкерлерi) қызмет атқару тәртiбiн, олардың құқықтарын, мiндеттерi мен жауапкершiлiгiн айқындайды. <*>
      ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.08.21. N 1644
               қаулысымен. P001644_
      2. Iшкi iстер органдарының қызметiнде немесе кадрында тұратын, белгiленген тәртiппен арнаулы атақтар берiлген адамдар, сондай-ақ Iшкi iстер министрлiгiнiң әскери-тергеу органдары мен әскери полициясының әскери қызметшiлерi iшкi iстер органдарының қызметкерлерi болып табылады. Оларға жеке бастары мен өкiлеттiлiктерiн куәландыратын белгiленген үлгiдегi қызметтiк куәлiктер мен жетондар берiледi. <*>
      ЕСКЕРТУ. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2000.08.21. N 1287
               қаулысымен. P001287_

      3. Iшкi iстер органдарының қызметiнде немесе кадрында тұратын адамдарға мынадай арнаулы атақтар берiледi:
                    қатардағы құрам
      қатардағы милиционер, қатардағы iшкi қызметкер;
                    кiшi басшы құрам
      полиция кiшi сержанты, iшкi қызмет кiшi сержанты, полиция сержанты, iшкi қызмет сержанты, полиция аға сержанты, iшкi қызмет аға сержанты, полиция старшинасы, iшкi қызмет старшинасы, iшкi қызмет прапорщигi, iшкi қызмет аға прапорщигi;
                    орта басшы құрам
      полиция кiшi лейтенанты, iшкi қызмет кiшi лейтенанты, полиция лейтенанты, iшкi қызмет лейтенанты, полиция аға лейтенанты, iшкi қызмет аға лейтенанты, полиция капитаны, iшкi қызмет капитаны;
                    аға басшы құрам
      полиция майоры, iшкi қызмет майоры, полиция подполковнигi, iшкi қызмет подполковнигi, полиция полковнигi, iшкi қызмет полковнигi;
                    жоғары басшы құрам
      полиция генерал-майоры, iшкi қызмет генерал-майоры, полиция генерал-лейтенанты, iшкi қызмет генерал-лейтенанты, полиция генерал-полковнигi, iшкi қызмет генерал-полковнигi, армия генералы.
      4. Iшкi iстер органдарына қызметке ұлтына, жынысына, әлеуметтiк жағдайына, дiни көзқарасына қарамастан өздерiнiң iскерлiк, жеке және адамгершiлiк қасиеттерi, бiлiмi мен денсаулық жағдайы бойынша қызметтiк мiндеттердi орындауға қабiлеттi, 18 жасқа толған және 40 жастан аспаған (қатардағы және кiшi басшы құрам лауазымдарына - 32 жастан аспаған) Қазақстан Республикасының азаматтары ерiктi негiзде қабылданады. Iшкi iстер министрлiгiнiң оқу орындарында оқуға орта бiлiмi бар, 18 жасқа толмаған адамдар қабылдана алады.
      Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң оқу орындарына қабылдаудың тәртiбiн тиiстi түрдегі Оқу орындарына қабылдаудың үлгiлiк ережелерiне сәйкес министр белгілейдi.
      Бұрын iшкi iстер органдарынан босатылған және қызметке қайта қабылданатын азаматтар үшiн жас шектеулерi, осы Ереженiң 13-тармағының талаптарына сүйенiп белгiленедi. Ерекше жағдайларда, жекелеген тәртiппен, министрдiң шешiмi бойынша iшкi iстер органдарына қызметке Қазақстан Республикасының 40 жастан асқан азаматтары ерiктi негiзде қабылданады.
      Iшкi iстер органдарына қызметке қабылданушы азаматтар қызметке жарамдылығын анықтау үшiн, мiндеттi түрде iшкi iстер органдары әскери-дәрiгерлiк комиссияларының медициналық куәландыруынан өтедi. <*>
      ЕСКЕРТУ. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2000.08.21. N 1287
               қаулысымен. P001287_
      5. Егер, Қазақстан Республикасының азаматы:
      сотпен белгiлi бiр мерзiмнiң iшiнде мемлекеттiк лауазымды атқару құқығынан айырылған;
      күшiне енген сот шешiмiмен әрекет жасауға қабiлетсiз немесе әрекет жасау қабiлетi шектеулi деп танылған;
      соттылығы бар немесе бұрын болған және қылмыстық жауаптылықтан ақтауға жатпайтын негiздер бойынша босатылған;
      мемлекеттiк қызметке орналасар алдындағы бiр жыл iшiнде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшiн тәртiптiк жауапқа тартылған;
      қызметке орналасар алдындағы бiр жыл iшiнде қасақана құқық бұзғаны үшiн сот тәртiбiмен әкiмшiлiк жаза қолданылған;
      бұрын жағымсыз себептер бойынша мемлекеттiк қызметтен шығарылған;
      алкоголизммен немесе нашақорлықпен созылмалы науқас ретiнде денсаулық сақтау және iшкi iстер органдарында есепте тұратын;
      науқасы бойынша мерзiмдi әскери қызметтен босатылған және әскери комиссариатта әскери (саптық) қызметке жарамсыз не шектеулi жарамды ретiнде есепте тұратын;
      осы Ереженiң 4 және 6-тармақтарында көзделген талаптарға жауап бермейтiн болса, iшкi iстер органдарына қызметке қабылдана алмайды. <*>
      ЕСКЕРТУ. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2000.08.21. N 1287
               қаулысымен. P001287_
     6. Iшкi iстер органдары қатардағы және басшы құрамының лауазымдары қолданылып жүрген заңнамаға сәйкес жеке келiсiм-шарттар жасасу жолымен, сондай-ақ лауазымға тағайындау арқылы атқарылады.
      Қатардағы және кiшi басшы құрамның лауазымдарына, осы Ереженiң 5-тармағының тоғызыншы абзацында көзделген жағдайларды қоспағанда, кемiнде орта бiлiмi бар және мерзiмдi әскери қызмет атқарған азаматтар, сондай-ақ қолданылып жүрген заңнамаға сәйкес мерзiмдi әскери қызметке шақырудан босатылған немесе кейiнге қалдыру құқығы бар азаматтар қабылданады. Бұл ретте олар әскери комиссариатқа растайтын құжаттар ұсынған жағдайда әскери есептен шығарылады және Iшкi iстер министрлiгiнiң органдарына арнаулы есепке берiледi. Қажет болған жағдайларда қатардағы және кiшi басшы құрамның лауазымдары Қарулы Күштердiң запасында тұрмаған әйелдермен жасақталуы мүмкiн.
      Орта басшы құрамның лауазымдарына мерзiмдi әскери қызметтен өткен және арнаулы орта, аяқталмаған жоғары және жоғары бiлiмi бар азаматтар қабылданады (қызметкерлер тағайындалады). Ерекшелiк ретiнде жедел қызмет және арнаулы мақсаттағы бөлiмшелерге орта басшы құрамның лауазымдарына Министр бекiткен бағдарлама бойынша арнаулы курстарды бiтiрген, орта бiлiмi бар азаматтар қабылдана алады.
      Мерзiмдi әскери қызметке шақырылуға жататын шақыру жасындағы азаматтар орта аға және жоғары басшы құрамның лауазымдарына жоғары бiлiмi болған жағдайда ғана қабылдана алады. Көрсетiлген азаматтар,оларды орта және аға басшы құрамның лауазымдарына аттестациялағаннан және әскери комиссариатқа растау құжаттарын ұсынғаннан кейiн әскери есептен шығарылады және iшкi iстер органдарына арнаулы есепке берiледi.
      Аға және жоғары басшы құрамның лауазымдарына жоғары бiлiмi бар азаматтар қабылданады (қызметкерлер тағайындалады). <*>
      ЕСКЕРТУ. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2000.08.21. N 1287
               қаулысымен. P001287_
      7. Iшкi iстер органдарында қызмет атқаруға үмiткерлердi iрiктеудiң тәртiбi мен шарттарын, шарт (контракт) жасауды министр айқындайды. Шартта (контрактiде) оның iстеу мерзiмi, тараптардың мiндеттемелерi тараптардың алған мiндеттемелерiн орындамауына байланысты заңды салдарлары, оның мерзiмiн ұзарту немесе қайта жасау мен өзге де шарттары көзделуi тиiс.
      Қатардағы және басшы құрамдағы адамдар олардың мәртебесiн және соған негiзделген беделiн жеке, топтық және өзге де қызметтiк емес мүдделерге пайдалануға әкелiп соқтыратын iс-әрекеттерге жол бермеу мақсатында өздерiне заңнамада белгiленген шектеулер қабылдайды. Аталған шектеу жазбаша нысанда көрсетiледi. Шектеудi қабылдамау қызметке қабылдаудан бас тартуға, одан босатуға әкеп соқтырады. <*>
      ЕСКЕРТУ. 7-тармақ толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2000.08.21. N 1287
               қаулысымен. P001287_

      8. Iшкi iстер органдарының қызметiне қабылдау, мемлекеттiк қызметшiлер кадрлары туралы республикалық деректер орталығына алдын ала сұрау салу және азаматтардың арнаулы тексеруден өту шарттары арқылы жүзеге асырылады.
      9. Iшкi iстер органдарына қызметке қабылдау министрi берген құқықтарына сәйкес тиiстi iшкi iстер органдары немесе бөлiмшелерi бастығының бұйрықтарымен ресiмделедi. Бұйрық қатардағы және басшы құрамдағы адамдарға қол қойдыру арқылы жарияланады.
      <*>
      ЕСКЕРТУ. 9-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.08.21. N 1287
               қаулысымен. P001287_
      10. Iшкi iстер органдарының қатардағы және басшы құрамының лауазымына тағайындалған немесе кадры қатарына алынған әскери мiндеттiлер, iшкi iстер органдары жүйесiнiң оқу орындарының курсанттары мен тыңдаушыларын қоса алғанда, белгiленген тәртiпте әскери есептен шығарылады және iшкi iстер органдарының арнаулы есебiнде тұрады.
      11. Iшкi iстер органдарына қатардағы, кiшi және орта басшы құрам қызметiне алғаш рет түскен адамдар кадрға есепке алынғанға дейiн Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң училищелерiнде алғашқы даярлықтан өтуi тиiс.
      Аталған училищелерде алғашқы даярлықтан өтудiң тәртiбi мен шарттарын Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi айқындайды. <*>
      ЕСКЕРТУ. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚРҮ-нiң 1997.05.16.
               N 847 қаулысымен. P970847_
      12. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң оқу орындарына, iшкi iстер органдарының қаражаты есебiнен ақы төлей отырып басқа, оның iшiнде республикадан тысқары жерлердегi оқу орындарына оқуға түскен адамдармен контракт жасалады, онда оқу орнын бiтiргеннен кейiн кемiнде он жыл iшкi iстер органдарында қызмет ету мерзiмi көзделуi тиiс. Контрактiнiң нысаны мен шарттарын министр айқындайды. Iшкi iстер министрлiгiнiң оқу орындарын бiтiрушiлер бөлуге сәйкес қызмет атқарады. <*>
      Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi оқу орындарының күндiзгi бөлiмдерiне оқуға қабылданған адамдар әскери есептен шығарылады және iшкi iстер органдарында арнаулы есепке қойылады. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң оқу орындарының орта арнаулы (аяқталмаған жоғары), жоғары бiлiм бағдарламасы бойынша күндiзгi бөлiмнiң толық курсын бiтiргендердiң оқыған уақыты мерзiмдi әскери қызмет өткеру мерзiмiне теңестiрiледi.
      Оқыған кезеңiнде қатардағы және басшы құрамның арнаулы атақтарын алған оқу орнының курсанттары мен тыңдаушыларына:
      сақталған ақшалай үлес алатындарға - бұрынғы лауазымы бойынша лауазымдық жалақысы мен дербес берiлген арнаулы атағы бойынша жалақысы және еңбек сiңiрген жылдары үшiн төленетiн проценттiк үстем ақы есебiнен;
      стипендия алатындарға - алатын стипендиясы және дербес берiлген арнаулы атағы бойынша төленетiн жалақысының есебiнен ақшалай үлес төленедi.
      Yлгере алмауына, тәртiбiнiң нашарлығына, оқығысы келмеуiне байланысты және басқа да негiздер бойынша оқудан шығарылған, сондай-ақ келiсiм-шартты бұзған Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi оқу орындарының курсанттары мен тыңдаушылары, сондай-ақ оның жолдамасы бойынша шет елдердiң оқу орындарында оқитындар iшкi iстер органдарының арнайы есебiнен шығарылады. Бұл ретте оқудан шығарылған курсанттар мен тыңдаушылар әскери есепке қою үшiн тұрғылықты жерi бойынша әскери комиссариатқа жiберiледi. <*>
      Iшкi iстер органдарының басшы құрамын даярлау факультетiне, Iшкi iстер министрлiгiнiң жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу мекемелерiнiң докторантурасына немесе күндiзгi адъюнктурасына қабылданған қызметкерлерге оқуы кезiнде оқуға жiберiлгенге дейiнгi атқарған соңғы негiзгi (уақытша атқарылған емес) штаттық лауазымы бойынша бір айлық ақшалай қамту жалақысы төленедi.
      Бұл қызметкерлердiң лауазымдық жалақылары:
      күндiзгi докторантурада оқитындардiкi:
      Iшкi iстер министрлiгiнiң жоғары оқу орындары жанындағы - тиiстi кафедра доцентiнiң лауазымдық жалақысынан;
      Iшкі iстер министрлiгiнiң ғылыми-зерттеу мекемелерi жанындағы - тиiстi бөлiмнiң жетекшi ғылыми қызметкерiнiң лауазымдық жалақысынан;
      күндiзгi адъюнктурада оқитындардiкi:
      Iшкi iстер министрлiгiнiң жоғары оқу орындары жанындағы - тиiстi кафедра оқытушысының лауазымдық жалақысынан;
      Iшкi iстер министрлiгiнiң ғылыми-зерттеу мекемелерi жанындағы - тиiстi бөлiмнiң кiшi ғылыми қызметкерiнiң лауазымдық жалақысынан аспауы тиiс.
      Күндiзгі адъюнктураға тiкелей жоғары оқу орындарын бiтiрген бойда

қабылданған басшы құрамдағы адамдарға - тиiстi кафедраның оқытушысы 
жалақысының мөлшерiнде лауазымдық жалақы, арнаулы атағы үшiн қосымша ақы, 
еңбек сiңiрген жылдары үшiн проценттiк үстеме ақы төленедi.
<*>

     ЕСКЕРТУ. 12-тармақ өзгерді және толықтырылды - ҚР Үкіметінің          
              2000.08.21. N 1287 қаулысымен.  

P001287_

 
     13. Қатардағы және кiшi басшы құрамдағы адамдар 45 жасқа дейiн
iшкi iстер органдарының қызметiнде бола алады.
     Орта, аға және жоғары басшы құрамдағы адамдар мынадай жас
шегiне дейiн iшкi iстер органдарына қызметте болады:
     полиция кiшi лейтенанттары, iшкi
     қызмет кiшi лейтенанттарынан бастап
     iшкi қызмет подполковниктерiне дейiн
     қоса алғанда                                     - 45 жас

     полиция полковниктерi,
     iшкi қызмет полковниктерi                        - 50 жас

     полиция генерал-майорлары, iшкi
     қызмет генерал-майорлары, полиция
     генерал-лейтенанттары, iшкi қызмет
     генерал-лейтенанттары                            - 55 жас

     полиция генерал-полковниктерi, iшкi
     қызмет генерал-полковниктерi, армия
     генералдары                                      - 60 жас



      Қажет болғанда қатардағы және басшы құрамдағы адамдардың келiсiмiмен, олардың қызметке жарамдылығы жағдайында, қатардағы және басшы құрамдағы лауазымдарға тағайындау құқы берiлген бастықтар, олардың қызмет өтеу мерзiмiн бес жылға дейiн ұзартуы мүмкiн.
      Ерекше жағдайларда аға басшы құрамдағы адамдардың осы мерзiмi жоғарыда айтылған тәртiппен қайтадан бес жылға дейiн, ал ғылыми дәрежесi немесе атағы бар кейбiреулерiнiкi - он жылға дейiн ұзартылуы мүмкiн. <*>
      Қызмет өткеру мерзiмiн ұзарту туралы мәселенi шешу кезiнде, қызметкерлер мiндеттi түрде олардың қызмет атқаруға жарамдылығын анықтау үшiн медициналық комиссияға жiберiледi. <*>
      Қызметте қалдыру мерзiмiн ұзарту туралы шешiм қатардағы және басшы құрамдағы адамдардың осы Ережемен көзделген негiздер бойынша iшкi iстер органдарынан босатылу мүмкiндiгiн жоймайды.
      ЕСКЕРТУ. 13-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.08.21. N 1287
               қаулысымен. P001287_
      14. Бiлiм беру ұйымдарының педагог қызметкерлерiне Қазақстан Республикасының жоғары бiлiктi ғылыми кадрларды аттестациялау саласындағы уәкiлетті органы берген тиiстi дипломы болған жағдайда, ғылым кандидаты және ғылым докторы ғылыми дәрежелерi үшiн және ғылым кандидатына бiр айлық ең төменгi жалақы мөлшерiнде және ғылым докторларына екi айлық ең төменгі жалақы мөлшерiнде қосымша ақы белгiленедi. <*>
      ЕСКЕРТУ. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2000.08.21. N 1287
               қаулысымен. P001287_
      15. Кәсiптiк даярлық деңгейiне және мамандығы бойынша дербес жұмыс iстеу стажына қарай, қатардағы және басшы құрамдағы адамдарға Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрi белгiлеген тәртiпте кластық бiлiктiлiк берiлуi мүмкiн.
      16. Iшкi iстер органдарында министр белгiлеген тәртiпте және шартпен,

мамандықтарды (лауазымдарды) немесе уақытша орнында жоқ қатардағы және 
басшы құрамдағы адамдардың мiндетiн қоса атқаруға рұқсат етiледi.
     17. Iшкi iстер органдарындағы қызметтi тоқтату үшiн мыналар
негiз болып табылады.
     а) iшкi iстер органдарынан босату;
     б) Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтату;
     в) iшкi iстер органдарының қызметкерiн белгiленген тәртiпте
хабар-ошарсыз кеткен деп тану;
     г) iшкi iстер органдары қызметкерiнiң қайтыс болуы (қаза
табуы).
     18. Қатардағы және басшы құрамдағы адамдардың соғыс уақытында
қызмет өткеру тәртiбi заңмен белгiленедi.

        II. Құқықтары, мiндеттерi және жауапкершiлiгi



      19. Iшкi iстер органдары қызметкерлерiнiң құқықтары, мiндеттерi және жауапкершiлiктерi Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдермен, антпен, жарғылармен, iшкi iстер органдары басшыларының бұйрықтарымен, сондай-ақ осы Ережемен белгiленедi. <*>
      ЕСКЕРТУ. 19-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2000.08.21. N 1287
               қаулысымен. P001287_
      20. Қатардағы және басшы құрамдағы адамдар Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген нормативтiк актiлерiне сәйкес ант қабылдайды.
      21. Қатардағы және басшы құрамдағы адамдар Республиканың бүкiл аумағында, атқаратын лауазымына және ведомство iшiндегi бағыныстылығына, уақытына қарамастан, азаматтар мен лауазымды адамдар оларға құқық бұзушылық туралы хабарласа немесе өтiнiш жасаса немесе мұндайды тiкелей өзi көрсе, құқық бұзушылықтың алдын алу мен құқық бұзушыларды ұстау және көмек қажет ететiндерге жәрдем мен оқиға болған орынды күзету, сондай-ақ жақын жердегi iшкi iстер органына хабарлау үшiн өзiне берiлген барлық құқықтарды толығымен пайдалануға мiндеттi.
      22. Iшкi iстер органдарының қызметкерлерi қолданылып жүрген заңнамамен белгiленген мөлшерлерде және нормалар бойынша ақшалай ұстауды және өзге де үлес түрлерiн алады, сондай-ақ кию үшiн,ақысыз негiзде, үлгiлерiн қатардағы және басшы құрам үшiн Қазақстан Республикасының Yкiметi, ал әскери-тергеу органдары мен әскери полицияның әскери қызметшiлерi үшiн Қазақстан Республикасының Президентi белгiлейтiн нысанды және арнайы киiм-кешекпен қамтамасыз етiледi. <*>
      Iшкi iстер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдары мен зейнеткерлерiне, 1992 жылғы 14 ақпанда Минск қаласында қол қойылған "Әскери қызметшiлердiң, әскери қызметтен босаған адамдардың және олардың отбасы мүшелерiнiң әлеуметтiк және құқықтық кепiлдiктерi туралы" Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы

мемлекеттер арасындағы Келiсiмге сәйкес Қазақстан Республикасында
қолданылып жүрген әскери қызметшiлерге арналған салық жеңiлдiктерi
қолданылады.
     ЕСКЕРТУ. 22-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.08.21. N 1287
              қаулысымен.  

P001287_

 
     23. Қатардағы және басшы құрамның адамдарын зейнетақымен қамтамасыз 
ету қолданылып жүрген заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады. 
<*>

     ЕСКЕРТУ. 23-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2000.08.21. N 1287
              қаулысымен.  

P001287_

 
     24. Iшкi iстер органдарының тұрақты тұрғын жайы жоқ қатардағы
және басшы құрамдағы адамдарына, тұрғын үй кооперативiне енгенде
және жеке тұрғын үй құрылысын салғанда немесе сатып алғанда оларға
күнтiзбелiк есеппен еңбек сiңiрген жылдарына байланысты:
     10 жылдан 15 жылға дейiн - 30%
     15 жылдан 20 жылға дейiн - 50%
     20 жылдан және одан әрi қарай - 100% әлеуметтiк норма шегiнде
пәтердiң, жеке үйдiң немесе осы мақсаттарға берiлген несие ақша
құнының бiр бөлiгi өтеледi.
     
<*>

     ЕСКЕРТУ. 24-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.08.21. N 1287
              қаулысымен.  

P001287_

 
     25. 
<*>

     ЕСКЕРТУ. 25-тармақ алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2000.08.21. N 1287
              қаулысымен.  

P001287_

 
     26.
<*>

     ЕСКЕРТУ. 26-тармақ алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2000.08.21. N 1287
              қаулысымен.  

P001287_

 


      27. Қатардағы және басшы құрамның адамдары iшкi iстер органдары жүйесiнiң оқу орындарында, басқа да жоғары және арнаулы орта, оның iшiнде Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегi оқу орындарының күндiзгi, сырттай, кешкi факультеттерiнде (бөлiмдерiнде) және қайта даярлау, бiлiктiлiгін арттыру курстарында оқи алады.
      Оқуға жiберу осы бiлiктiлiктегi мамандарға қажеттiлiкке сәйкес iшкi iстер органы басшысының рұқсатымен жүзеге асырылады. <*>
      ЕСКЕРТУ. 27-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2000.08.21. N 1287
               қаулысымен. P001287_
      28. Қатардағы және басшы құрамдағы адамдар қатарындағы жүктi әйелдер мен аналар, сондай-ақ анасыз (ол қайтыс болған, ата-аналар құқығынан айырылған, ұзақ мерзiмде емдеу мекемесiнде болған жағдайда және басқа аналық қамқорлығы болмаған жағдайларда) бала тәрбиеленушi iшкi iстер органдарының қызметкерлерi - әкелер, қолданылып жүрген заңдармен осы санаттағы адамдар үшiн белгiленген барлық құқықтар мен жеңiлдiктердi пайдаланады.
      29. Қатардағы және басшы құрамдағы адамдар тиiстi республикалық және жергiлiктi бюджеттiң қаржысы есебiнен, қолданылып жүрген заңнамаға сәйкес мiндеттi түрде жеке сақтандырылуы тиiс. Қатардағы және басшы құрамдағы адамдарға мiндеттi түрдегi медициналық сақтандыру қатынастары қолданылмайды. <*>
      ЕСКЕРТУ. 29-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.08.21. N 1287
               қаулысымен. P001287_

      30. Қатардағы және басшы құрамдағы адамдар мен олардың отбасы мүшелерiнiң өмiрiн, денсаулығын, абыройы мен намысын, мүлкiн қылмысты қол сұғудан қорғау Қазақстан Республикасының заңдарында қарастырылады.
      Қызметтiк мiндетiн атқаруына байланысты қатардағы немесе басшы құрамдағы адамдарға келтiрiлген мүлiктiк зиян белгiленген тәртiпте өтеледi.
      31. Iшкi iстер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдары мен олардың өздерiмен бiрге тұратын отбасы мүшелерi, сондай-ақ жасының келуi денсаулық жағдайы, штаттың қысқаруы, еңбек сiңiрген жылдары бойынша қызметтен зейнеткерлiкке шығарылған iшкi iстер органдарының зейнеткерлерi мен олардың отбасы мүшелерi Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң медициналық мекемелерiнде тегiн емделуге құқылы.
      Қатардағы және басшы құрам адамдарының қызмет немесе тұрғылықты жерi бойынша iшкi iстер органдары жүйесiнiң медициналық мекемелерi болмаған кезде немесе оларда тиiстi бөлiмшелер, қажеттi мамандар не арнаулы жабдықтар болмаған кезде, сондай-ақ шұғыл жағдайларда оларға медициналық көмек Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңнамасына сәйкес мемлекеттiк денсаулық сақтау ұйымдарында көрсетiледi. <*>
      Қызметтiк борышын немесе қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде мертiккен немесе сырқаттанған қатардағы және басшы құрамның адамдарын емдеуге жұмсалған қаражатты iшкi iстер органдары өтейдi. <*>
      ЕСКЕРТУ. 31-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.08.21. N 1287
               қаулысымен. P001287_
      32. <*>
      ЕСКЕРТУ. 32-тармақ алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2000.08.21. N 1287
               қаулысымен. P001287_
      33. Қатардағы және басшы құрамдағы адамдардың iшкi iстер органдарындағы қызметте болған уақыты Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес, олардың жалпы және үздiксiз еңбек стажына, сондай-ақ мемлекеттiк қызмет стажына есептеледi. <*>
      ЕСКЕРТУ. 33-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.08.21. N 1287
               қаулысымен. P001287_
      34. Қатардағы және басшы құрамдағы адамдар үшiн жұмыс уақытының ұзақтығы еңбек туралы заңға сәйкес белгiленедi.
      Қажет болған жағдайда қатардағы және басшы құрамдағы адамдар белгiленген жұмыс уақытының ұзақтығынан тыс, сондай-ақ түнде, апталық демалыс күндерi мен мереке күндерi қызмет атқаруға мiндеттi.
      Ұзақтығы белгiленген жұмыс уақытынан тыс жұмыс iстегенi үшiн және апталық демалыс күндерi мен мерекелiк күндерi жұмыс iстегенi үшiн ақы төлеу қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жүргiзiледi немесе Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрi белгiлеген тәртiпте басқа демалыс күндерi берiледi.
      35. Iшкi iстер органдарындағы, сондай-ақ оқу орындарындағы (оқу бөлiмшелерiндегi) iшкi тәртiптi әртүрлi қызметтер мен бөлiмшелердiң қызмет ерекшелiктерiн ескере отырып, олардың басшылары белгiлейдi.
      36. Қатардағы және басшы құрамдағы адамдар өздерiнен кәсiптiк, әлеуметтiк-экономикалық және еңбек құқықтары мен мүдделерiн қорғау үшiн Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес қызмет жасайтын қоғамдық бiрлестiктер құра алады.
      Iшкi iстер органдары жүйесiнде саяси мақсаттарды көздейтiн қоғамдық бiрлестiктер құруға рұқсат етiлмейдi.
      Қатардағы және басшы құрамдағы адамдар партияларда, кәсiптiк одақтарда болуға, қандай болғанда да саяси партияларды қолдануға тиiс емес.
      Қатардағы және басшы құрамдағы адамдардың лауазымы оқытушылық, ғылыми немесе өзге де шығармашылық қызметтен басқа, депутаттық мандат пен басқа да ақы төленетiн лауазымдармен, кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырумен, коммерциялық ұйымның басшылық органының немесе бақылаушылар кеңесiнiң құрамына кiрумен сыйыспайды.
      Қатардағы және басшы құрамдағы адамдарға ереуiлдер ұйымдастыру мен оларды өткiзуге және қатысуға тыйым салынады.
      Егер заңдармен өзгедей көзделмесе, аталған нормаларды бұзғаны үшiн, қатардағы және басшы құрамдағы адамдар iшкi iстер органдарынан шығарылуға дейiн тәртiптiк жауапкершiлiкке тартылады.
      37. Қатардағы және басшы құрамдағы адамдар сондай-ақ:
      а) осы Ережеге сәйкес - тәртiп бұзғаны, функционалды мiндеттерiн орындамағаны үшiн;
      б) материалдық шығын келтiргенi, әкiмшiлiк құқық бұзғаны, қылмыс жасағаны үшiн - қолданылып жүрген заңдарға сәйкес материалдық-әкiмшiлiк және қылмыстық жауапқа тартылады.
      38. Қатардағы және басшы құрамдағы адамдар өздерiне жүктелген мiндеттердi орындау кезiнде тек тiкелей және төте бастықтарына бағынады.
      Тiкелей және төте бастықтар қарамағындағыларға қауiпсiз қызмет жағдайын қамтамасыз етуге, қызмет бабында өсуге, бiлiм деңгейi мен мәдениетiн арттыруға, өзiндiк дамуына, қоғамдық және отбасылық мiндеттерiн орындауға әрi демалуына нақты мүмкiндiктер жасауға мiндеттi.
      39. Тiкелей бастықтар мен iшкi iстер органдарының басқа лауазымды адамдары осы Ереже мен қатардағы және басшы құрамдағы адамдардың қызмет атқаруына және кадрлармен жұмыс iстеу мәселелерi жөнiндегi басқа да нормативтiк актiлер талаптарының бұлжымай сақталуына дербес жауап бередi. Қатардағы немесе басшы құрамдағы адамдардың бұзылған құқығы кiдiрмей қалпына келтiрiледi, ал осындай құқық бұзуға жол берген, кiнәлi лауазымды адамдар, соның iшiнде заңмен белгiленген жағдайларда материалдық зиянды өтей отырып, жауапқа тартылады.
      40. Қызметтен заңсыз босатылған немесе лауазымы мен атағы төмендетiлген қатардағы және басшы құрамдағы адамдар бұрынғы немесе оған тең дәрежелi лауазымға қайта қабылданады және атағы қайтарылады. Адамдарды қызметке қайта қабылдау (лауазымы мен атағын қайтару) егер ол адамның қызметтен шығарылуы мен лауазымы, атағы төмендетiлуiнiң заңсыздығы туралы шешiм қабылданған сәттен бастап, үш ай iшiнде өтiнiш жасалса, ол сол күннен бастап бiр айлық мерзiмнен кешiктiрiлмей қалпына келтiрiледi. Заңсыз босатылуына, лауазымы мен дәрежесiнiң төмендетiлуiне байланысты амалсыздан жұмысқа шықпаған уақыты, iшкi iстер органдарындағы қызмет стажына (күнтiзбемен есептегенде) және арнаулы атағы бойынша еңбек сiңiрген жылдарына қосылады. Бұл ретте оларға жұмысқа себепсiз шықпаған уақыты үшiн материалдық шығыны толық көлемде өтеледi, бiрақ үш айдан аспайтын мерзiмге.
      Тергеу және анықтау органдарының қаулылары, iстердiң ақтайтын себептер бойынша тоқтауы, соттың заңды күшiне енген ақтау үкiмi, шешiмi не жұмыстан босату, лауазымын немесе атағын төмендету туралы шешiм қабылдаған немесе оларға тең және жоғары бастықтар шығарған қызметтiк тексерудiң нәтижелерi бойынша қорытынды iшкi iстер органдарындағы қызметiн, лауазымын, арнаулы атағын қалпына келтiру үшiн негiз болып табылады. <*>
      41. Қатардағы және басшы құрамдағы адамдарға, арнаулы құралдар мен атыс қаруын ұстау, сақтау және қолдану, күш жұмсау, оның iшiнде күрестiң жауынгерлiк тәсiлдерiн қолдану құқығы берiледi. Арнаулы құралдар мен тәсiлдердi, қаруды қолданғанда келтiрiлген зиян үшiн, егер олардың iс-әрекеттерi заңдарға сәйкес болса, олар жауапкершiлiкке тартылмайды.
      42. Қатардағы және басшы құрамдағы адамдарға еңбек заңдары, ол "Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi Жарлығына және осы Ережеге қайшы келмейтiндей дәрежеде қолданылады.

                     III. Арнаулы атақтар <*>
      ЕСКЕРТУ. III-тарау жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2000.08.21. N 1287
               қаулысымен. P001287_

      43. Қатардағы және басшы құрамның арнаулы атақтары iшкi iстер органдарына қызметке (оқуға) қабылданған адамдарға бiлiктiлiгi, бiлiмi, қызметке көзқарасы, еңбек сiңiрген жылдары және атқаратын штаттық лауазымы, сондай-ақ осы Ережеде көзделген басқа да шарттар ескерiле отырып жеке өзiне, сабақтас түрде берiледi.
      Сабақтастығына қарай арнаулы атақтар алғашқы және кезектi болып бөлiнедi. Бұл орайда полиция, iшкi қызмет арнаулы атағының берiлуi атқарып отырған лауазымы бойынша көзделген арнаулы атаққа сәйкес болуға тиiс.
      Қатардағы және кiшi басшы құрамның арнаулы атақтарын (алғашқы және кезектi) қатардағы және кiшi басшы құрамның лауазымдарына тағайындау құқығы берiлген бастықтар бередi.
      Орта және аға басшы құрамның алғашқы арнаулы атақтарын берудi және Iшкi iстер министрлiгiнiң кадрларына қабылдауды Министр жүргiзедi.
      44. Басшы құрамның кезектi арнаулы атақтары, осы Ережеде көзделген жағдайларды қоспағанда, кезектi атақ атқаратын штаттық лауазымы бойынша көзделген атаққа сәйкес болған жағдайда және арнаулы атақта еңбек сiңiрудiң белгiленген мерзiмi өткен соң жүйелі сабақтас түрде берiледi.
      Қарамағындағы қызметкердi кезектi арнаулы атақ беруге ұсынуды

негiзсiз кешiктiрген iшкi iстер органының бастығы тиiстi жауаптылықта 
болады.
     Кезектi арнаулы атақ берудiң осы Ережеде көзделмеген қосымша 
шарттарын белгiлеуге тыйым салынады.
     Қатардағы және кiшi басшы құрамның арнаулы атақтарында еңбек 
сiңiрудiң мынадай мерзiмдерi белгiленедi:
     полиция қатардағы қызметкерi, iшкi қызмет қатардағы қызметкерi
атағында - 3 ай;
     полиция кiшi сержанты, iшкi қызмет кiшi сержанты атағында -
1 жыл;
     полиция сержанты, iшкi қызмет сержанты атағында - 2 жыл;
     полиция аға сержанты, iшкi қызмет аға сержанты атағында - 3 жыл,
     iшкi қызмет прапорщигi атағында - 5 жыл.
     Полиция старшинасы, iшкi қызмет старшинасы, iшкi қызмет аға 
прапорщигi атағында еңбек сiңiру мерзiмдерi белгiленбейдi.
     45. Орта және аға басшы құрамның арнаулы атақтарында еңбек сiңiрудiң 
мынадай мерзiмдерi белгiленедi:
     полиция кiшi лейтенанты, iшкi қызмет кiшi лейтенанты атағында - 1 жыл;
     полиция лейтенанты, ішкi қызмет лейтенанты атағында - 2 жыл;
     полиция аға лейтенанты, iшкi қызмет аға лейтенанты атағында - 3 жыл;
     полиция капитаны, iшкi қызмет капитаны атағында - 3 жыл;
     полиция майоры, iшкi қызмет майоры атағында - 4 жыл;
     полиция подполковнигi, iшкi қызмет подполковнигi атағында - 5 жыл.


      Полиция лейтенанты, iшкi қызмет аға лейтенанты алғашқы арнаулы атағы Iшкi iстер министрлiгінiң жоғары оқу орындарын, сондай-ақ басқа да жоғары оқу орындарын бiтiрген бойда берiлген және iшкi iстер органдарында, оқу орнында алған немесе тектес мамандық бойынша қызмет өткерiп жатқан қызметкерлер үшiн полиция лейтенанты, iшкi қызмет лейтенанты атағында еңбек сiңiру мерзiмi 1 жыл болып белгiленедi.
      Полиция полковнигi, iшкi қызмет полковнигi, сондай-ақ жоғары басшы құрамның атақтарында еңбек сiңiру мерзiмi белгiленбейдi.
      46. Полиция кiшi лейтенанты, iшкi қызмет кiшi лейтенанты алғашқы арнаулы атақтары:
      қатардағы және басшы құрамның лауазымдарында тұратын, Министр бекiткен бағдарлама бойынша iшкi iстер органдарының арнаулы курстарын, басқа да министрлiктер мен ведомстволардың арнаулы орта оқу орындарын бiтiрген және орта басшы құрамның лауазымдарына тағайындалған қызметкерлерге;
      қатардағы және кiшi басшы құрамның лауазымдарында тұратын, жоғары немесе орта арнаулы оқу орындарының соңғы курстарында оқып жүрген, сондай-ақ аяқталмаған жоғары бiлiмi (үшiншi курстан төмен емес) бар және орта басшы құрамның лауазымдарына тағайындалған қызметкерлерге;
      арнаулы орта оқу орындарын бiтiрген және орта басшы құрамның лауазымдарына тағайындалған азаматтарға берiледi.
      47. Полиция лейтенанты, iшкi қызмет лейтенанты арнаулы атақтары:
      полиция кiшi лейтенанттарына, iшкi қызмет кiшi лейтенанттарына арнаулы атақта еңбек сiңiрудiң осы Ережеде белгiленген мерзiмi өткен бойда, ал жоғары оқу орындарын бiтiргендерге - бұл атақта еңбек сiңiру мерзiмiне қарамастан;
      қатардағы және кiшi басшы құрамның арнаулы атақтары бар, жоғары оқу орындарын не Iшкi iстер министрлiгiнiң арнаулы орта оқу орындарын бiтiрген және орта басшы құрамның лауазымдарына тағайындалған қызметкерлерге;
      Iшкi iстер министрлiгiнiң жоғары немесе арнаулы орта оқу орындарын күндiзгі оқу нысаны бойынша бiтiрген қызметкерлерге;
      жоғары бiлiмi бар және орта немесе аға басшы құрамның лауазымдарына тағайындалған адамдарға берiледi.
      48. Орта және аға басшы құрамның кезектi арнаулы атақтарын:
      полиция майорына, iшкi қызмет майорына дейiн қоса алғанда - облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы және республика астанасындағы, көлiктегі Iшкi iстер бас басқармаларының, басқармаларының, Iшкi iстер министрлiгi "жүйесiнiң" жоғары және арнаулы орта оқу орындарының бастықтары;
      полиция полковнигiне, iшкi қызмет полковнигiне дейiн қоса алғанда - Министр бередi.
      Жоғары басшы құрамның арнаулы атақтарын Министрдiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi бередi.
      49. Iшкi iстер министрлiгі оқу орындарының тыңдаушыларына, адъюнктерi мен докторанттарына орта және аға құрамның кезектi арнаулы атақтар, оқуға түскеннен кейiн енгiзiлген осы лауазымдар бойынша штаттағы арнаулы атақтарға өзгерiстер ескерiлместен, олар оқуға түскенге дейiн атқарған штаттық лауазымдарына сәйкес, тиiстi арнаулы атақтарда еңбек сiңiрудiң белгiленген мерзiмi аяқталған бойда; кезектi арнаулы атақтар қызметкерлер оқуды бiтiрген соң тағайындалатын штаттық лауазымдар бойынша атақтарға сәйкес болған жағдайда - оқу орнын, адъюнктураны, докторантураны бiтiрген бойда берiледi.
      50. Бiр қызметтен (бөлiмшеден), жеке құрамы үшiн өзге арнаулы атақтар белгiленген, басқа қызметке (бөлiмшеге) ауыстырылған қызметкерлерге мұндай атақтар осы Ереженiң 44-тармағында көзделген тәртiппен берiледi. Бұл ретте жаңа арнаулы атақ қызметкерде бар арнаулы атақтан төмен болмауы тиiс.
      51. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң запасында тұратын азаматқа, оны Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары басшы құрамының лауазымына тағайындағаннан кейiн, онда бар әскери атаққа сәйкес арнаулы атақ берiледi.
      Запастағы офицерлердi орта, аға және жоғары басшы құрамның лауазымдарына тағайындау кезiнде оларға, егер лауазымға тағайындау күнiне олар мiндеттi әскери қызметтi өткеру және запаста болу кезеңiнде өздерiне берiлген әскери атақтарда белгiленген мерзiмдердi өткерген болса, алғашқы арнаулы атақ олардың әскери атақтарынан бiр саты жоғары берiлуi мүмкiн.
      52. Басшы құрамның кезектi арнаулы атағы (полиция подполковнигiне, iшкi қызмет подполковнигiне дейiн қоса алғанда), қызметте жоғары нәтижелерге қол жеткiзгенi және қызметтiк мiндеттерiн үлгiлi орындағаны үшiн көтермелеу ретiнде бұған дейiнгi атақта еңбек сiңiрудiң белгiленген мерзiмi аяқталғанға дейiн немесе атқарып отырған штаттық лауазымы бойынша көзделген арнаулы атақтан бiр саты жоғары берiлуi мүмкiн.
      Арнаулы атақтар мерзiмiнен бұрын арнаулы атақта еңбек сiңiрудiң белгiленген мерзiмдерiнiң кемiнде жартысы өткенде берiледi.
      Штаттық лауазымы бойынша көзделген арнаулы атақтан бiр саты жоғары кезектi арнаулы атақ:
      арнаулы атақта еңбек сiңiрудiң белгiленген мерзiмi өткен соң - ғылыми дәрежесi немесе ғылыми атағы бар әрi оқу орнында штаттық лауазым атқаратын басшы құрамның адамдарына, оның алдындағы арнаулы атақта еңбек сiңiрудiң кемiнде белгiленген екi мерзiмi өткен соң - басшы құрамның басқа да санаттарына берiледi.
      Арнаулы атақтарды мерзiмiнен бұрын не штаттық лауазымы бойынша көзделген арнаулы атақтан бiр саты жоғары беру iшкi iстер органдарындағы қызметiнiң барлық кезеңi үшiн бiр рет жүргiзiледi.
      Бұл ретте кiшi басшы құрамның арнаулы атақтарын кiшi басшы құрамның лауазымдарына тағайындау құқығы берiлген бастықтар, ал орта және аға басшы құрамның арнаулы атақтарын - Министр бередi.
      53. Арнаулы атақта еңбек сiңiру мерзiмi сол атақты беру туралы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап есептеледi.
      Арнаулы атақ берудi заңсыз кешiктiрiлген жағдайда арнаулы атақта еңбек сiңiру мерзiмi, оның алдындағы арнаулы атақта еңбек сiңiру мерзiмi аяқталған сәттен бастап есептеледi.
      Орта басшы құрамның лауазымдарына тағайындалған, қатардағы және кiшi басшы құрамның атағы бар қызметкерлер, орта басшы құрамның арнаулы атағын беруге, бар атағында еңбек сiңiрген мерзiмiне қарамастан ұсынылады.
      54. Iшкi iстердiң тиiстi органының қарамағындағы (резервiндегi) немесе тәртiптiк жазасы бар, сондай-ақ оларға қатысты қылмыстық iс қозғалған немесе қызметтiк тәртiптi бұзу фактiлерi бойынша қызметтiк тексеру жүргiзiлiп жатқан қызметкерлердi лауазымға тағайындалғанға, тәртiптiк жазасы алынғанға, қылмыстық iс ақтайтын негiздер бойынша қысқартылғанға дейiн немесе қызметтiк тексеру аяқталғанға дейiн кезектi арнаулы атақтар беруге ұсыну жүргiзiлмейдi.

     Тәртiптiк жаза қолданудың заңсыздығы туралы шешiм қабылданған немесе 
қылмыстық iс ақтайтын негiздер бойынша қысқартылған жағдайда, қатардағы 
және басшы құрамдағы адамдарға кезектi арнаулы атақтар, кезектi арнаулы 
атақ атқарып отырған штаттық лауазымы бойынша атаққа сәйкес болған кезде, 
оны берудiң мерзiмi басталған сәттен бастап берiледi.
     55. Қызметкерлер соттың заңды күшiне енген айыптау үкiмi бойынша 
арнаулы атағынан айырылуы мүмкiн:
     кiшi басшы құрамды - кiшi басшы құрамның арнаулы атағын беру құқығы 
берiлген бастықтар;
     орта және аға басшы құрамды - Министр;
     жоғары басшы құрамды - қолданылып жүрген заңнамаға сәйкес.
     56. Арнаулы атағынан заңсыз айырылған жағдайларда, сот органдарының 
қаулыларына сәйкес бұрынғы атағын қалпына келтiру туралы шешiмдi арнаулы 
атағынан айыру туралы шешiм қабылдаған лауазымды адамдар қабылдайды.
     Арнаулы атағынан заңсыз айырылған кезең қалпына келтiрiлген арнаулы 
атақта еңбек сiңiру мерзiмiне кiредi. Арнаулы атағынан заңсыз айырылған 
адамдарға материалдық зиян толық көлемде өтеледi.
     
             IV. Лауазымға тағайындау, қызмет бабында
                     ауыстыру және жоғарылату



      58. Қатардағы, кiшi, орта, аға және жоғары басшы құрамдағы адамдар атқаратын лауазымдар мен осы лауазымдарға сай келетiн арнаулы атақтарды Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн үлгiлiк тiзбелерге сәйкес, Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрi белгiлейдi.
      59. Лауазымға тағайындауды, қызмет бабында ауыстыруды және жоғарылатуды тiкелей бастықтар өздерiне берiлген құқықтарға сәйкес жүргiзедi. Бұл ретте мынадай шарттар сақталады:
      а) қатардағы және басшы құрамдағы адамдарды лауазымға тағайындау және қызмет бабында ауыстыру кезiнде оларды негiзгi немесе тектес мамандығы бойынша немесе тәжiрибесiне сәйкес пайдалану қамтамасыз етiлуi тиiс, ал олар үшiн жаңа мамандық бойынша лауазымдарда пайдалану қажет болған жағдайда, тағайындар алдында, олар тиiстi курстарда (жиындарда) қайта даярлаудан өтуi тиiс;
      б) бос тұрған лауазымның мiндетiн уақытша атқарудың үздiксiз мерзiмi екi айдан, ал бос емес лауазым бойынша - төрт айдан аспауы тиiс;
      в) ұйымдық-штаттық шараларды жүргiзу кезiнде басшы құрамдағы адамдар 15 күннен аспайтын мерзiмге iшкi iстер органдарының қарамағына (резервiне) алынады.
      Айрықша жағдаяттардан туындайтын кейбiр ерекше кездерде 15 күннен жоғары, бiрақ екi айдан аспайтын мерзiмге Қазақстан Республикасы iшкi iстер министрiнiң рұқсатымен жiберiледi.
      Осы Ережеде белгiленген қатардағы және басшы құрамдағы адамдардың демалыстарда болуы, емдеу мекемелерiнде (әскери-дәрiгерлiк комиссияның жолдамасы бойынша дәрiгерлiк тексеруде) емделуi билiк қарамағында болу мерзiмiне есептелмейдi;
      г) қатардағы және басшы құрамдағы адамдарды қызмет бабында ауыстыру, әдетте, оларды тиiстi iшкi iстер органының қарамағына алмай-ақ жүзеге асырылуы тиiс. Тиiстi органның қарамағында тұрған адамдарды лауазымға тағайындау мүмкiндiгiнше қысқа мерзiмде, бiрақ лауазымнан босатқан күннен бастап екi айдан кешiктiрiлмей жүргiзiледi. Iшкi iстер органының қарамағында тұрған аталған адамдарды қызметте пайдалану тәртiбiн министр белгiлейдi.
      д) тiкелей бастыққа бос тұрған лауазымды шұғыл қоса атқару қажет болған жағдайда аудандық iшкi iстер бөлiмiнiң бастығынан оған тең және жоғары тұрған бастықтан бастап - осы лауазымға тағайындау құқына ие бастықтың келiсiмiмен басшы құрам адамын бiр айдан аспайтын мерзiмге уақытша тағайындауға рұқсат етiледi;
      е) орта, аға және жоғары басшы құрамдағы адамдарды басқа лауазымдарға, сондай-ақ басқа елдi мекенге шұғыл ауыстыру қажет болған кезде, бұл туралы шешiмдi, осы адамдардың даярлығы мен қызмет тәжiрибесiн, сондай-ақ оларда және олардың отбасы мүшелерiнде медициналық қарсы көрсеткiштердiң жоқтығын ескере отырып, олардың келiсiмi бойынша тиiстi тiкелей бастықтар қабылдайды.
      ж) осы Ереженiң 13-тармағымен белгiленген қызметте болудың шектi жасына жетпеген, әскери қызметке жарамды немесе бейбiт уақытта саптан тыс қызмет атқаруға жарамды деп танылған, бiрақ өзiнiң денсаулығына немесе отбасы мүшелерiнiң денсаулық жағдайы бойынша қызмет орнын (тұрғылықты жерiн) өзгертудi қажет ететiн басшы құрамдағы адамдарды басқа мекенге қызмет бабында ауыстыру әскери-дәрiгерлiк комиссияның қорытындысының негiзiнде тиiстi бастықтардың рұқсатымен жүргiзiледi;
      з) қатардағы және басшы құрамдағы адамдарды лауазымдарға тағайындау, қызмет бойынша, жедел еместен жедел лауазымдарға ауыстыру әскери-дәрiгерлiк комиссияның дәрiгерлiк куәландыруының нәтижелерi ескерiле отырып жүргiзiледi. <*>
      ЕСКЕРТУ. 59-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.08.21. N 1287
               қаулысымен. P001287_
      60. Қатардағы және кiшi басшы құрамдағы адамдарды қызмет бабында ауыстыру:
      а) жоғары лауазымдарға - қызмет бабында жоғарылату ретiнде;
      б) тең дәрежелi лауазымдарға - басқа лауазымдарға тағайындау қажет болған жағдайда немесе оларды iскерлiк және жеке қасиеттерiн ескере отырып неғұрлым орынды пайдалану, жаңа мамандыққа даярлау үшiн, сондай-ақ отбасы жағдаяты, денсаулық жағдайы немесе жасы бойынша осы адамдардың келiсiмiмен;
      в) iшкi iстер органдары жүйесiнiң оқу орындарына оқуға түсуiне

байланысты - атқаратын штаттық лауазымынан босата отырып, сондай-ақ
оқуын бiтiрген соң лауазымға тағайындалған кезде;
     г) төменгi тұрған лауазымдарға:
     штаттар қысқарған кезде немесе iшкi iстер органын қайта құру
кезiнде - осы адамдарды дәрежесi тең лауазымға ауыстыру мүмкiн
болмаған жағдайда және олардың келiсiмiмен;
     денсаулық жағдайы бойынша - әскери-дәрiгерлiк комиссияның
қорытындысы (қаулысы) негiзiнде және олардың келiсiмiмен;
     аттестациялаудың нәтижесi бойынша анықталған, қызметiне сәйкес
келмеуi бойынша;
     тәртiптiк жаза қолдану ретiнде;
     жеке өтiнiшi бойынша жүргiзiледi.
     61. Орта, аға және жоғары басшы құрамдағы адамдарды қызмет
бабында ауыстыру:
     а) жоғары лауазымдарға - қызмет бабында жоғарылату ретiнде;


      б) тең дәрежелi лауазымдарға - ұйымдық-штаттық шаралардың жүргiзiлуiне байланысты және жұмыс тәжiрибесiн ескере отырып, мамандығы бойынша неғұрлым орынды пайдалану үшiн, сондай-ақ олардың тiкелей және төте бастықтарының келiсiмiмен жеке өтiнiшi бойынша;
      в) iшкi iстер органдары жүйесiнiң оқу орындарына оқуға түсуiне байланысты - атқаратын штаттық лауазымынан босата отырып, сондай-ақ оқуын бiтiрген соң лауазымға тағайындаған кезде;
      г) мемлекеттiк, өкiлеттi және атқарушы органдарға iссапарға жiберу ретiнде;
      д) төменгi тұрған лауазымдарға:
      штатты қысқарту немесе iшкi iстер органдарын қайта құру кезiнде - (штат қысқарғанға) немесе iшкi iстер органын қайта құруға дейiнгi лауазымы бойынша жалақысына тең (немесе жоғары) жалақысы бар лауазымға тағайындалғанға дейiнгi мерзiмде бұрынғы лауазымы бойынша алған жалақысы жалақысы сақтала отырып осы адамдарды дәрежесi тең лауазымда пайдалану мүмкiн болмаған жағдайда және олардың келiсiмiмен; <*>
      денсаулық жағдайы бойынша - әскери-дәрiгерлiк комиссияның қорытындысы (қаулысы) негiзiнде; <*>
      қызмет мүддесiнде - министрдiң шешiмi бойынша жекелеген жоғары бiлiктi мамандардың лауазымдық жалақысы кейiнгi өзгерiстердi ескере отырып, соңғы атқарған лауазымы бойынша жалақысы сақтала отырып, өздерiнiң келiсiмiмен; <*>
      жеке өтiнiшi бойынша;
      аттестациялық тәртiппен, қызметiне сәйкес келмеуi бойынша; <*>
      тәртiптiк жаза қолдану ретiнде жүргiзiледi.
      Орта, аға және жоғары басшы құрамдағы адамдар Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң оқу орындарындағы басшылық және арнайы пәндер бойынша педагогтық жұмысқа тағайындалған жағдайда, олардың оқу орнына тағайындалғанға дейiнгi атқарған негiзгi (уақытша атқармаған) лауазымдық жалақысы, сақталады. Әрбiр нақты жағдайда лауазымға тағайындалғанға дейiн, оқу орны басшылығының ұсынысымен, Iшкi iстер министрлiгi кадр аппаратының қорытындысы бойынша, лауазымдық жалақыны сақтау туралы шешiмдi министр қабылдайды. <*>
      Сақталынған лауазымдық жалақыны төлеу төменгi лауазымдық қызметке төмендетiлгенде тоқтатылады. <*>
      Төмен тұрған лауазымдарға ауыстырылған қатардағы және басшы құрамдағы адамдар осы Ереженiң 63-тармағындағы талаптарын ескере отырып, кейiннен қызмет бабында жоғарылай алады.
      Қатардағы және басшы құрамдағы адамды қызмет бабында ауыстыру туралы шешiм ауыстыру негiзi көрсетiле отырып, жеке құрам бойынша бұйрықпен ресiмделедi.
      ЕСКЕРТУ. 61-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.08.21. N 1287
               қаулысымен. P001287_
      62. Қатардағы және басшы құрамдағы адамдарды қызмет бабында жоғарылату, тәртiп бойынша резервте тұрған қызметкерлер қатарынан олардың iскерлiк және жеке қасиеттерi, денсаулық жағдайы ескерiле отырып жүргiзiледi.
      63. Қызмет бабында ауыстырылған орта, аға және жоғары басшы құрамдағы адамдар iстi және лауазымын тапсырғаннан кейiн, қызмет бабында ауыстыру туралы бұйрықты немесе жазбаша хабарламаны iшкi iстер органы алған күннен бастап аталған адамдар кезектi демалыста немесе емделуде жүрген жағдайларды қоспағанда, бiр айлық мерзiмiнен кешiктiрiлмей, жаңа қызмет орнына iссапарға жiберiлуге тиiс.
      64. Өзiне қарсы қылмысты iс қозғалған және қамауда ұстау түрiнде алдын алу шарасы қолданылмаған қатардағы және басшы құрамдағы адам осы қылмыстық iс бойынша сот шешiмi қабылданғанға дейiн қылмыстық iс жүргiзу заңдарында белгiленген тәртiпте, тергеу жүргiзу кезеңiнде лауазымдық мiндетiн атқарудан шеттетiледi. Лауазымынан шеттетiлген уақыты үшiн оған ақшалай үлес толық көлемде төленедi.

                      V. Аттестациялау

      65. Қатардағы және басшы құрамдағы адамдарды аттестациялау олардың атқаратын лауазымына сай келуi мен қызметтегi келешегiн, кәсiптiк даярлығының, құқықтық мәдениетiнiң деңгейiн бағалау, адамдармен жұмыс iстеу қабiлетiнiң, қызметкерлердiң жұмысының тиiмдiлiгiн арттыру, iшкi iстер органдарының кадрларын iрiктеудi, орналастыру мен тәрбиелеудi жақсарту, олардың бiлiктiлiгiн арттыруды, ынталылығын, шығармашылық белсендiлiгiн өсiру және тапсырылған iске жауапкершiлiгiн ынталандыру мақсатында жүргiзiледi.
      66. Қатардағы және басшы құрамдағы адамдарды аттестациялаудан бұрын (ұйымдық және тәрбиелiк шаралар, аттестацияланатын адаммен жеке әңгiме өткiзу т.б.) дайындық жұмыстары жүргiзiлуi тиiс.
      67. Қатардағы және басшы құрамдағы адамдарды аттестациялау кемiнде үш жылда бiр рет өткiзiледi. Аталған адамдарды аттестациялау сондай-ақ жоғары лауазымдарға тағайындалғанда, төменгi лауазымдарға ауыстырылғанда, iшкi iстер органдарынан аттестациялау тәртiбiмен шығарғанда өткiзiледi. <*>
      ЕСКЕРТУ. 67-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.08.21. N 1287
               қаулысымен. P001287_

      68. Министрдiң шешiмi бойынша қатардағы және басшы құрамдағы адамдарды аттестациялау басқа мерзiмде де өткiзiлуiне болады.
      69. Аттестацияланушы адамның атқаратын лауазымына сәйкес келмейтiнi туралы алдын ала тұжырымдалса, аттестация мiндеттi түрде оның қатысуымен өткiзiледi.
      70. Министр мен оның орынбасарлары заңдарға сәйкес аттестациялауға жатпайды.
      Ішкi iстер органдарында 1 жылдан кем қызмет атқарған қызметкерлер жоғары тұрған лауазымға жылжытылған немесе оқуға жiберiлген жағдайлардан басқасында, сондай-ақ қатардағы және басшы құрамдағы адамдар қатарындағы әйелдер екiқабат және үш жасқа дейiнгi бала күту кезiнде аттестациялауға жатпайды. Олар қызметке шыққаннан кейiн кемiнде бiр жылдан соң аттестацияланады. <*>
      ЕСКЕРТУ. 70-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.08.21. N 1287
               қаулысымен. P001287_
      71. Аттестациялау комиссияларын кадрлар аппаратының ұсынысы бойынша iшкi iстер органдарының басшылары құрады.
      72. Аттестациялау комиссиясы қатардағы және басшы құрамдағы

адамдарды атқаратын лауазымына сәйкес емес деп таныған жағдайда ол
қайта кәсiби даярлықтан өтуге жiберiлуi, лауазымы төмендетiлуi
немесе iшкi iстер органдарынан шығарылуы мүмкiн.
     Аттестациялау комиссиясының қорытындысын iшкi iстер
органдарының басшылығы бекiтедi.
     73. Аттестация жүргiзу, оның қорытындыларын жүзеге асыру,
сондай-ақ аттестациялау кезiндегi бұзушылықтарға берiлген шағымдарды
қарау тәртiбi мен шарттарын министр белгiлейдi.

                  VI. Демалыстар

     74. Iшкi iстер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы
адамдарына:
     а) кезектi;
     б) қысқа мерзiмдi;
     в) сырқаттануы бойынша;
     г) оқуына байланысты;
     д) қосымша (зиянды жағдайда мiндеттерiн орындағаны үшiн немесе
қызметiнiң айрықша сипаты үшiн);
     е) әлеуметтiк (ана болуына және бала күтуiне байланысты)
демалыстар берiледi;
     ж) шығармашылық демалыстар берiледi. 
<*>

     ЕСКЕРТУ. 74-тармақ толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2000.08.21. N 1287
              қаулысымен.  

P001287_

 


      75. Демалыстардың ұзақтығы тәулiкпен есептеледi. Демалыстардың ұзақтығын анықтау кезiнде заңмен демалыс күндерi болып белгiленген жалпы мемлекеттiк мереке күндерi есепке алынбайды.
      Демалыс ұзақтығын анықтау кезiнде, қатардағы және басшы құрамдағы адамдардың демалыс орнына баруы мен қайту жолына кететiн уақыты есепке алынбайды.
      76. Ақылы шығармашылық демалыстар күндiзгi адъюнктурада оқып жүргендердi немесе докторантурада дайындықтан өтiп жатқандарды қоспағанда, диссертациялық жұмыстарды аяқтау, оқулықтар жазу үшiн және Министр белгiлеген тәртiппен басқа да жағдайларда берiледi. <*>
      ЕСКЕРТУ. 76-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2000.08.21. N 1287
               қаулысымен. P001287_
      77. Демалыс күндерi заңмен белгiленген тәртiпте жұмыс күнi деп жарияланған кезде, бұл күндер кезектi демалысқа қосылады.
      78. Қатардағы және басшы құрамдағы адамдарға берiлетiн кезектi демалыстың ұзақтығы 30 тәулiк.
      79. Қатардағы және басшы құрамдағы адамдарға қосымша ақылы демалыс Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң желiсi бойынша зейнетақы тағайындау кезiнде ескерiлетiн еңбек сiңiрген жылдарына қарай (күнтiзбемен есептегенде):
      а) он жылдан артық еңбек сiңiргендерге - ұзақтығы 5 тәулiк;
      б) он бес жылдан артық еңбек сiңiргендерге - ұзақтығы 10 тәулiк;
      в) жиырма жылдан артық еңбек сiңiргендерге - ұзақтығы 15 тәулiк мерзiмге берiледi.
      80. Биiк таулы мекендерде (1500 м биiктiкте және одан жоғары), тiзбесiн Қазақстан Республикасы Үкiметi анықтайтын климат жағдайы ауыр және қолайсыз жерлерде қызмет атқаратын қатардағы және басшы құрамдағы адамдарға, еңбек сiңiрген жылдарына қарамастан ұзақтығы 45 тәулiк кезектi демалыс берiледi.
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмiмен экологиялық апат аймағы деп жарияланған аймақтарда, туберкулез мекемелерiнде, бөлiмшелерiнде (учаскелерiнде), сондай-ақ ВИЧ инфекциясын жұқтырғандар мен СПИД-пен ауыратындарды ұстауға арналған мекемелерде, бөлiмшелерде (учаскелерде) қызмет атқаратын қатардағы және басшы құрамдағы адамдар ұзақтығы мен беру тәртiбi қолданылып жүрген заңдарға сәйкес айқындалатын жыл сайын қосымша демалыс алуға құқылы. <*>
      ЕСКЕРТУ. 80-тармақ толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2000.08.21. N 1287
               қаулысымен. P001287_
      81. Кезектi демалыс күнтiзбелiк жылдың iшiнде демалыстар кестесiне сәйкес берiлуi тиiс.
      Кезектi демалыс кезiнде сырқаттанып қалған қатардағы және басшы құрамдағы адамдардың демалысы олардың емделуде болған күннiң санына ұзартылады.
      Iшкi iстер органдары жүйесiнiң оқу орындарына оқуға жiберiлген қатардағы және басшы құрамдағы адамдарға, кезектi демалысы оқу орнына кеткенге дейiн берiледi.
      Қатардағы және басшы құрамдағы адамдардың iшкi iстер органына қызметке кiрген жылындағы кезектi демалысының ұзақтығы, олардың қызметке кiрген күнiнен бастап жылдың соңына дейiнгi қызмет өткерген уақытына пропорционалды түрде, қызмет өткерген әрбiр толық айы демалысының 1/12 бөлiгi болып есептеледi. Бұл ретте ұзақтығы 10 тәулiк және одан көп демалыс алуға құқылы қатардағы және басшы құрамдағы және басшы құрамдағы адамдарға жол жүруiне демалыстан тыс уақыт берiледi. Ұзақтығы 10 тәулiкке жетпейтiн кезектi демалыс, аталған адамдарға өздерiнiң қалауы бойынша келесi жылы кезектi демалысымен бiр мезгiлде берiлуi мүмкiн. <*>
      ЕСКЕРТУ. 81-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.08.21. N 1287
               қаулысымен. P001287_
      82. Демалыс алуға құқығы бар қызметкерлер оны бөлiп-бөлiп пайдалана алады. Жол жүруге арналған уақытқа демалыстың бiр куәлiгiне ғана берiледi. <*>
      ЕСКЕРТУ. 82-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2000.08.21. N 1287
               қаулысымен. P001287_
      83. Басқа министрлiктер мен ведомстволардың жоғары және орта арнаулы оқу орындарын бiтiрген бойда, iшкi iстер органдарына қызметке қабылданған адамдарға ұзақтығы 30 тәулiк демалыс берiледi.
      84. Қатардағы және басшы құрамдағы адамдарды жеткiлiктi негiзсiз, кезектi демалыстан шақырып алуға тыйым салынады. Қызмет бабында аса қажет болған жағдайда тiкелей бастықтың - облыстық iшкi iстер басқармасының бастығынан бастап, Алматы қалалық iшкi iстер Басқармасының бастығы, оған тең және жоғары тұрған бастықтарға дейiн - жазбаша бұйрығы негiзiнде, бұл адамдарды кезектi демалыстан шақырып алуға рұқсат етiледi. Бұл ретте демалыстың пайдаланылмаған бөлiгi, әдетте, ағымдағы жылы немесе келесi жылдың бiрiншi тоқсанынан кешiктiрiлмей берiледi. Егер демалыстың пайдаланылмаған бөлiгi 10 тәулiк және одан көп болса, қатардағы және басшы құрамдағы адамдарға жол жүру үшiн демалыстан тыс уақыт берiледi. Қатардағы және басшы құрамдағы адамның қалауы бойынша демалыстың пайдаланылмаған бөлiгi келесi жылғы кезектi демалысына қосылуы мүмкiн. <*>
      ЕСКЕРТУ. 84-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.08.21. N 1287
               қаулысымен. P001287_
      85. Жасының келуi, сырқаттануы, штаттың қысқаруы бойынша iшкi iстер органдарынан босатылған қатардағы және басшы құрамдағы адамдарға өздерiнiң қалауы бойынша сол жылы өздерi нақты еңбек еткен уақыт мерзiмiне кезектi демалыс берiледi немесе босатылатын жылы пайдаланбаған кезектi демалысы үшiн сол жылы қызмет еткен уақытына, бiрақ 45 тәулiктен аспайтын, пропорционалды ақшалай өтемақы төленедi.
      Iшкi iстер органдарынан босатылған қатардағы және басшы құрамдағы адамдарға (осы тармақтың 1 бөлiгiнде аталған адамдардан басқа) босатылған жылы пайдаланылмаған кезектi демалысы үшiн сол жылы қызмет атқарған уақытына пропорционалды түрде, бiрақ 45 тәулiктен аспайтын уақытқа ақшалай өтемақы төленедi.
      86. Қызметкерлерге қысқа мерзiмдi ақылы демалыс шұғыл әлеуметтiк-тұрмыстық мәселелердi, ең алдымен сырқаттануына, туысқандық борышын өтеуiне байланысты мәселелердi шешу үшiн, сондай-ақ басқа да дәлелдi себептер бойынша қызметкердiң демалысты өткiзетiн жерге барып қайтатын жолының уақыты есепке алынбастан 10 тәулiкке дейiн берiледi. <*>
      Қысқа мерзiмдi демалыс кезектi демалыстың есебiне саналмайды.
      ЕСКЕРТУ. 86-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.08.21. N 1287
               қаулысымен. P001287_
      87. Сырқаттануы бойынша демалыс қатардағы және басшы құрамдағы адамдарға iшкi iстер органдарының әскери-дәрiгерлiк комиссиясының қорытындысы негiзiнде берiледi.
      Сырқаттануы бойынша демалыстың ұзақтығы ауруының сипатына қарай анықталады. Сырқаттануына және емдеу мекемелерiнде емделуiне байланысты үздiксiз демалыста болу уақыты, қолданылып жүрген заңдармен жекелеген сырқаттар бойынша емделудiң бұдан да ұзақ мерзiмi көзделген жағдайлардан басқасында төрт айдан аспауы тиiс. Емдеу мекемесiнiң қорытындысы негiзiнде тiкелей бастықтың - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және республика астанасының, көлiктiң iшкi iстер бас басқармасының, басқармасының Iшкi iстер министрлiгi Академиясының, жоғары және арнаулы орта оқу орындарының, Республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының бастығынан, оған тең және жоғары тұрған бастықтың шешiмiмен бұл мерзiм тағы да ұзартылуы мүмкiн. Сырқаттануы және емделуi бойынша демалыста үздiксiз болудың белгiленген мерзiмi өткен соң аталған қатардағы және басшы құрамдағы адамдар өздерiнiң әрi қарай қызмет атқаруға жарамдылығы туралы мәселенi шешу үшiн әскери-дәрiгерлiк комиссияның куәландырылуынан өтуге тиiс. <*>
      Қызмет бабындағы мiндеттерiн және қызметтiк борышын орындау кезiнде жарақаттануына, контузия алуына немесе мертiгуiне байланысты қатардағы және басшы құрамдағы адамдардың емделу уақытына шек қойылмайды. Аталған адамдар медициналық куәландырылуға емделiп болған соң немесе сырқатының нәтижесi анықталған жағдайда жiберiледi.
      Жиi және ұзақ ауыратын қатардағы және басшы құрамдағы адамдарды, егер, әдетте, еңбекке жарамсыз болған күндерiнiң саны сол бiр сырқат бойынша үзiлiссiз 4 айға дейiнгінi (12 айда) немесе жыл iшiнде әртүрлi сырқаттар бойынша 5 айға дейiнгiнi құрайтын болса, емдеу-профилактикалық мекемелерiнiң ұсыныстары бойынша iшкi iстер органдарының кадр аппараттары, қызметтi одан әрi өткеруге жарамдылығын анықтау үшiн, әскери-дәрiгерлiк комиссияға медициналық куәландыруға жiбередi. <*>
      Сырқаттануы бойынша берiлген демалыс кезектi демалыстың есебiне саналмайды. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi жүйесiнiң емдеу мекемесiнiң жолдамасы бойынша емделу орнына бару және қайту жолы iшкi iстер органдарының қаржысы есебiнен төленедi.
      Қатардағы және басшы құрамдағы адамдарды қызметтен босатқан кезде сырқаттануы бойынша демалыс берiлмейдi.
      ЕСКЕРТУ. 87-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.08.21. N 1287
               қаулысымен. P001287_
      88. Iшкi iстер органдары жүйесi оқу орындарында күндiзгi оқу нысаны бойынша оқып жатқан қатардағы және басшы құрамдағы адамдарға мынадай демалыстар берiледi.
      а) ұзақтығы 14 тәулiктiк - қысқы каникулдық демалыс;
      б) ұзақтығы 30 тәулiктiк - жазғы каникулдық демалыс;
      в) оқу орнын бiтiруiне байланысты - ұзақтығы 30 тәулiктiк.
      Iшкi iстер органдары жүйесiндегi оқу орындарының сабақтарын тапсыра алмаған курсанттары мен тыңдаушыларына сабақтарын тапсырғаннан кейiн оқу бағдарламаларында белгiленген демалыстарды өткiзу мерзiмi шегiнде каникулдық демалыстары берiледi. Бұл ретте жазғы каникул демалысы 15 тәулiктен кем емес мерзiмге берiлуi керек.
      Осы Ереженiң 80 және 89-тармақтарымен көзделген қосымша демалыстар тыңдаушылар мен курсанттарға берiлмейдi.
      Iшкi iстер органдары жүйесiнiң оқу орнын күндiзгi оқу нысаны бойынша бiтiруiне байланысты демалыс, оқу бiтiрушiлерге оларды iшкi iстер органдарына лауазымға тағайындағаннан кейiн, олар жеке бөлiнген жер бойынша берiледi. <*>
      Iшкi iстер министрлiгi жүйесiнiң жоғары және арнаулы орта оқу орындарында сырттай оқу нысаны бойынша оқитын қызметкерлерге емтихан тапсыру кезеңiне ұзақтығы емтихандық сессиясының ұзақтығына тең, бiрақ бiр жылдың iшiнде қырық күннен аспайтын оқу демалыстары берiледi, бұл ретте шет елдердiң құқық қорғау (полицейлiк) органдарының оқу орындарында күндiзгi оқу нысанында оқитын тыңдаушылар (курсанттар) мен сырттай оқу нысаны бойынша 1шкi iстер министрлiгiнiң немесе басқа мемлекеттiң жоғары және арнаулы орта оқу орындарында, сондай-ақ бiлiктiлiгiн арттыру және мамандар даярлау курстарында оқитын қатардағы және басшы құрамдағы адамдарға оқу орнына темiржол көлiгiмен баруға және қайтуға арналған шығыстары өтеледi. Бiлiктiлiгiн арттыру және мамандар даярлау курстарында оқитын қызметкерлерге қызметтiк iссапарлар үшiн белгiленген тәртiппен және нормалар бойынша оқуда болған әр күнi үшiн тәулiктiк төленедi және тұрғын жай жалдау жөнiндегi шығыстары өтеледi. <*>
      Өзге оқу орындарында сырттай (кешкi) оқу нысаны бойынша оқитын қызметкерлерге еңбекақы төлеу оқу орнына бару, демалыстар беру мәселелерi "Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы" Қазақстан Республикасы Заңының нормаларымен реттеледi. <*>
      Адъюнктураға түсетiн қатардағы және басшы құрамдағы адамдарға қабылдау емтихандарына дайындалу және тапсыру үшiн ұзақтығы 30 тәулiк, ал азаматтық жоғары оқу орындарына түсетiндерге қабылдау емтихандарын тапсыру үшiн ұзақтығы 15 тәулiкке дейiн еңбекақысы сақталмайтын оқу демалысы берiледi.
      ЕСКЕРТУ. 88-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.08.21. N 1287
               қаулысымен. P001287_
      89. Үкiметтiң шешiмдерiмен белгiленген қосымша және әлеуметтiк демалыстар қатардағы және басшы құрамдағы адамдарға кезектi демалыстан тыс берiледi.
      Қызметiнiң айрықша сипатына байланысты қосымша демалыс 10 тәулiкке дейiн берiледi, iшкi iстер органдары қызметкерiнiң қалауы бойынша кезектi демалысқа қосылып және онымен бiр мезгiлде немесе жеке берiлуi мүмкiн, бұл ретте кезектегi және қосымша демалыстың жалпы үздiксiз ұзақтығы күнтiзбелiк 55 күннен аспауы тиiс.
      Зиянды жағдайда мiндеттерiн орындағаны және қызметiнiң айрықша сипаты үшiн бiр уақытта қосымша демалыс алуға құқылы қатардағы және басшы құрамдағы адамдарға қосымша демалыс олардың таңдауы бойынша тек бiр негiз бойынша ғана берiледi.
      Әлеуметтiк демалыстарды беру және оған ақы төлеу шарттары, оның ұзақтығы Қазақстан Республикасының заңдарымен айқындалған тәртiпте белгiленедi. Әлеуметтiк демалыстар кезектi демалыстан тыс берiледi.

                   VII. Қызметтен босату

      90. Қатардағы және басшы құрамдағы адамдар қызметтен:
      а) егер босатылушылар, тиiстi әскери атақтары бар және денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке жарамды адамдардың запаста болуы үшiн "Жалпыға бiрдей әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңмен белгiленген шектеулi жасқа жетпесе - запасқа (әскери есепке қойыла отырып);
      б) егер босатылушылар, тиiстi әскери атақтары бар немесе әскери-дәрiгерлiк комиссия денсаулық жағдайы бойынша әскери есептен шығара отырып, әскери қызметке жарамсыз деп таныған адамдардың запаста болуы үшiн "Жалпыға бiрдей әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасы заңымен белгiленген шектеулi жасқа жеткен болса әскери есептен шығара отырып жiберiледi. <*>
      ЕСКЕРТУ. 90-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.08.21. N 1287
               қаулысымен. P001287_
      91. Қатардағы және басшы құрамдағы адамдар қызметтен запасқа (әскери есепке қойыла отырып):
      а) зейнетақы алуға құқық беретiн еңбек сiңiрген жылдары (қызмет мерзiмi) және әскери қызметте болудың шектi жасына жетуi бойынша; <*>
      б) осы Ереженiң 13-тармағымен өздерi үшiн белгiленген қызметте болудың шектi жасына жетуi бойынша; <*>
      в) әскери қызметке жарамсыздығы немесе шектеулi жарамдылығы туралы әскери-дәрiгерлiк комиссиясының қорытындысы (қаулысы) негiзiнде - денсаулық жағдайы бойынша;
      г) штаттың қысқаруына немесе iшкi iстер органдарының қайта құрылуына байланысты басқа лауазымды пайдалану мүмкiндiгi болмаған жағдайда;
      д) контрактiнi бұзуға байланысты (қатардағы және басшы құрамдағы адамдардың кiнәсiнен контрактiнi қызмет атқару мерзiмi аяқталғанша бұзған кезде олар, соның iшiнде үлгермегенi және басқа терiс себептермен Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң оқу орындарынан шығарылған курсанттар мен тыңдаушылар өздерiне берiлген және тиiстi мерзiмi бойынша, пайдаланылмаған киiм-кешектiң, оның тозуын есепке ала отырып, құнын төлейдi);
      е) өзiнiң қалауы бойынша (қатардағы және басшы құрамдағы адамдар өзiнiң қалауы бойынша босатылған кезде, зейнетақы алуға құқылы адамдардан басқа, олар өздерiне берiлген және тиiстi мерзiмi бойынша пайдаланылмаған киiм-кешектiң, оның тозуын есепке ала отырып, құнын төлейдi);
      ж) белгiленген тәртiппен басқа мемлекеттiк органдарға (ұйымдарға) жұмысқа ауысуына байланысты;
      з) сынақ мерзiмiнiң iшiнде қызметке жарамсыздығы анықталған жағдайда;
      и) әскери-қызмет тәртiбiн ұдайы бұзғандығы үшiн (қатардағы және басшы құрамдағы адамдар осы негiздер бойынша қызметтен босатылған кезде олар өздерiне берiлген және тиiстi мерзiмi бойынша пайдаланылмаған киiм-кешектiң, оның тозуын есепке ала отырып, құнын төлейдi);
      к) аттестацияның қорытындысы бойынша қызметке сай келмеуi бойынша (қатардағы және басшы құрамдағы адамдарға осы негiздер бойынша қызметтен босатылған кезде, олар өздерiне берiлген және тиiстi мерзiмi бойынша пайдаланылмаған киiм-кешектiң, оның тозуын есепке ала отырып, құнын төлейдi);
      л) iшкi iстер органдарының қызметкерi атағына нұқсан келтiретiн терiс қылық жасағаны үшiн (қатардағы және басшы құрамдағы адамдар осы негiздер бойынша қызметтен босатылған кезде, олар өздерiне берiлген және тиiстi мерзiмi бойынша пайдаланылмаған киiм-кешектiң, оның тозуын есепке ала отырып, құнын төлейдi);
      м) заңды күшiне енген соттың айыптау үкiмiнiң шығуына байланысты шығарылады.
      ЕСКЕРТУ. 91-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.08.21. N 1287
               қаулысымен. P001287_
      92. Қатардағы және басшы құрамдағы адамдар мына негiздерде әскери есептен шығарыла отырып қызметтен:
      а) тиiстi әскери атақтары бар адамдардың запаста болу үшiн "Жалпыға бiрдей әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңымен белгiленген шектi жасқа жетуi бойынша;
      б) әскери есептен шығарыла отырып, әскери қызметке жарамсыздығы туралы әскери-дәрiгерлiк комиссияның қорытындысы негiзiнде - сырқаттануы бойынша жiберiледi. <*>
      ЕСКЕРТУ. 92-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.08.21. N 1287
               қаулысымен. P001287_
      93. Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылған қатардағы және басшы құрамдағы адамдар Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылуына байланысты iшкi iстер органдарынан босатылады.
      94. Қызметтiк мiндеттерiн орындаумен байланысты болмаса да, бiрақ көпшiлiктiң алдында iшкi iстер органдарының абыройы мен беделiне нұқсан келтiретiн iс-әрекеттер; қасақана құқық бұзушылықтар; қоғамдық орындарда iшiмдiкке немесе есiрткiге мас болған күйде жүруi, тергеудегi, сотталған адамдармен рұқсат етiлмеген байланыс жасауы, қылмыс жасаған азаматтарға демеушiлiк етуi, қызмет бабын жеке басының қамы үшiн және пайдакүнемдiк ниетпен қолдануы, оқу орындарының қызметкерлерiмен, тыңдаушыларымен және курсанттарымен жарғыдан тыс қарым-қатынастар жасауға жол беруi; мемлекеттiк және қызметтiк құпияны, iшкi iстер органдарына зиян келтiретiн оперативтiк сипаттағы ақпараттарды жария етуi сияқты iшкi iстер органдарының қызметкерлерiнiң намысына кiр келтiретiн қылықтар жасаған қатардағы және басшы құрамдағы адамдар осы Ереженiң 91-тармағының "л" тармақшасына сәйкес, iшкi iстер органдары қызметкерлерiнiң атағына дақ түсiретiн қылықтар жасағаны үшiн қызметiнен босатылады. Бұл ретте, аталған адамдарды босату осы Ереженiң 91-тармағының талаптары есепке алына отырып жүргiзiледi.
      95. Зейнетақы алуға құқық беретiн еңбек сiңiрген жылдары (қызмет мерзiмi) және әскери қызметте болудың шектi жасына жетуi бойынша, өзiнiң қалауымен қызметтен босайтын қатардағы және басшы құрамдағы адамдар жоспарлап отырған кететiн күнiнен кемiнде бiр ай бұрын өзi қабылдаған шешiм туралы iшкi iстер органының тiкелей бастығына ескертiп, ол туралы команда бойынша рапорт бередi. <*>
      Осы Ереженiң 92-тармағының "а", "б", "в", "г" тармақшаларымен көзделген негiздер бойынша қызметтен босатылатын адамдар бұл туралы, әдетте, босатылардан кемiнде екi ай бұрын хабардар етiледi. <*>
      ЕСКЕРТУ. 95-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.08.21. N 1287
               қаулысымен. P001287_
      96. Қатардағы және кiшi басшы құрамдағы адамдарды қызметтен босатуға министр осы құқықты берген бастықтар жүргiзедi.
      97. Орта, аға және жоғары басшы құрамдағы адамдарды әскери есепке қою және әскери есептен шығару арқылы босатуды:
      а) iшкi қызмет подполковнигiн қоса алғанда, полиция подполковнигiне дейiн - облыстардағы, республикалық маңызы бар қаладағы және республика астанасындағы, көлiктегi iшкi iстер бас басқармаларының, басқармаларының, Iшкi iстер министрлiгi жүйесi Академиясының, жоғары және арнаулы орта оқу орындарының бастықтары;
      б) iшкi қызмет полковнигiн қоса алғанда, полиция полковнигiне дейiн,

сондай-ақ жоғары басшы құрамдағы адамдарды - Министр жүргiзедi. 
<*>

     ЕСКЕРТУ. 97-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2000.08.21. N 1287
              қаулысымен.  

P001287_

      
     98. 
<*>

     ЕСКЕРТУ. 98-тармақ алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2000.08.21. N 1287
              қаулысымен.  

P001287_

      
     99. Iшкi iстер органдарынан босатылған, қайтыс болған, қаза
тапқан, хабарсыз жоқ болып кеткен немесе хабар-ошарсыз кеткен
қатардағы және басшы құрамдағы адамдар министр белгiлеген тәртiпте iшкi 
iстер органдарының кадрларынан шығарылады.
     100. Iшкi iстер органдарынан босатылғаннан кейiн қатардағы және
басшы құрамдағы адамдарды әскери комиссариаттар қолданылып жүрген
заңдарға сәйкес белгiленген тәртiпте әскери есепке қояды.

          VIII. Қатардағы және басшы құрамдағы адамдардың
                жекелеген санаттарының қызмет өткеру
                ерекшелiктерi



      101. Iшкi iстер органдарының қызметкерлерi Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлеген тәртiппен iшкi iстер органдарының кадрларында қалдырыла отырып, мемлекеттiк органдарға қызметке жiберiле алады. <*>
      Iссапарға жiберiлген iшкi iстер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдары орнын баса алатын республиканың мемлекеттiк, өкiлеттi және атқарушы органдарындағы лауазымдардың тiзбесiн, iссапарға жiберу тәртiбiн, көрсетiлген санаттағы адамдардың қызмет өткеру ерекшелiктерiн, оларға арнаулы атақтар берудi, оларды аттестациялауды, қызметтен босатуды, еңбекақы төлеу шарттарын, киiм-кешекпен және басқа үлес түрлерiмен қамтамасыз етудi Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
      ЕСКЕРТУ. 101-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.08.21. N 1287
               қаулысымен. P001287_
      102. Қазақстан Республикасының Үкiметi қажет болған жағдайларда олардың жасына қарамастан, бiрақ 50 жастан аспаған, бұрын iшкi iстер органдарының кадрында болмаған мемлекеттiк, өкiлеттi және атқарушы органдардың, прокуратураның, әдiлет органдарының мамандарын, жоғары оқу орындарының ғылыми қызметкерлерi мен оқытушыларын Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы лауазымдарына тағайындау үшiн жiбере алады, бұл ретте олардың еңбек сiңiрген жылдарына проценттiк үстеме төлеу мен зейнетақы тағайындау үшiн мамандығы бойынша бұрынғы жұмыс стажы, соның iшiнде аспирантура мен докторантурада оқыған уақыты белгiленген тәртiпте iшкi iстер органдарындағы қызмет стажына есептеледi. Бұл адамдарға арнаулы атақтар осы Ережемен көзделген тәртiпте берiледi.
      103. Қазақстан Республикасының депутаттары болып сайланған қатардағы және басшы құрамдағы адамдар iшкi iстер органдары қызметiнен босатылады. Олар өздерiнiң депутаттық өкiлеттiктерi аяқталғаннан кейiн, белгiленген тәртiпте iшкi iстер органдарына қайта қабылдануы мүмкiн. Бұл ретте олардың депутаттық өкiлеттiктерiн атқарған кезеңi еңбек сiңiрген жылдарына проценттiк үстеме төлеу, кезектi арнаулы атақ беру және зейнетақы тағайындау үшiн (iшкi iстер органдарынан зейнетақысын ресiмдеп, депутат болып сайлануына байланысты босаған адамдардан басқа) iшкi iстер органдарындағы қызмет стажына есептеледi.
      104. Iшкi iстер органдарының қызметкерлерi Iшкi iстер министрiнiң бұйрығымен, iшкi iстер органдары жеке құрамының тiзiмдерiнен шығарыла отырып, одан әрi қызмет атқару үшiн Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiне, басқа да әскерлерi мен әскери құрылымдарына, Ұлттық қауiпсiздiк комитетi, салық полициясы органдарына, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгiне, сондай-ақ Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң осындай құрылымдары мен құқық қорғау органдарына (халықаралық шарттардың негiзiнде) қызметке жіберiлуi мүмкiн. Қызметке жiберу iшкi iстер органы қызметкерiнiң рапорты бойынша тиiстi мемлекеттiк органдардың келiсiмiмен жеке түрде жүргiзiледi. <*>
      Жоғарыда аталған ведомстволардың қызметкерлерi iшкi iстер органдарына қызметке ауысып, қатардағы және басшы құрамының тиiстi лауазымдарына тағайындалған соң, олардың әскери және арнаулы атақтары Iшкi iстер министрлiгiнiң арнаулы атақтарына теңестiрiледi, әскери қызметiндегi немесе еңбек қызметiндегi үзiлiске қарамастан

оларға әскери және арнаулы атақтар беру, ескерiлген лауазымдарда
қызмет iстеген уақыттары есепке алына отырып, iшкi iстер
органдарында еңбек сiңiрген жылдарына саналады.
     ЕСКЕРТУ. 104-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.08.21. N 1287
              қаулысымен.  

P001287_

          

                 IХ. Қызмет тәртiбi 
<*>

     
     ЕСКЕРТУ. IХ-тарау алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2000.08.21. N 1287
              қаулысымен.  

P001287_