1. "Жекешелендiру объектiлерiнiң құнын бағалау жөнiндегi ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 19, 166-құжат) бекiтiлген Жекешелендiру объектiлерiнiң құнын бағалау жөнiндегi Ережеге мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
5-тармақтағы "(аукцион, тендер)" деген сөздерден кейiн "Өтiмсiз жекешелендiру объектiлерiн сату саудаластық кезiнде сатып алушылар ұсынған баға бойынша жүзеге асырылады" деген сөздермен толықтырылсын.
2. Осы қаулының 1-тармағында аталған жекешелендiруге жататын өтiмсiз объектiлердiң тiзбесiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi бекiтедi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi