"Әдебиет, өнер және сәулет саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк сыйлығы туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 30 шiлдедегi N 949 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 32, 299-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
Аталған қаулымен бекiтiлген Әдебиет, өнер және сәулет саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк сыйлығы туралы Ереженiң 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Мемлекеттiк сыйлық екi жылда бiр рет 10 атауда берiледi";
Аталған қаулымен бекiтiлген Әдебиет, өнер және сәулет саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк сыйлықтары жөнiндегi Комиссия туралы Ереженiң 5-тармағының бiрiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Мемлекеттiк сыйлық алуға ұсынылған жұмыстарды Комиссия екi кезеңде қарайды. Бiрiншi кезеңде сыйлықтар алу конкурсына қатысатын жұмыстар iрiктеледi, екiншi кезеңде - Төралқа үш секцияның бiрлескен мәжiлiсiнде әрқайсысымен сыйлық беру туралы шешiм қабылдайды".
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi