"Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 20 желтоқсандағы N 2697 U952697_ Заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 23, 148-құжат) сәйкес "Қазақстан әуе жолы" Ұлттық акционерлiк авиакомпаниясын қаржылық-экономикалық сауықтыру жөнiндегi бiрiншi кезектегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 30 сәуiрдегi N 533 P960533_ қаулысының 11-тармағын орындау үшiн, әуе кеңiстiгiн пайдаланудың тиiмдiлiгiн арттыру және республика азаматтық авиациясының дамуына жағдай жасау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасы Көлiк министрлiгiнiң Әуе көлiгi департаментi негiзiнде Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi жанынан Әуе кеңiстiгiн пайдалану және азаматтық авиация қызметi жөнiндегi комитет (бұдан әрi - Комитет) құрылсын, ол Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң құзыретi шегiнде әуе кеңiстiгiн пайдалану, азаматтық авиация қызметi мен әуе қозғалысының ұйымдастырылуы саласында мемлекеттiк басқару мен бақылауды, сондай-ақ сол салалардағы арнаулы атқарушылық, рұқсат ету, бақылау, үйлестiру мен қадағалау функцияларының орындалуын жүзеге асырады.
2.
ЕСКЕРТУ. 2-тармақтың күшi жойылған - ҚРҮ-нiң 1998.02.26. N 151
қаулысымен. P980151_
3. Жүктелген мiндеттер мен функцияларды iске асыру мақсатында Комитетке ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекемелер мәртебесiмен:
Азаматтық және эксперименттiк авиацияда әуе кемелерiнiң қауiпсiз
ұшуын қадағалау жөнiндегi Қазақстан Республикасының мемлекеттiк
авиациялық инспекциясы (Мемавиақадағалау);
оған азаматтық және эксперименттiк авиация қызметiн сертификаттау
және лицензиялау жөнiндегi функциялар жүктеле отырып, әуежайларының
(аэродромдардың), әуе жолдары мен әуе кемелерiнiң мемлекеттiк
тiзiлiмдерiн жүргiзу жөнiндегi Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк
авиация регистрi (Мемавиарегистр) құрылсын.
ЕСКЕРТУ. 3-тармақ өзгердi - ҚРҮ-нiң 1998.01.21. N 31 қаулысымен.
4.
ЕСКЕРТУ. 4-тармақтың күшi жойылған - ҚРҮ-нiң 1998.02.26. N 151
қаулысымен.
5. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар
министрi:
Комитет аппаратының құрылымын белгiленген адам саны мен аппаратты ұстауға арналған қаражат шегiнде бекiтсiн;
үш ай мерзiм iшiнде Мемавиақадағалау туралы және Мемавиарегистр
туралы ережелердiң жобаларын Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
бекiтуiне ұсынсын.
6. "Қазақстан Республикасы Көлiк министрлiгiнiң Әуе көлiгi
департаментi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң
1994 жылғы 6 қаңтардағы N 29 қаулысының күшi жойылған деп танылсын.
7. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi мен Көлiк және
коммуникациялар министрлiгi бiр ай мерзiм iшiнде Қазақстан
Республикасы Үкiметiнiң шешiмдерiн осы қаулыға сәйкес келтiру
жөнiнде ұсыныстар енгiзсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi