Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының құрылымы туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 18 желтоқсандағы N 1552

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының құрылымы қосымшаға сәйкес орталық аппарат қызметкерлерiнiң шектi санының негiзiнде 56 адам болып бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi

ұлттық комиссиясы үшiн 5 қызметтiк жеңiл автомобиль лимитi
белгiленсiн.
     3. "Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық
комиссиясының құрылымы туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
1995 жылғы 19 желтоқсандағы N 1790 қаулысының;
     "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 19 желтоқсандағы
N 1790 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң 1996 жылғы 12 тамыздағы N 994 қаулысының күшi жойылған
деп танылсын.

     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрi
                                        Қазақстан Республикасы
                                              Үкiметiнiң
                                        1996 жылғы 18 желтоқсандағы
                                            N 1552 қаулысына
                                                қосымша

              Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар
                 жөнiндегi ұлттық комиссиясының
                           ҚҰРЫЛЫМЫ

     Төраға
     Комиссия мүшелерi

                      Атқарушы аппарат

     Бағалы қағаздар нарығындағы кәсiби қызметтi реттеу басқармасы
     Бағалы қағаздарды айналысқа шығару басқармасы
     Бағалы қағаздар нарығын заңдық қамтамасыз ету басқармасы
     Талдау басқармасы
     Әкiмшiлiк жұмыстар басқармасы