Бағалы қағаздар нарығын одан әрi дамыту, сұраныс пен ұсыныстың шоғырлануын қамтамасыз ету, биржалық әдiл бағаларды қалыптастыру және осы негiзде ел экономикасы жай-күйiнiң көрсеткiшi ретiндегi қор индексiнiң есеп айырысуына қол жеткiзу, бағалы қағаздар нарығына стратегиялық инвесторларды тарту, бағалы қағаздар эмиссиясын тiркеу рәсiмiн жеңiлдету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. "Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарығын дамыту бағдарламасын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 17 мамырдағы N 608 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығын дамыту бағдарламасын орындау жөнiндегi 1996-1997 жылдарға арналған қоса берiлiп отырған шаралар жоспары бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi, Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi, Экономика министрлiгi Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясымен бірлесе отырып:
а) 1997 жылдың 1 қаңтарына дейiн бағалы қағаздармен, оның iшiнде мемлекеттiк эмиссиялайтын, ұйымдасқан сауданы жүзеге асыру арқылы бағалы қағаздар нарығының мамандандырылған жүйесi болып табылатын қор биржасын айқындау жөнiнде тендер өткiзсiн;
ә) үстiмiздегi жылдың 20 желтоқсанына дейiн өнеркәсiптiң базалық және басқа салаларының, банктердi қоса, акцияларының мемлекеттiк пакеттерiнiң бiр бөлiгi қор биржасында сатылатын шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң тiзбесiн әзiрлеп, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қарауына енгiзсiн;
б) жоғарыда аталған тiзбеге кiрген әрбiр акционерлiк қоғамның жалпы жиналысына өз шоттарының жоспарын бухгалтерлiк есеп жүргiзудiң қазақстандық жаңа стандарттарына конверсиялау және 1996 жылға арналған кең көлемдi аудит жүргiзу үшiн халықаралық аудиторлық фирмалардың арасында тендер өткiзудi ұсынсын. Аудит нәтижелерi бойынша тiзбедегi акционерлiк қоғамдардың бағалы қағаздары белгiленген талаптарға сәйкес, 1997 жылдың бiрiншi жарты жылдығында қор биржасының листингiне енгiзiлсiн;
в) аудит аяқталғаннан кейiн бiр ай мерзiм iшiнде аталған кәсiпорындар акцияларының мемлекеттiк пакеттерiн қор биржасына кезеңдiк қою кестесiн Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсынсын.
3. Қазақстан Республикасының Бухгалтерлiк есеп жөнiндегi ұлттық комиссиясы 1997 жылдың 1 ақпанына дейiн аталған акционерлiк қоғамдар үшiн бухгалтерлiк есеп жүргiзудiң қазақстандық жаңа стандарттарын енгiзу бағдарламасын (тетiктер мен рәсiмдер) әзiрлесiн.
4. Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы:
а) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен келiсiм бойынша бiр ай мерзiмде:
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi әзiрлейтiн елдiң бiрыңғай төлем жүйесiнiң жалпы тұжырымдамасы шеңберiнде бағалы қағаздар бойынша депозитарлық-есеп айырысу жүйесiн қалыптастыру жөнiнде ұсыныстар енгiзсiн;
бiрқатар сенiмдi iрi банктердiң еншiлес ұйымдарын корпоративтiк бағалы қағаздар ұстаушылар тiзiмiн жүргiзу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға лицензия беру тәртiбiн қабылдасын;
ә) 1997 жылдың 1 қаңтарына дейiн бағалы қағаздар нарығындағы кәсiби қызметтердiң жекелеген түрлерiн бiрiктiру мүмкiндiктерi туралы ереже қабылдасын.
5.
ЕСКЕРТУ. 5-тармақ алып тасталды - ҚРҮ-нiң 1999.05.11. N 558
қаулысымен. P990558_
6. "Орталық депозитарий туралы, бағалы қағаздар ұстаушылар
тiзiлiмiн жүргiзу жөнiндегi қызмет туралы, кастодиалдық қызмет
туралы Ережелердi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
1996 жылғы 29 шiлдедегi N 944 қаулысының 2, 3, 4-тармақтарының күшi
жойылған деп танылсын.
7. Зейнетақыны реформалау жөнiндегi жұмыс тобы жекешелендiруден
түскен қаржыларды жаңа зейнетақы жүйесiне көшудi қаржыландыру үшiн
пайдалану мүмкiндiгi туралы ұсыныс енгiзсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1996 жылғы 14 желтоқсандағы
N 1538 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасында Бағалы қағаздар нарығын
дамыту бағдарламасын орындау жөнiндегi 1996-1997
жылдарға арналған шаралар жоспары
___________________________________________________________________
N | Шаралар |Орындау |Жүзеге |Орындауға
р/с| |мерзiм. |асыру |жауаптылар
| |дерi |нысаны |
___________________________________________________________________
1 | 2 | 3 | 4 | 5
___________________________________________________________________
1. Өнеркәсiптiң базалық 1996 жылғы Премьер- Бағалы қағаздар
және басқа салаларының 20 желтоқ. Министрдiң жөнiндегi ұлттық
банктердi енгiзе отырып санға өкiмi комиссия,
акцияларының мемлекеттiк дейiн Меммүлiккомы,
пакеттерiнiң бiр бөлiгi Қаржыминi,
қор биржасында сатылатын Жекешелендiру
шаруашылық жүргiзушi мемкомы,Экономминi
субъектiлердiң тiзiмiн
айқындау
___________________________________________________________________
2. Өнеркәсiптiң базалық аудит Бұл да Меммүлiккомы,
және басқа салаларының аяқталған. сол Бағалы қағаздар
банктердi енгiзе отырып, нан кейiн жөнiндегi ұлттық
акционерлiк қоғамдары бiр ай комиссия,
акцияларының мемлекеттiк мерзiмде Жекешелендiру
пакеттерiн қор биржасы мемкомы,Экономминi
арқылы сату кестесiн
жасау
___________________________________________________________________
3. Өндiрiстiң базалық және 1997 жылғы АҚ жалпы Бухесеп жөнiндегi
басқа салаларының қаңтар жиналыс. ұлттық комиссия,
акционерлiк қоғамдарының тарының келiсiлген тiзiм
тiзбесiне енген шешiмi бойынша АҚ, Бағалы
кәсiпорындарды бухесептiң қағаздар жөнiндегi
халықаралық стандарттарына ұлттық комиссия
ауыстыру және аудит
жүргiзу үшiн халықаралық
аудиторлық фирмалар
арасында тендер өткiзудi
ұйымдастыру
___________________________________________________________________
4. Қазақстан Республикасының "-" Бiрлескен Бағалы қағаздар
Ұлттық Банкi жасайтын қаулы жөнiндегi ұлттық
елдiң бiрыңғай төлем комиссия, Ұлттық
жүйесiнiң жалпы Банк (келiсiм
тұжырымдамасы шеңберiнде бойынша)
бағалы қағаздар бойынша
депозитарлық-есеп
айырысу жүйесiн
қалыптастыру жөнiндегi
ұсыныстар енгiзу
___________________________________________________________________
5. Бағалы қағаздармен, 1996 жылғы Тендерлiк Бағалы қағаздар
оның iшiнде мемлекет желтоқсан комиссия. жөнiндегi ұлттық
эмиссиялайтын, ның комиссия,
ұйымдасқан сауда шешiмi Меммүлiккомы,
жүргiзудi жүзеге Жекешелендiру
асыратын бағалы жөнiндегi мемкомы,
қағаздар нарығының Экономминi,
алғашқы мамандандырыл. Қаржыминi
ған институты болып Ұлттық Банк
табылатын қор биржасын
айқындау жөнiнде
тендер өткiзу
___________________________________________________________________
6. Бағалы қағаздар "-" БҚҰК Бағалы қағаздар
нарығындағы кәсiби қаулысы жөнiндегi ұлттық
қызметтердiң комиссия, Ұлттық
жекелеген түрлерiн Банк (келiсiм
бiрiктiру туралы бойынша)
Ереже қабылдау
___________________________________________________________________
7. Брокерлiк-дилерлiк 1997 жылғы Бұл да Бағалы қағаздар
қызметтердi лицензиялау қаңтар сол жөнiндегi ұлттық
туралы Ереженiң жеке комиссия
капиталдың мөлшерiне
қойылатын талаптар
бөлiгiне өзгерiстер
енгiзу
___________________________________________________________________
8. Бiрқатар сенiмдi iрi "-" Бiрлескен Бағалы қағаздар
банктердiң еншiлес қаулы жөнiндегi ұлттық
ұйымдарына корпоративтiк комиссия, Ұлттық
бағалы қағаздар Банк
ұстаушылар тiзiлiмiн
жүргiзу жөнiндегi
қызметтi жүзеге асыру
үшiн лицензия беру
тәртiбiн әзiрлеп,
қабылдау
___________________________________________________________________
9. Қазақстан Республикасының"_" Заң Бағалы қағаздар
заңдарына өзгерiстер жобалары жөнiндегi ұлттық
енгiзу туралы мүдделi комиссия,
министрлiктермен және Әдiлетминi,
ведомстволармен келiсiлген Ұлттық Банк,
ұсыныстар әзiрлеп, оны (келiсiм бойынша)
белгiленген тәртiппен Мемлекеттiк салық
Қазақстан Республикасының комитетi
Үкiметiне енгiзу:
"Азаматтық кодекс (Жалпы
бөлiм)" "Шаруашылық
серiктестiктерi туралы"
"Салық және бюджетке
төленетiн басқа да
мiндеттi төлемдер туралы"
___________________________________________________________________
10.Инвестициялық 1996 жылғы Президент Жекешелендiру
жекешелендiру қорларын желтоқсан Жарлығының мемкомы, Бағалы
қайта ұйымдастыру жобасы қағаздар жөнiндегi
жөнiнде ұсыныстар ұлттық комиссия,
әзiрлеп, оны МИҰҚ
белгiленген тәртiппен
енгiзу
___________________________________________________________________
11.Бағалы қағаздар 1997 жылғы Үкiмет Қаржыминi, Бағалы
жөнiндегi Халықаралық ақпан қаулысы қағаздар жөнiндегi
ұйымға кiру жөнiндегi ұлттық комиссия
нақты шаралар қабылдау
___________________________________________________________________
12.АҚШ және Ресей 1997 жылғы Келiсiм. Бағалы қағаздар
Федерациясының бағалы ақпан - дер жөнiндегi ұлттық
қағаздар жөнiндегi наурыз комиссия
комиссиялармен шарт
жасасу
___________________________________________________________________
13.Қазақстан 1997 жылғы Үкiмет Бiлiмминi, Бағалы
Республикасының жоғары екiншi қаулысы қағаздар жөнiндегi
оқу орындарының жарты ұлттық комиссия
экономика факультет. жылдық
терiнде бағалы қағаздар
нарығы үшiн бiлiктi
мамандар даярлау жөнiнде
мамандандырылған
бөлiмшелер ашу жөнiнде
нақты шаралар қабылдау
___________________________________________________________________
14.Бағалы қағаздар нарығын "_" Бұл да Бағалы қағаздар
дамытудың ақпараттық сол жөнiндегi ұлттық
қамтамасыз ету жүйесiн комиссия,Баспасөз
қалыптастыру жөнiнде және бұқаралық
нақты шаралар қабылдау ақпарат iстерi
жөнiндегi агенттiгi
Ұлттық статистика
агенттiгi
___________________________________________________________________
15.Бағалы қағаздар 1997 жыл Норматив. Бағалы қағаздар
нарығында инсайдерлiк iшiнде тiк жөнiндегi ұлттық
қызметтiң пайда актiлер комиссия, Бағалы
болуының, бағалы қағаздар рыногы
қағаздар нарығы кәсiпқой
кәсiпқой қатысушыларының қатысушыларының
көпшiлiкке жария етуге қауымдастығы
болмайтын ақпараттарды
пайдалануын болдырмау
жөнiндегi шаралар
қабылдау
___________________________________________________________________
Ескерту. Орындаушылар бағанасында бiрiншi тұрған министрлiк, ведомство аталған айдың 15 күнiне дейiнгi мерзiмде Үкiмет Аппаратына құжаттың келiсiлген жобасын енгiзедi.