Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 22 қаңтардағы N 74 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 12 желтоқсан N 1531

Қолданыстағы

     Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
     "Ауыл шаруашылығы секторына арналған Азия Даму Банкiнiң
Бағдарламалық займын жүзеге асыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан
Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 22 қаңтардағы N 74 қаулысына
мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
     3-тармақ күшiн жойған деп танылсын;
     2-қосымшадағы:
     Ауыл шаруашылығына арналған Азия Даму Банкiнiң Бағдарламалық
займын үйлестiру жөнiндегi Ведомствоаралық кеңес құрамына мыналар
енгiзiлсiн:
     Дамитов К.К.       - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi
                          төрағасының орынбасары (келiсiм бойынша)

     Еламанов Б.Д.      - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi
                          жанындағы Сырттан қарыз алу жөнiндегi
                          комитетiнiң төрағасы

     Коржова Н.А.       - Қазақстан Республикасының Еңбек және
                          әлеуметтiк қорғау министрi

     Мыңбаев С.М.       - Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң
                          орынбасары

     Құрманғалиев С.Ш.  - Қазақстан Республикасының Баға және
                          монополияға қарсы саясат жөнiндегi
                          мемлекеттiк комитетi төрағасының бiрiншi
                          орынбасары

     Романов А.Ф.       - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
                          министрiнiң бiрiншi орынбасары;

     аталған құрамнан С.С. Әйiмбетов, П.И. Крепак, Г.А. Марченко,
А.С. Павлов, П.В. Своик, Г.Г. Штойк, Е.Ә. Өтембаев шығарылсын;
     "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 22 қаңтардағы N 74
қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
1996 жылғы 16 сәуiрдегi N 448 қаулысының 2-тармағы күшiн жойған деп
танылсын.

     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрi