Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 27 қыркүйектегi N 1182 қаулысына толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 11 желтоқсан N 1525

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      "Құбырлы көлiкпен мұнай экспорттауды реттеу туралы" Қазақстан

Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 27 қыркүйектегi N 1182 қаулысына
мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
     2-тармақтың үшiншi абзацы "квоталарды аукциондық сатуды
ұйымдастыру жөнiнде" деген сөздерден кейiн "(Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң тиiстi контрактiлiк мiндеттемелерi мен үкiметаралық
келiсiмдер жөнiндегi мiндеттемелердi орындауға арналған квоталардан
басқа)" деген сөздермен толықтырылсын.

     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрi