"Сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 23 тамыздағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. Шаруашылық жүргiзу құқығымен "Қазагрополис" Республикалық мемлекеттiк ауыл шаруашылық сақтандыру кәсiпорны құрылсын.
Егiндi, көпжылдық екпелердi, ауыл шаруашылығы малдарын, қозғалатын және қозғалмайтын мүлiктi, ауыл шаруашылығы өндiрiсiнiң өнiмдерi мен тауарларын қолайсыз табиғи-климат жағдайларынан, iндеттерден және басқа да табиғи апаттардан мiндеттi сақтандыруды қамтамасыз ету аталған кәсiпорын қызметiнiң негiзгi мақсаты болып саналсын.<*>
ЕСКЕРТУ. 1-тармақтың 2-абзацы жаңа редакцияда - ҚРҮ-нiң
1997.04.02. N 460
қаулысымен
.
2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi бiр апта мерзiмде "Қазагрополис" Республикалық мемлекеттiк ауыл шаруашылық сақтандыру кәсiпорнының құрылтай құжаттарын белгiленген тәртiппен әзiрлеп, бекiтетiн болсын.
3. Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау жөнiндегi мемлекеттiк қоры "Қазагрополис" Республикалық мемлекеттiк ауыл шаруашылық сақтандыру кәсiпорнының жарғылық қоры үшiн 100 млн. теңге мөлшерiнде қаржы бөлсiн.
4. Жұмыстарды ұйымдастыру және үйлестiру мақсатында қосымшаға сәйкес ауыл шаруашылық өндiрiсiн мiндеттi сақтандыру жөнiндегi Ведомствоаралық кеңестiң құрамы жасалып, бекiтiлсiн.
Ведомствоаралық кеңес бiр ай мерзiмде ауыл шаруашылық өндiрiсiне мiндеттi сақтандыру жүргiзудi ұйымдастыру тәртiбi мен жағдайлары туралы Ереженi әзiрлеп, оны Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң бекiтуiне енгiзсiн.
5. Ауыл шаруашылық өндiрiсiн мiндеттi сақтандыру "Қазагрополис" Республикалық мемлекеттiк ауыл шаруашылық сақтандыру кәсiпорнымен қатар аталған сақтандыру түрiн жүзеге асыруға лицензиясы бар басқа да сақтандыру ұйымдарында жүзеге асырылады.<*>
ЕСКЕРТУ. 5-тармақтан сөздер алынып тасталды - ҚРҮ-нiң
1997.04.02. N 460
қаулысымен
.
6. Ауыл шаруашылық өндiрiсiне мiндеттi сақтандыру жүргiзу жөнiндегi операцияны жүргiзушi сақтандыру ұйымдары сақтандырудың аталған түрi бойынша сақтандыру төлемдерiнiң кем дегенде 85 процентiн осы мақсаттарға бағыттай отырып сақтандыру резервтерiн құрсын.
7. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк сақтандыруды қадағалау жөнiндегi комитетi ауыл шаруашылық өндiрiсiнiң халықаралық қайта сақтандыру нарығындағы қаупiн қайтадан сақтандыру мүмкiндiгiн зерттесiн.
8. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi "Қазагрополис" Республикалық мемлекеттiк ауыл шаруашылық сақтандыру кәсiпорны тiркелгеннен кейiн республикалық мемлекеттiк кәсiпорындар тiзбесiне толықтырулар енгiзу туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiне ұсыныс енгiзсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1996 жылғы 10 желтоқсандағы
N 1513 қаулысына
қосымша
Ауыл шаруашылығы өндiрiсiн мiндеттi сақтандыру
жөнiндегi Ведомствоаралық кеңестiң
ҚҰРАМЫ
А.Ф.Романов - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
министрiнiң бiрiншi орынбасары, Кеңес
төрағасы
Кеңес мүшелерi:
К.К. Дамитов - Қазақстан Республикасы Ұлттық банкi
төрағасының орынбасары (келiсiм
бойынша)
Б.Б.Жәрменов - Қазақстан Республикасы Экономика
министрiнiң орынбасары
Б.И.Менжулин - Қазақстан Республикасы Қаржы
министрiнiң орынбасары
Х.К.Мәдиев - Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк
сақтандыруды қадағалау жөнiндегi
комитетi төрағасының орынбасары