Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 8 маусымдағы N 800 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 6 желтоқсан N 1496

Қолданыстағы

     "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Медетшi банкi қызметiнiң
мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995
жылғы 8 маусымдағы N 800 қаулысының қосымшасына (Қазақстан
Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 20, 232-құжат) мынадай өзгерiстер
енгiзiлсiн.
     Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Медетшi банкi Кеңесiнiң
құрамына мыналар енгiзiлсiн:
     Павлов А.С.     - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң
                       орынбасары, - Қазақстан Республикасының Қаржы
                       министрi, Кеңес төрағасы

     Дәмитов Қ.К.    - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi басқармасы
                       төрағасының орынбасары

     Манақбаев Т.М.  - Қазақстан Республикасы мемлекеттiк Медетшi
                       банкi басқармасының төрағасы

     Молоканов А.А.  - Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк мүлiктi
                       басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi
                       төрағасының орынбасары - Кәсiпорындарды қайта
                       ұйымдастыру жөнiндегi агенттiктiң директоры

     "Оспанов Х.А.   - Қазақстан Республикасы Өнеркәсiп және сауда
                       министрiнiң орынбасары"

     деген жолдар:
     мынадай редакцияда жазылсын;

     "Оспанов Х.А.   - Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда
                       министрi, Кеңес төрағасының орынбасары";
     В.В. Соболев, Б.Ш. Тажияқов, Б.М. Имашев, Б.Х. Хамзин аталған
құрамнан шығарылсын.

     Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрi