Қазақстан Республикасынан тауарларды экспортқа шығару тәртiбiн оңайлату және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 5 желтоқсан N 1492

Қолданыстағы
      1996-1998 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң реформаларды тереңдету жөнiндегi iс-қимыл бағдарламасына сәйкес өнеркәсiптiк және ауыл шаруашылығы өнiмдерi экспортын тұрақтандыру және сыртқы экономикалық қызметтiң нормативтерiн Дүниежүзiлiк сауда ұйымының принциптерiне және нормаларына сәйкес келтiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Республикалық Баға комиссиясы таратылсын.
      2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi бiр ай мерзiмде тауар өндiрушiлердiң мүдделерiн қорғайтын Ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiрушiлердiң ерiктi ассоциациясын (одағын) құру үшiн жағдай жасау жөнiндегi шараларды әзiрлесiн.
      3. Жүзеге асырылған экспорттық контрактiлердiң iшiнара тәуелсiз инспекциясы 1998 жылдың 1 қаңтарына дейiн күшiн сақтайды деп белгiленсiн.
      4. "Қазақстан Республикасынан экспортталатын тауарлардың жөнелту алдындағы тәуелсiз инспекциясы туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 28 мамырдағы N 654 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 25, 209-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      4-тармақтың бесiншi абзацындағы "3 жыл" деген сөздер "1 жыл" деген сөздермен ауыстырылсын;
      7-тармақтың үшiншi абзацындағы "және одан кейiнгi жылдар" деген сөздер алынып тасталсын;
      "Жөнелту алдындағы тәуелсiз инспекция жүргiзiлетiн Қазақстан Республикасынан экспортталатын тауарлардың тiзбесi" деген 4-қосымшаға осы қаулыға берiлген қосымшаға сәйкес толықтырулар енгiзiлсiн. <*>
      ЕСКЕРТУ. 4-тармақтың 4 абзацының күшi тоқтатылды - ҚР Пр-нiң
               1996.12.31. N 3309 жарлығымен. U963309_
      5. Қазақстан Республикасының Кеден комитетi мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк салық комитетi экспорттық контрактiлерге тәуелсiз инспекциялар белгiлеген бағалармен салыстырғанда төмендетiлген баға табылған жағдайда Қазақстан Республикасының кеден және салық заңдарында көзделген салық салынатын табысты түзету жөнiнде шаралар қолдансын.
      6. Қазақстан Республикасының Кеден комитетi 1997 жылдың 1 қаңтарына дейiнгi мерзiмде Қазақстан Республикасының жүзеге асырылған экспорттық контрактiлердiң iшiнара тәуелсiз инспекциясын ұйымдастыру жөнiндегi ведомствоаралық комиссиясы өткiзген тендердiң жеңiмпазымен жүзеге асырылған экспорттық контрактiлердiң iшiнара тәуелсiз инспекциясын өткiзу жөнiнде бiрлескен iс-қимыл туралы шартқа қол қойсын.
      7. Қазақстан Республикасының жүзеге асырылған экспорттық контрактiлердiң iшiнара тәуелсiз инспекциясын ұйымдастыру жөнiндегi ведомствоаралық комиссиясы 1996 жылдың 25 желтоқсанына дейiнгi мерзiмде iшiнара тәуелсiз инспекция жүргiзiлетiн тауарларға экспорттық баға айқындау әдiстемесiн бекiтсiн.
      8. "Биржалық тауарлардың тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан

Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 28 шiлдедегi N 1035
қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 26,
302-құжат) күшi жойылған деп танылсын.
<*>

     ЕСКЕРТУ. 8-тармақтың күшi тоқтатылды - ҚР Пр-нiң 1996.12.31.
              N 3309 жарлығымен.  

U963309_

 
     9. Осы қаулы жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.

     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрi 
     
                                       Қазақстан Республикасы
                                            Үкiметiнiң
                                     1996 жылғы 6 желтоқсандағы
                                          N 1492 қаулысына
                                              қосымша 

            Қазақстан Республикасынан экспортталатын, жүзеге
         асырылған экспорттық контрактiлердiң iшiнара тәуелсiз
                  инспекциясы жүргiзiлетiн тауарлардың
                                 ТIЗБЕСI 

______________________________________________________________________
     Тауардың атауы                                 СЭҚ ТН коды
______________________________________________________________________

Бидай (барлық түрi)                                 1001
Арпа                                                1003
Күрiш                                               1006
Мүйiздi iрi қараның немесе жылқы
тақылеттес жануарлардың терiсi                      4101
Қойдың немесе қозының терiсi                        4102
Биязы жүн (меринос, меринос емес, жуылған және
жуылмаған), жартылай биязы, жартылай қылшықты,
қылшық жүндер                                       5101
Жануарлардың түктерi (жiңiшке, қатты) ангор
қоянының, түйенiң, ангор ешкiсiнiң                  5102
Талшықты-мақта                                5201, 5203
Мақта қалдықтары (шитi)                             5202