Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894 қаулысына толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 5 желтоқсан N 1491

Қолданыстағы
      Көмiр өндiруге байланысты тау-кен өндiрiсiн пайдалануға берiлетiн лицензиялардың сапасын арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 17 сәуiрдегi N 2201 қаулысын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894 қаулысының 1-қосымшасына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 41, 515-құжат) мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:

     3-шi бағанның, реттiк нөмiрi 5-шi жолы мынадай мазмұндағы
абзацпен толықтырылсын:
     "көмiр өндiру өндiрiсiн пайдалану";
     3-шi бағанның, реттiк нөмiрi 7-шi жолындағы "өртену қаупi бар
және тау-кен өндiрiстерiн" деген сөздер" (көмiр өндiру өндiрiсiнен
басқа)" деген сөздермен толықтырылсын.

     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрi