Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк салық комитетi салық полициясы қызметкерлерi Антының мәтiнiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 4 желтоқсан N 1481


     "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң салық қызметiнiң
салық полициясында қызмет өткеру туралы ереженi бекiту туралы"
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 16 сәуiрдегi N 459
 

P960459_

  қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi 
қаулы етедi:
     Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк салық комитетi салық
полициясы қызметкерлерi Антының қоса берiлiп отырған мәтiнi
бекiтiлсiн.

     Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрi
                                       Қазақстан Республикасы
                                           Үкiметiнiң
                                     1996 жылғы 4 желтоқсандағы
                                         N 1481 қаулысымен
                                          Бекiтiлген

            Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк салық комитетi
                      салық полициясы қызметкерлерiнiң
                                  АНТЫ 

     Мен, Қазақстан Республикасының азаматы __________________________


                                             (тегi, аты, әкесiнiң аты) салық полициясының органына қызметке кiре отырып, Ант қабылдаймын және салтанатты түрде:
      Қазақстан халқына және оның заңды сайланған Президентiне адал болуға, Конституцияны және өзiмнiң егемен мемлекетiмнiң заңдарын қастерлеуге:
      салық полициясы қызметкерiнiң маған жүктелген мiндетiн әдiл және

адал орындауға, күшiмдi аямауға, ал егер қажет болса-азаматтар мен
мемлекеттiң құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн қорғау,
елдiң экономикалық қуаты мен салық жүйесiн нығайту үшiн жанымды қиюға;
     Қазақстан Республикасы заңдарының, бұйрықтар мен осы Анттың
талаптарын мүлтiксiз басшылыққа алуға, өзiмнiң кәсiби шеберлiгiмдi
ұдайы көтеруге;
     мемлекеттiк және қызметтiк құпияларды қатаң сақтауға ант етемiн.
     Егер мен өзiмнiң осы салтанатты Антымды бұзсам, онда маған
заңның ең қатаң жазасы қолданылсын.

     1996 жылғы "____" __________________   _________________________
                                                      (қолы)