Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 2 ақпандағы N 141 қаулысына толықтырулар мен өзгерiстер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 4 желтоқсан N 1478

Қолданыстағы

     Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
     "Қазақстан Республикасының 1996 жылға арналған инвестициялық
бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 2
ақпандағы N 141 қаулысының 1-қосымшасына мынадай толықтырулар мен
өзгерiстер енгiзiлсiн:
     мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрлерi 17 және 18 жолдармен
толықтырылсын:
     "17 Барклайзбанк,    240 төсектiк        61,7     Қазақстан
         Ұлыбритания      аурухана кешенiнiң  млн.$    Республикасы
                          құрылысы, Ақмола қ.          Денсаулықминi

     18 Берлинер банк,   "Полиалпан"          15       "Қазақстан-
        Германия         жылу ұстағыш         млн. ДМ  Полиалпан"
                         панелдерi өндiрiсi            ЖҮАҚ;
                         жөнiндегi техноло-
                         гиялық желi, Ақмола қ.

     "Жиыны" деген жолдағы    "537.9 млн. $
                               114.2 млн. ДМ
                               7.236 млрд. жап.иенi"

     деген сандар             "599.6 млн. $
                               129.2 млн.ДМ
                               7.236 млрд жап.иенi"

     деген сандармен ауыстырылсын.

     Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрi