Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 21 маусымдағы N 770 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 3 желтоқсан N 1474

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      "Қарағанды металлургия комбинаты" мемлекеттiк акционерлiк қоғамының қарыздарын өтеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 21 маусымдағы N 770 қаулысына мынадай өзгерiстер мен толықтыру енгiзiлсiн:
      11-тармақтағы "10398 мың (он миллион үш жүз тоқсан сегiз мың) теңге" деген сөздер "10709447 (он миллион жетi жүз тоғыз мың төрт жүз қырық жетi) теңге" деген сөздермен ауыстырылсын;
      аталған қаулының "Қарметкомбинат" мемлекеттiк акционерлiк

қоғамында қаза тапқан және мүгедек болып қалған адамдардың тiзiмi,
бiржолғы жәрдемақы төлеу үшiн деген 2-қосымшадағы:
     реттiк нөмiрi 6-шы жолындағы "569.737" деген сан "596.737" деген
санмен ауыстырылсын;
     мына мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
     "14. Штеркель А.В.            311.762";
     "Барлығы" жолындағы "10.397.685" деген сан "10.709.447" деген
санмен ауыстырылсын.

     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрi