Қазақстан Республикасының мемлекеттiк мүддесiн қорғау, құпия өнертабыстарды жасау мен пайдалануға байланысты туындайтын қатынастарды реттеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. Патент иесiне өнертабысты құпиялағаны үшiн, өнертабыстың құндылығына қарай, есептiк көрсеткiштiң 10-нан 15-ке дейiнгi мөлшерiнде өтемақылар төлеу бекiтiлсiн.
2. Авторларға құпия өнертабыстар жасағаны үшiн бiржолғы көтермелеу сыйақысын, сондай-ақ оларды пайдаланғаны үшiн сыйақыны төлеу тараптардың арасындағы келiсiмге сәйкес белгiленген мөлшерде жүргiзiлсiн, бұл ретте сыйақы сомасы есептiк көрсеткiштен кем болмайды.
3. Қазақстан Республикасының Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясы алдын ала патент немесе патент бергеннен соң бiр ай мерзiм iшiнде өнертабыстарды құпиялағаны үшiн ақшалай өтемақы мен бiржолғы көтермелеу сыйақысын төлеудi, сондай-ақ патент бажын төлеудi және құпия өнертабысқа арналған өтiнiмдердi сараптауға ақы төлеудi жүргiзсiн.
4. Осы қаулы жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi