Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 3 маусымдағы N 686 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 2 желтоқсан N 1465. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2000.06.06. N 855 қаулысымен. ~P000855

Күшін жойған

     Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
     "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы мемлекеттiк
қызметтердi реформалау жөнiндегi комиссия туралы" Қазақстан
Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 3 маусымдағы N 686 қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 26, 216-құжат) мынадай
өзгерiстер енгiзiлсiн:
     Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы мемлекеттiк
қызметтердi реформалау жөнiндегi комиссияның құрамына:
     А.С Есiмов         - Қазақстан Республикасы Премьер-
                          Министрiнiң бiрiншi орынбасары -
                          Қазақстан Республикасының Инвестициялар
                          жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң
                          төрағасы, Комиссия төрағасының
                          орынбасары

     А.Қ Қасымов        - Қазақстан Республикасы Үкiмет Аппараты
                          Басшысының орынбасары - Аумақтық даму
                          бөлiмiнiң меңгерушiсi, Комиссия мүшесi
     болып енгiзiлсiн;
     В.В Соболев, Н.А Шәйкенов, С.И Шуткин аталған құрамнан
шығарылсын.

     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрi