Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк салық комитетiнiң салық полициясы органдары туралы уақытша ереженi бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қауылысы 1996 жылғы 25 қараша N 1436. Күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1997.08.29. N 1308 Қаулысымен. ~P971308

Күшін жойған

 


     "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк салық комитетi туралы"

Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 14 қыркүйектегi

N 3113 


U963113_


  Жарлығын орындау үшiн Қазақстан Республикасының

Үкiметi қаулы етедi:

     Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк салық комитетiнiң салық

полициясы органдары туралы Уақытша ереже бекiтiлсiн.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрi

                                   Қазақстан Республикасы

                                         Үкiметiнiң

                                   1996 жылғы 25 қарашадағы

                                      N 1436 қаулысымен

                                             Бекiтiлген


            Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк салық

          комитетiнiң салық полициясы органдары туралы

                       Уақытша Ереже



 
       Осы ереже Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк салық комитетi

 

Салық полициясы бас басқармасының және оның аймақтық басқармаларының

(бұдан әрi - салық полициясы) құқықтық негiздерiн, ұйымдастыру және

қызмет принциптерiн, жүйесi мен құрылымын, өкiлеттiгiн айқындайды.


                  I. Жалпы ережелер


     1. Салық полициясы Қазақстан Республикасы салық қызметiнiң

құрамындағы мемлекеттiк мамандандырылған орталықтандырылған құқық

қорғау органы болып табылады және өз қызметiн елдiң салық салу

саласындағы экономикалық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында

жүзеге асырады.


          II. Салық полициясының негiзгi мiндеттерi


     2. Салық полициясының негiзгi мiндеттерi:


 
       салық заңдарының бұзылу фактiлерiн жинау, талдау және бағалау, салықтық құқық бұзуға және қылмыс жасауға апаратын себептер мен жағдайларды жою жөнiнде тиiстi, ұсыныстар енгiзу;
      салықтарды төлеуге байланысты немесе заңды және жеке тұлғалардың табыстары (кiрiстердi) жасыру және азайтып көрсету, салық салынатын объектiлердi жасыру мақсатында жасалған қылмыстарды және басқа құқық бұзушылықтарды салық төлеуден және бюджетке төленетiн басқа да төлемдерден жалтаруды, сондай-ақ салықтар мен өзге де төлемдердiң бюджетке түспеуiне немесе толық түспеуiне байланысты мемлекетке шығын келтiруге әкелiп соқтыратын өзге де қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды анықтау және олардың жолын кесу;
      салық қызметi жұмысының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, оның қызметкерлерiн қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде қылмыскерлiк және басқа да құқыққа қарсы қол сұғушылықтардан қорғау;
      салық қызметi органдарында жемқорлықтың алдын алу, анықтау және

 

жолын кесу;

     салық төлеуден жалтарған жеке және заңды тұлғаларды iздестiрудi

жүзеге асыру;

     салықтық қылмыстарға және құқық бұзушылыққа қарсы күрес жүргiзу

мәселелерi бойынша құқық қорғау, бақылау жасау және басқа да

мемлекеттiк органдармен өзара iс-қимыл жасау;

     салықтық құқық бұзушылық пен қылмыскерлiк бойынша мемлекетке

келтiрiлген залалдың орнын толтыру жөнiнде өз құзыретiнiң шегiнде

шаралар қолдану болып табылады.

     Салық полициясына өзге мiндеттер тек заңмен ғана жүктелуi

мүмкiн.


          III. Салық полициясы қызметiнiң құқықтық негiздерi

                           және принциптерi



 
       3. Салық полициясы өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлықтары мен өкiмдерiн, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулыларын және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң өкiмдерiн, осы Ереженi, Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк салық комитетiнiң нормативтiк актiлерiн басшылыққа алады.
      Жұмысты ұйымдастыру және жедел iздестiру қызметiн жүргiзудiң тәсiлi салық полициясының "Жедел iздестiру қызметi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қайшы келмейтiн ведомстволық актiлерiмен реттеледi.
      Бұл актiлердiң талаптары тек салық полициясы қызметкерлерiнiң орындалуы үшiн мiндеттi.
      4. Салық полициясы органдарының қызметi заңдылық, адам мен азаматтық құқықтары мен бостандығын құрметтеу, жоғарыдан төмен қарай жоғары тұрған органдардың бақылауында болу және оларға есеп беру, қызметтiң жариялы және жариялы емес нысандарын үйлестiру, басқа да мемлекеттiк органдармен қоғамдық бiрлестiктермен және азаматтармен, басқа мемлекеттердiң салықтық қызметтерiмен өзара iс-қимыл жасау, салық полициясы органдарының бiрлiгi мен орталықтануы, құпиялықты сақтау арқылы олардың тәуелсiздiгi және дара басшылығы принциптерiне құрылады.
      Салық полициясының органдары өз бастықтарына тiкелей бағынысты болады. Мемлекеттiк басқару органдары салық полициясының заңды қызметiне араласа және кедергi жасай алмайды.
      Салық полициясы қызметкерлерiнiң процессуалдық жағдайы заңмен айқындалады.
 
              IY. Салық полициясының жүйесi
 
      5. Салық полициясының органдары Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк салық комитетiнiң құрамындағы төменде тұрғандардың жоғарыдағыларға тiкелей есеп беретiн, орталықтандырылған құрылымдық бөлiмше болып табылады.
      Мемлекеттiк салық комитетi Салық полициясының бас басқармасы, "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығына сәйкес салық полициясы органдарының алдында тұрған мiндеттердi орындау жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын, оған бағынысты аймақтық және мамандандырылған органдары салық полициясы органдарының бiрыңғай жүйесiн құрайды.
      6. Салық полициясы органдарының қылмыстық-процессуалдық және жедел iздестiру жұмыстарынан басқа қызметiне басшылықты Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк салық комитетiнiң төрағасы жүзеге асырады.
      Салық полициясы органдарына жедел басшылықты Мемлекеттiк салық комитетi төрағасының орынбасары - Салық полициясы бас басқармасының бастығы жүзеге асырады. Салық полициясы бас басқармасы бастығының лауазымы мәртебесi жөнiнен Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк салық комитетi төрағасының бiрiншi орынбасарының лауазымына теңестiрiледi.
      7. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк салық комитетiнiң төрағасы Салық полициясы бас басқармасы бастығының ұсынысы бойынша салық полициясының құрылымы мен штаттық кестесiн бекiтедi, қызметке тағайындайды және қызметтен босатады, салық заңдарына сәйкес және Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк салық комитетiнiң салық полициясында қызмет өткеру туралы ережеде айқындалған тәртiппен салық полициясының қызметкерлерiне арнайы атақтар бередi.
      8. Салық полициясының бас басқармасы:
      салық басқармасы органдарының жүйесi бөлiмшелерiнiң қызметiне басшылық пен бақылауды жүзеге асырады;
      салық полициясы органдарының негiзгi бағыттар бойынша қызметiне үйлестiрудi және оның келiсiмдiлiгiн қамтамасыз етедi;
      салық полициясы бөлiмшелерiнiң заңдарды және басқа нормативтiк құқықтық актiлерiн қолдану практикасын зерделейдi және қорытады, оларды қолдану жөнiнде бұйрықтар мен әдiстемелiк нұсқаулар шығарады;
      қызметтiң негiзгi бағыттары бойынша бағалаудың өлшемдерiн белгiлейдi және ұсыныстар әзiрлейдi;
      ведомстволық мәлiметтер мен статистикалық көрсеткiштерге талдау жүргiзедi;
      салық полициясы қызметкерлерiн даярлау және олардың бiлiктiгiн арттыру жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады;
      салық полициясы қызметкерлерiн арнаулы есепке алуды жүзеге асырады;
      салықтық құқық бұзушылықтарға және қылмысқа қарсы күрес жөнiндегi халықаралық ынтымақтастық мәселелерi бойынша салықтық қызмет органдарының атынан iс-қимыл жасайды.
      9. Салық полициясы бас басқармасының жанынан, ережесiн Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк салық комитетiнiң төрағасы бекiтетiн, ғылыми-консультативтiк кеңес құрылуы мүмкiн.
      10. Салық полициясы бас басқармасының жанынан, полицияның аймақтық органдарының қолда бар бос орындарының есебiнен мiндетiне үлкен қоғамдық пiкiрге ие немесе тергеуде елеулi күрделiлiк келтiретiн материалдар бойынша практикалық көмек көрсету кiретiн, аймақаралық бөлiмшелер құрылуы мүмкiн.
      Осы iс-әрекеттер үшiн, сондай-ақ салық полициясы қызметкерлерiн өндiрiстен қол үзiп оқытуды ұйымдастыру мақсатында Салық полициясы бас басқармасының бастығына төменгi буындардағы қызметкерлердi республикалық және облыстық салық полициясы органдарына iссапарға жiберу құқығы берiлген. Бұдан басқа, Салық полициясы бас басқармасының бастығы Салық полициясының бас басқармасы орталық аппаратының бөлiм бастығына дейiнгi қызметкерлерiн, сондай-ақ облыстық салық полициясы басқармаларының басқарма бастығының орынбасарына дейiнгi қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      11. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк салық комитетiнiң Салық полициясы бас басқармасы заңды тұлға болып табылады, оқшау мүлiкке ие, банктерде есеп айырысу шоты және Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы бейнеленген, қазақ және орыс тiлдерiнде атауы жазылған мөрi бар.
      12. Облыстардың және Алматы қаласының салық полициясының басқармалары заңды тұлға мәртебесiне ие және Салық полициясы бас басқармасының бастығына - Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк салық комитетi төрағасының орынбасарына бағынады.
      13. Салық полициясы аймақтық органдарының басшылары мемлекеттiк салық басқармаларының және бөлiмдерiнiң тиiстi бастықтарымен бiрге оларға жүктелген мiндеттердi жүзеге асыруды қамтамасыз етедi, оларға бағынысты бөлiмшелердiң қызметiн ұйымдастырады, үйлестiредi және бақылап отырады.
 
             Y. Салық полициясы органдарының және оның
                лауазымды тұлғаларының құқықтық мәртебесi
 
      14. Салық полициясы органдары:
      салықты және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеу немесе толық төлемеу арқылы мемлекетке залал келтiруге әкелiп соқтырған қылмыстар туралы өтiнiштерге, хабарларға және басқа ақпараттарға тексеру жүргiзу;
      заңдарға сәйкес салық төлеушiлер туралы ақпараттың құпиялығын сақтауға;
      салықтық қылмыстарды жинақтауды, талдауды және оларға баға берудi жүргiзу және оларға жағдай туғызатын себептер мен жағдайларды жою жөнiнде тиiстi ұсыныстар енгiзуге;
      салықтарды төлеуге байланысты қылмыстарды ашу және тергеу мақсатында заңда белгiленген тәртiппен жауап алу, жедел iздестiру және тергеу қызметтерiн жүргiзуге;
      алдындағы тексерулердiң мерзiмдерiне және көлемдерiне қарамастан, салықтарды төлеуге байланысты немесе табыстарды (кiрiстердi) жасырып қалу немесе кемiту, лауазымды тұлғалар мен азаматтардың салық салынатын объектiлердi жасырып қалуы мақсатында жасалған қылмыс пен ашық құқық бұзуды, өзге де салықтарды және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеуден жалтаруды, сондай-ақ салықтарды және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi немесе толық төлемеу арқылы мемлекетке залалдар келтiрiлуге әкелiп соқтырған қылмыстарды ашуға және олардың жолын кесуге;
      өз құзыретiнiң шегiнде салықтық қызмет жұмысының қауiпсiздiгiн, оның қызметкерлерi мен олардың отбасы мүшелерiн салықтық қызмет жұмысына байланысты қылмыскерлiк және басқа құқыққа қарсы қол сұғушылықтарды қорғауды қамтамасыз етуге;
      салықтық қызмет органдарында жемқорлық және қызмет бабын пайдалану фактiлерiнiң алдын алуға, ашуға және олардың жолын кесуге;
      өз құзыретiнiң шегiнде салықты және бюджетке төленетiн басқа да төлемдердi төлеуден жалтарушы, олардың мемлекет алдында қарызы барлығы немесе декларация беруден жалтарғандығы туралы оларға қатысты ресми мәлiметтер түскен жеке және заңды тұлғаларды iздестiрудi жүзеге асыруға мiндеттi.
      15. Салық полициясына заңда көзделмеген мiндеттер жүктелiне алмайды.
      16. Салық полициясы органдарының:
      заңды тұлғалар (жұмыс режимi ерекше заңды тұлғаларды қоса алғанда) мен жеке тұлғалардың барлық ақша құжаттарына, бухгалтерлiк кiтаптарына, есептерiне, сметаларына, қолдағы ақша қаражатына, бағалы қағаздары мен құнды заттарына, есептемелерiне, декларацияларына және магниттi тасымалдаушылардағы ақпараттармен қоса, салықтарды және бюджетке төленетiн төлемдердi есептеуге және төлеуге байланысты өзге де құжаттарына тексеру жүргiзуге, ұйымдардың лауазымды адамдар мен басқа да қызметкерлерiнен, сондай-ақ азаматтардан аталған тексерулердiң барысында туындаған мәселелер бойынша анықтамалар, ауызша және жазбаша түсiнiктемелер алуға;
      Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес салықтық тергеулер жүргiзуге;
      ұйымдар мен азаматтардың өндiрiстiк, қоймалық, сауда және басқа жағдайларына бөгетсiз кiруге, оның iшiнде кез келген арнаулы техникалық құралдарды (аудио-бейне жазбаларды, кинофототүсiрулердi және басқа техникалық құралдарды) қолдану арқылы тексеру жүргiзуге, қажет болған жағдайда оларды мөрлеп жауып тастауға;
      қылмысты iс қозғау туралы мәселенi шешу кезiнде қолданылып жүрген заңдарға сәйкес қаржы-шаруашылық қызметiне тексеру және алдын ала қылмыстық зерттеу жүргiзуге;
      өз құзыретiнiң шегiнде ұйымдардың басшыларына және басқа да лауазымды адамдарына, сондай-ақ азаматтарға анықталған салықтық заңдардың бұзылуын жою туралы орындалуы мiндеттi нұсқаулар беруге және олардың орындалуын бақылауға;
      салық полициясы органының бастығының немесе оның уәкiлеттiгi бойынша орынбасарының атынан анықталған салықтық заңдардың бұзылуын жою туралы талаптарды орындамаған, тексеруге және зерттеуге жiбермеген, салық полициясының қызметкерлерiне бухгалтерлiк есептер мен баланстарды, есеп айырысуларды, декларацияларды және кiрiстер алуға, салық салынатын объектiлердiң мазмұнына, салықтарды және бюджетке төленетiн басқа да төлемдердi есептеуге және төлеуге байланысты өзге де құжаттарды бермеген жағдайларда, банктердi есеп айырысу және басқа да шоттар бойынша салық төлеушiлердiң қаржы жұмсау операцияларын анықтаған тәртiп бұзулар жойылғанға дейiн тоқтата тұруға;
      салық заңдарын бұзған ұйымдарға, лауазымды адамдар мен азаматтарға қолданылып жүрген заңдарда көзделген салықтық санкциялар мен айыппұлдарды қолдануға;
      салықтарды, айыппұлдарды және өсiмдердi белгiлеген мерзiмде төлемеген кезде заңдарға сәйкес ұйымдар мен азаматтардың жылжымалы мүлiктерiн, ақша-валюталық қаражатын қаттауға;
      лауазымды адамдар мен азаматтар жасаған құқық бұзу фактiлерi бойынша хаттамалар жасауға;
      сауда және басқа да ұйымдарда, жеке кәсiпорындарда тауарларды (өнiмдердi) бақылауға сатып алуға, ұсынылатын жұмыстар мен қызмет көрсетулердi тексеруге;
      басқа заңды тұлғалардан, банк операцияларының жекелеген түрлерiн тек қызметтiк мақсатта жүзеге асырушы банктерден, биржалар мен азаматтардан тексерiлетiн ұйымдар мен азаматтардың кәсiпкерлiк қызметi, операциялары шоттарындағы ақша қаражатының жай-күйi туралы мәлiметтер, анықтамалар, сондай-ақ құжаттар алуға;
      өз құзыретiнiң шеңберiнде, егер оларды қылмыс жасады деп күдiктенуге жеткiлiктi негiзi болмаса немесе олар әкiмшiлiк құқықты бұзған жағдайда, азаматтардан және лауазымды тұлғалардан жеке басын анықтау үшiн қажеттi құжаттарды талап етуге және тексеруге;
      Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген негiздерде және тәртiпте салықтық қылмыстарды ашу, олардың алдын алу және жолын кесу мақсатында жедел-iздестiру қызметiн, анықтау мен алдын-ала тергеудi жүзеге асыруға;
      қылмыс белгiлерi немесе құқық бұзушылық байқалған кезде қылмыстық-процессуалдық, әкiмшiлiк және өзге де заңдарда көзделген негiздерде, тәртiп пен мерзiмдерде заңды және жеке тұлғаларға шұғыл тексеру жүргiзуге;
      қолданылып жүрген заңдарға сәйкес қаруды, арнаулы құралдарды сақтауға, алып жүруге, қолдануға;
      әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы хаттама жасауға, әкiмшiлiк тұтқындауды жүзеге асыруға, сондай-ақ әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы заңдарға сәйкес әкiмшiлiк жазаға тарту шараларын қолдануға;
      уақытша оқшаулап ұстаулардың (УОҰ), тергеу оқшауларының (ТО) ақпараттық орталықтарын (АО) басқа да ақпараттық iздестiру жүйелерiнiң (жедел-iздестiру қызметiнiң объектiлерi мен субъектiлерiн есепке алудан басқа) мүмкiндiктерiн ақысыз негiзде пайдалануға;
      ақпараттарды қорғаудың техникалық құралдарын және байланыстың арнаулы құралдарын пайдалануға. Мүдделi ведомстволармен келiсiм бойынша ақысыз негiзде қажеттi телерадио байланысын пайдалануға;
      қызмет және iссапар куәлiктерiн көрсету бойынша көлiктiң барлық түрлерiне жол жүру құжаттарын кезектен тыс алуға және қонақ үйлерiнде тұру үшiн орын алуға құқы бар.
 
          YI. Салық полициясы қызметкерлерiнiң жауапкершiлiгi
                    және олардың қызметiн қадағалау
 
      17. Салық полициясының қызметкерлерi заңды бұзғаны және қызметтiк мiндеттерiн тиiстi емес түрде орындағаны үшiн заңдарда белгiленген тәртiппен жауапкершiлiкте болады.
      Салық полициясы қызметкерлерiнiң заңды және жеке тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн бұзуы салық полициясы органдарының оларға келтiрiлген зияндардың орнын толтыру жауапкершiлiгiне жатады.
      Салық полициясы қызметкерлерiнiң заңсыз iс-әрекеттерiне бағыныстылық тәртiбiмен жоғары тұрған органға, прокуратураға немесе сотқа шағым жасалуы мүмкiн.
      Салық полициясының жауап алу, тергеу және жедел-iздестiру қызметiн жүргiзу кезiнде заңдарды дәл және бiркелкi қолдануын қадағалауды прокуратура органдары жүзеге асырады.