Қазақстан Республикасының Радиожиiлiктер жөнiндегi мемлекеттiк ведомствоаралық комиссиясы туралы Ереженi бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 21 қараша N 1418

Қолданыстағы

     "Қазақстан Республикасының радиожиiлiктер жөнiндегi мемлекеттiк
ведомствоаралық комиссиясы туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
1996 жылғы 15 қазандағы N 1266  

P961266_

  қаулысына сәйкес Қазақстан
Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
     Қазақстан Республикасының Радиожиiлiк жөнiндегi мемлекеттiк
ведомствоаралық комиссиясы туралы қоса берiлiп отырған Ереже
бекiтiлсiн.

     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрi 
     

                                       Қазақстан Республикасы
                                            Үкiметiнiң
                                      1966 жылғы 21 қарашадағы
                                         N 1418 қаулысымен
                                            БЕКIТIЛГЕН

           Қазақстан Республикасының радиожиiлiктер жөнiндегi
             мемлекеттiк ведомствоаралық комиссиясы туралы
                                ЕРЕЖЕ 
     
                           1. Жалпы ережелер 
     


      1. Қазақстан Республикасының Радиожиiлiктер жөнiндегi мемлекеттiк ведомствоаралық комиссиясы (бұдан әрi - Радиожиiлiктер жөнiндегi комиссия) радиожиiлiк спектрiн басқару, бөлу және пайдалану саласындағы бiрыңғай мемлекеттiк саясатты қалыптастыру, сондай-ақ радиоэлектронды құралдардың электр магниттiк сыйымдылығын қамтамасыз ету жөнiндегi орган болып табылады.
      2. Радиожиiлiктер жөнiндегi комиссия өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiн, белгiленген тәртiпте бекiтiлген электр және радио байланысы саласындағы халықаралық конвенцияларды, Электр байланысы халықаралық одағының жетекшi құжаттарын, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
      3. Радиожиіліктер жөніндегі комиссия өз қызметін Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Көліктік бақылау комитетімен бірлесіп жүзеге асырады. <*>
      ЕСКЕРТУ. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚРҮ-нің 1998.12.23. N 1322
               қаулысымен. P981322_

                            2. Мiндеттерi

      4. Радиожиiлiк спектрiн бөлу және пайдалану мәселелерiмен айналысатын халықаралық ұйымдарда Қазақстан Республикасының мүдделерiн бiлдiру және қорғау.
      5. Қазақстан Республикасының радиоқызметтері арасында 3 кГц-тен 400 ГГц-ке дейінгі жиіліктер диапазонындағы жиіліктер белдеулерін бөлу кестесін жүргізу. <*>
      ЕСКЕРТУ. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2000.06.26. N 947
               қаулысымен. P000947_
      6. Радиоэлектронды техниканы дамыту тенденциясы негiзiнде радиожиiлiк спектрiн бөлу және пайдалану саласындағы ұзақ мерзiмдi саясатты әзiрлеу.
      7. Мемлекеттің шектеулі табиғи ресурсы ретінде радиожиілік спектрін пайдаланудың тиімділігін арттыру.
      ЕСКЕРТУ. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2000.06.26. N 947
               қаулысымен. P000947_

      8. Қазақстан Республикасының радиоэлектронды аппаратураға шетелге тапсырыс берушi, әзiрлеушi, оны пайдаланушы немесе сатып алушы барлық министрлiктерiнiң, ведомстволары мен ұйымдарының жұмыстарын үйлестiру.
      9. Радиоэлектронды құралдарды дайындау, шығару және Қазақстан Республикасының ішкі рыногына әкелу кезінде олардың негізгі техникалық сипаттамалары мен қойылатын өзге де талаптарды айқындау. <*>
      ЕСКЕРТУ. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2000.06.26. N 947
               қаулысымен. P000947_

                            3. Функциялары

      10. Мыналар:
      1) ақпаратты жинау мен есепке алудың бірыңғай мемлекеттік жүйесін құру және дамыту радиожиілік спектрін пайдалану жөніндегі басқару процестерін автоматтандыру;
      2) халықаралық регламентке сәйкес радиожиілік спектрін конверсиялауды ұйымдастыру;
      3) радиожиілік белдеулерін бөлу мен пайдалануды, спутниктік жүйелер (желілер) үшін геостационарлық орбитадағы жасанды спутниктердің тұру нүктесін (учаскелерін) жоспарлау;
      4) Қазақстан Республикасында дайындалатын, (моделі жасалатын), шығарылатын және шетелден сатып алынатын радиоэлектронды құралдар үшін радиожиіліктер белдеулері мен номиналдарын бөліп көрсету;
      5) Қазақстан Республикасының аумағында негізгі пайдаланушылардың радиоқызметтерінің радиожиілік спектрін пайдалану жөніндегі өзара іс-қимылын ұйымдастыру жөнінде ұсыныстар енгізеді. <*>
      ЕСКЕРТУ. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2000.06.26. N 947
                қаулысымен. P000947_

      11. Ақпаратты белсендi қорғаудың құралдары мен жүйелерiн, олардың әртүрлi мақсаттағы радиоэлектронды құралдармен электр магниттi сыйымдылығы бөлiгiнде пайдалануға қойылатын жалпы талаптарды келiседi. <*>
      ЕСКЕРТУ. 11-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.06.26. N 947
               қаулысымен. P000947_

      12. Олардың электромагниттік үйлесімділігін қамтамасыз ету үшін радиоэлектронды құралдарды жиіліктік-аумақтық бөлу нормаларын қарайды
      ЕСКЕРТУ. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2000.06.26. N 947
               қаулысымен. P000947_

      13. Қазақстан Республикасының радиоқызметтері арасында 3 кГц-тен 400 ГГц-ке дейінгі жиіліктер диапазонындағы жиіліктер белдеулерін бөлу кестесін одан әрі жетілдіру жөніндегі іс-шараларды жүргізеді, жиіліктер белдеулерін қосымша (ішкі) бөлу мүмкіндігін және жаңа радиобайланыс техникасы мен технологияларын пайдалану жағдайларын қарастырады. <*>
      ЕСКЕРТУ. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2000.06.26. N 947

              қаулысымен.  

P000947_

 
     13-1. Қазақстан Республикасының аумағында жиіліктік-аумақтық бөлу 
жоспарларын қарайды. 
<*>

     ЕСКЕРТУ. Жаңа 13-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2000.06.26. 
              N 947 қаулысымен.  

P000947_

 
     14. ГОСТ-сы жоқ көпшiлiк пайдаланатын радиоэлектронды
құралдардың жекелеген түрлерiн әзiрлеу, өндiру және шетелден сатып
алу үшiн үлгiлiк талаптарды, негiзгi техникалық сипаттамаларды
(нормаларды) айқындайды, сондай-ақ радиоэлектронды құралдардың барлық
түрлерi үшiн радиожиiлiк белдеулерiн (номиналдарын) бөлу туралы шешiм
қабылдайды. 
<*>

     ЕСКЕРТУ. 14-тармақ 3 бөлімге енгізілді - ҚР Үкіметінің 2000.06.26.    
              N 947 қаулысымен.  

P000947_

 
     
                            4. Құқықтар 
     
     15. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарына
белгiленген тәртiппен:
     1) радиожиiлiк спектрiн пайдалану саласында құқықтық заңдарды
жетiлдiру;


      2) радио сәулелену нормалары мен индустриалды радио кедергiлердiң рұқсат етiлген нормаларына сәйкес келмейтiн радиоэлектронды құралдарды, жоғары жиiлiктi құрғыларды, электр жабдықтары мен басқа да техникалық құралдарды әзiрлеудi және өндiрудi тоқтата тұру мен тыйым салу жөнiнде ұсыныстар енгiзедi. <*>
      ЕСКЕРТУ. 15-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.06.26. N 947
               қаулысымен. P000947_
      16. Радиожиiлiк жөнiндегi комиссияның құзыретiне жататын мәселелер бойынша радио электронды құралдарды пайдаланушылардан қажеттi ақпаратты сұратып алады.
      17. Техникалық сараптамалар, консультациялар жүргiзу, Радиожиiлiк жөнiндегi комиссияның қарауына жататын өзге де мәселелердi әзiрлеу үшiн ғылыми-зерттеу мекемелерi мен оны оқу орындарын тартады.
      18. Радиожиiлiк спектрiн бөлу және пайдалану саласында ұсыныстарды қарау мен енгiзу үшiн мүдделi министрлiктер мен ведомстволардың келiсiмi бойынша мамандарды тұрақты түрде немесе уақытша комиссияларға және жұмыс топтарына тартады.

              5. Радиожиіліктер жөніндегі комиссияның
                      қызметін ұйымдастыру <*>

      19. Радиожиіліктер жөніндегі мемлекеттік ведомствоаралық комиссияны комиссияның төрағасы - Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрі басқарады. Комиссияға төрағаның орынбасары және Қазақстан Республикасы министрліктері мен агенттіктерінің басшы қызметкерлері кіреді. Комиссияның құрамы министрліктер мен агенттіктер ұсынған кандидатуралар негізінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітіледі. <*>
      ЕСКЕРТУ. 19-тармақ өзгерді - ҚРҮ-нің 1998.12.23. N 1322 қаулысымен.
               P981322_
      ЕСКЕРТУ. 19-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2000.06.26. N 947
               қаулысымен. P000947_

      20. Радиожиiлiк спектрiн бөлу және пайдалану саласындағы Радиожиiлiк жөнiндегi комиссияның шешiмдерi Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң актiлерi арқылы жүзеге асырылады.
      21. Радиожиіліктер жөніндегі комиссияның мәжілістері тоқсанына кемінде бір рет өткізіледі. Егер мәжіліске оның мүшелерінің жартысынан кем емес бөлігі қатысса ғана, ол құқықты деп есептеледі. Комиссияның шешімдері ашық дауысқа салумен қабылданады және егер мәжіліске қатысып отырған комиссия мүшелерінің жартысынан астамы жақтап дауыс берсе, олар қабылданған болып есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда, төраға дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.
      Мәжілістің материалдары оның өткізілуінен он күн бұрын мерзімде

комиссияның барлық мүшелеріне алдын ала жіберіледі. 
     Комиссия мүшелерінің ерекше пікірге құқығы бар, оны білдірген 
жағдайда, ол жазбаша түрде баяндалуы және комиссияның есеп-хатына қоса 
берілуі тиіс. 
     Комиссияның мәжілістерін жүргізу нәтижелері бойынша оның мәжіліске 
қатысқан мүшелерінің қолдары қойылған хаттама жасалады. 
<*>

     ЕСКЕРТУ. 21-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2000.06.26. N 947  
              қаулысымен.  

P000947_

 

     22. Радиожиiлiктер жөнiндегi комиссияның төрағасы:
     1) комиссияның қызметiне басшылық етедi және оған жүктелген
мiндеттердiң орындалуына дербес жауап бередi; 
<*>

     2) өзiнiң орынбасарларының жауапкершiлiк дәрежесiн белгiлейдi. 
<*>

     2-1) комиссия жұмысының перспективалық және ағымдық жоспарларын жыл 
сайын бекітеді. 
<*>

     ЕСКЕРТУ. 22-тармақ өзгерді және толықтырылды - ҚР Үкіметінің          
              2000.06.26. N 947 қаулысымен.  

P000947_

 

     23. 
<*>
 
     ЕСКЕРТУ. 23-тармақ алынып тасталды - ҚРҮ-нің 1998.12.23. N 1322 
              қаулысымен.  

P981322_