"Павлодартрактор" акционерлiк қоғамын қаржы-экономикалық сауықтыру және машина жасау кешенiнiң басқа кәсiпорындарымен кооперациялау туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 20 қарашадағы N 1414 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 сәуірдегі N 381 Қаулысымен

Күшін жойған

       Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.04.23  N 381  Қаулысымен.

      "Павлодартрактор" акционерлiк қоғамында қаржы-экономикалық сауықтыру процедурасы жүргiзiлгеннен берi 2865 трактор мен булдозер шығарылды, кредиторлық берешектiң, еңбекақы жөнiндегi берешектiң бiр бөлiгi өтеледi, ағымдағы төлемдер жүзеге асырылуда. 
      Республиканың агроөнеркәсiп кешенiн ауыл шаруашылық техникалар мен одан әрi қамтамасыз ету және "Павлодартрактор" акционерлiк қоғамының өндiрiсiн тұрақтандыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: 
      1. Республикада ДТ-75 тракторын шығарудың негiзiнде және негiзгi торабы мен жиынтық бұйымдарын дайындай отырып Т-95 тракторын шығаруға көшудi аралас кәсiпорындармен ұйымдастырудың "Ауылшармаш" акционерлiк компаниясы мен "Павлодартрактор" акционерлiк қоғамының ұсынған "Павлодартрактор" акционерлiк қоғамын кооперациялаудың тұжырымдамалық схемасына келiсiм берiлсiн. 
      2. "Павлодартрактор" акционерлiк қоғамының жылына 4000 данадан кем емес трактор шығару үшiн шарттармен қамтамасыз етiлуi ескерiлсiн. 
      Тракторлар шығарудың 25 процентiне дейiн "Қазақстан Республикасының агроөнеркәсiп кешенiн машина жасау өнiмiмен қамтамасыз ету жөнiнде лизинг қорын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 29 қаңтардағы N 117 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж, N 6, 34-бап) сәйкес Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi жанынан құрылған лизинг қоры есебiнен Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдаудың мемлекеттiк қоры және лизинг шарттарына сәйкес ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлердi техникамен қамтамасыз ету үшiн сатып алынады деп белгiленсiн. 
      3. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Медетшi банкiсiн "Ауылшармаш" акционерлiк компаниясымен бiрлесе отырып 1996-1997 жылдары "Павлодартрактор" акционерлiк қоғамының бағдарламасына: 
      "Петропавл ауыр машина жасау заводы", "Семей машина жасау заводы" және "Қостанай дизель заводы" акционерлiк қоғамдарын тарта отырып "Алматы станок жасау заводы" акционерлiк қоғамының негiзiнде "Павлодар трактор" акционерлiк қоғамының трансмиссиялар шығаруын ұйымдастырсын; 
      "Поршень" және "Литмаш" акционерлiк қоғамдарын тарта отырып "Қостанай дизель заводы" акционерлiк қоғамында КДЗ-642 двигательдерiн шығаруды қамтамасыз етсiн. 
      4. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi, Қаржы министрлiгi өндiрiстi ұйымдастыруға байланысты күрделi шығындарды қосымшаға сәйкес мөлшерде қайтарымды негiзде қаржыландыру мүмкiндiгiн қарастырсын. 
      5. Кооперацияның қабылданған тұжырымдамалық схемасына сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Медетшi банкiнiң Кеңесi "Павлодартрактор" акционерлiк қоғамының және Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Медетшi банкiне қызмет көрсетуге берiлген аралас кәсiпорындарының қайта құру процедурасын жүргiзу жоспарын бекiтсiн, сондай-ақ вексельдiк кредиттеу мүмкiндiгiн қарастырсын. 
      6. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi, мемлекеттiк Медетешi банкi "Павлодартрактор" акционерлiк қоғамын қаржы-экономикалық сауықтыруға Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Медетшi банкiнiң Кеңесiнде санация жоспарын бекiткен соң 415 миллион (төрт жүз он бес) теңге сомада кредит ресурсын бөлсiн. 
      7. Санация жоспарына сәйкес "Павлодартрактор" акционерлiк қоғамына берiлген кредит ресурстарын 1997-1998 жылдары қайтару жөнiндегi Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлiгi ұсынған схемаға келiсiм берiлсiн. 
      Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Медетшi банкi кредит ресурстарын қайтаруға қатаң бақылау орнатсын. 
      8. "Ауылшармаш" акционерлiк компаниясы, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Медетшi банкi Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетiмен бiрлесе отырып 1997 жылғы 1 қаңтарға дейiнгi мерзiмде сатуға жататын "Павлодартрактор" акционерлiк қоғамын қайта ұйымдастыруды жүргiзiп, "Павлодартрактор" акционерлiк қоғамының мүлiк тiзбесiн анықтап және оны заңда белгiленген тәртiппен сату үшiн Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне берсiн. 
      9. "Павлодартрактор" акционерлiк қоғамының мүлкiн сатудан түскен қаржы санация жоспарына сәйкес "Павлодартрактор" акционерлiк қоғамына берiлген Қазақстан Республикасы мемлекеттiк Медетшi банкiнiң кредиттерiн өтеуге жiберiлсiн. 
      10. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi директивтi және басқа орталықтандырылған кредиттерi жөнiндегi "Павлодартрактор" акционерлiк қоғамының берешегiн Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Медетшi банкiне белгiленген тәртiппен қайта хаттасын. 
      11. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi, заңда белгiленген тәртiппен екi апта мерзiмде Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлiгi бекiткен "Ауылшармаш" акционерлiк компаниясының ұсынысы бойынша машина жасау кәсiпорындарының станок паркi мен технологиялық жабдықтарды көшiру мәселесiн шешетiн болсын.
      12. Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы министрлiгi техника-экономикалық көрсеткiштерi мен мемлекеттiк бағасын белгiлей отырып "Павлодартрактор" акционерлiк қоғамының игерiлген және шығаруға әзiрленген Қазақтың Бас машина сынау станциясында мемлекеттiк сынақ жүргiзудi қамтамасыз етсiн.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

                                            Қазақстан Республикасы
                                                 Үкiметiнiң
                                           1996 жылғы 20 қарашадағы
                                               N 1414 қаулысына
                                                   қосымша

      ДТ-75 және Т-95 тракторларына арналған трансмиссиялар
      және двигателдi жасауға байланысты қаржы шығынының
                           КӨЛЕМДЕРI

                                                        (мың теңге)
___________________________________________________________________
                                                     Сомасы
___________________________________________________________________

         Трансмиссия өндiрiсiне арналған

"Павлодартрактор" акционерлiк қоғамы                   45000
"Станок жасау зауыты" акционерлiк қоғамы               36000
"Семей машина жасау зауыты" акционерлiк қоғамы         6909
"Қостанай дизель зауыты" акционерлiк қоғамы            5657
"Петропавл ауыр машина жасау зауыты" акционерлiк
қоғамы                                                 9702

     Барлығы                                          103268

         Двигатель өндiрiсiне арналған
"Қостанай дизель зауыты" акционерлiк қоғамы            31775

     Жиыны                                             135043