"Азаматтардың жекелеген санаттарына жеңiлдiктер беру мен министрлiктерге, мемлекеттiк комитеттерге, орталық, жергiлiктi атқарушы органдарға және басқа да заңды тұлғаларға оларға байланысты шығындарды өтеудiң Тәртiбiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 29 сәуiрдегi N 527 P960527_ қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 18, 155-құжат) бекiтiлген "Азаматтардың жекелеген санаттарына жеңiлдiктер беру мен министрлiктерге, мемлекеттiк комитеттерге, орталық, жергiлiктi атқарушы органдарға және басқа да заңды тұлғаларға оларға байланысты шығындарды өтеудiң Тәртiбiне" мынадай өзгертулер енгiзiлсiн:
45-тармақтың бiрiншi абзацындағы "Автомобиль (қала аралықтан басқа) және электр көлiгi кәсiпорындарына жеңiлдiктер берудiң шығындарын өтеу" деген сөздер "Тасымалдаушыларға автомобиль (қала аралықтан басқа) және электр көлiгiнде жүру бойынша жеңiлдiктер беруге жұмсалған шығындарды өтеу" деген сөздермен ауыстырылсын;
екiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Қалалық жолаушылар көлiгiнiң (таксиден басқа) барлық түрлерiнде және ауылдық жерлерде әкiмшiлiк аудан шегiнде жүру үшiн бiр жолғы немесе жол жүру билетi негiз болып табылады. Тұрғылықты жерi бойынша әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк (ауданның, қаланың) шегiнде пайдаланудағы көлiкте (таксиден басқа) жүруге жеңiлдiк алған азаматтардың
әлеуметтiк мәртебесiн растайтын құжаттың негiзiнде тегiн немесе
жеңiлдiктi негiзде жолда жүру билетi берiледi. Көлiкте жүруге
жеңiлдiк берiлген азаматтардың құқығын қамтамасыз ететiн тәртiптi
облыстардың әкiмдерi белгiлейдi".
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi