"Каскор" акционерлiк компаниясы мен Маңғыстау облысының химиялық кешенi кәсiпорындарын қайта ұйымдастыру шаралары туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 8 қараша N 1358

Қолданыстағы
      "Каскор" акционерлiк компаниясы кәсiпорындарында қалыптасқан дағдарысты жағдайдан шығу және қаржы-экономикалық сауықтыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. "Төлем жасауға қабiлетсiз кәсiпорындарды" Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Медетшi банкiне беру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 12 мамырдағы N 656 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 17, 194-құжат) қосымшаға мынадай өзгертулер енгiзiлсiн:
      мемлекеттiк Медетшi банкiне берiлген төлем жасауға қабiлетсiз кәсiпорындар тiзбесiнен:
      Маңғыстау облысы "Қатэп" ҰАҚ "Каскор" шығарылсын.
      2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi белгiленген заң тәртiбiмен:
      бiр ай мерзiмде "Каскор" акционерлiк компаниясы акционерлерiнiң жалпы жиналысына кейбiр құрылымдық бөлiмшелердi бөлу балансына бойынша құрамнан шығару жолымен қайта құру мәселесiн (тiзбесi қоса берiлiп отыр) енгiзсiн және мүдделi министрлiктер мен ведомстволармен бiрлесiп олардың ұйымдық құқықтық нысанын айқындасын.

     Маңғыстау облысының әкiмiмен бiрлесiп, әлеуметтiк сала
объектiлерiн жергiлiктi басқару органдарының балансына беру мәселесiн
шешсiн.
     3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан
Республикасының Экономика министрлiгiне жүктелсiн.

     Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрi
                                       Қазақстан Республикасы
                                           Үкiметiнiң
                                      1996 жылғы 8 қарашадағы
                                          N 1358 қаулысына
                                           Қосымша

            "Каскор" акционерлiк компаниясы құрамынан бөлу балансы
             бойынша бөлiнiп шығарылатын құрылымдық бөлiмшелердiң
                                Т I З Б Е С I

     Минералды тыңайтқыштар өндiрушi химиялық кешенi кәсiпорындары
     (химия-металлургия зауыты, азотты-тыңайтқыш заводы, күкiрт-қышқылы
     зауыты)

     Тiс сықпаларын жасаушы зауыт

     Жөндеу-механика зауыты

     Өндiрiстiк-техникалық байланыс басқармасы

     КИП және А орталық лабораториясы

     ОҒЗЛ орталық ғылыми-зерттеу лабораториясы

     Темiржол көлiгi басқармасы

     Әлеуметтiк сала объектiлерi