"Қазақстан метрология институты (ҚазМетИн)" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнын құру туралы <*>

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 1 қараша N 1342

Қолданыстағы
      ЕСКЕРТУ. Тақырыбында және мәтіндегі сөздер ауыстырылды - ҚР Үкіметінің
               2000.08.09. N 1227 қаулысымен. P001227_

      "Мемлекеттiк кәсiпорын туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2335 U952335_ Заң күшi бар Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Шаруашылық жүргiзушi құқығында "Қазақстан метрология институты (ҚазМетИн)" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны (бұдан әрi - мемлекеттiк кәсiпорын) құрылсын.
      Қазақстан Республикасының Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитетi мемлекеттiк басқару органымен мемлекеттiк кәсiпорынға қатысты субъектiнiң функциясын жүзеге асыратын мемлекеттiк меншiк құқығын айқындасын.
      2. Мемлекеттiк кәсiпорынның негiзгi мiндеттерi:
      Қазақстан Республикасында жасалатын және импортталатын өлшеу құралдарына белгiленген талаптарға сәйкес сынақ жүргiзу;
      лицензиялауға жататын өлшеу құралдарын жасау, тексеру және жөндеу, сату және уақытша пайдалануға беру жөнiндегi заңды және жеке тұлғалардың қызметiн зерттеу және дайындау, болып айқындалсын;
      халықаралық талаптарға сай өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету үшiн метрология жөнiндегi техникалық (эталондық) базаны және нормативтiк құжаттардың үйлесiмділігiн жетiлдiру, метрология бойынша оларды тiркеу кезiнде ұйымдарды техникалық тексеру, осы салада мамандарды даярлау және бiлiктiлiгiн көтеру. <*>
      ЕСКЕРТУ. 2-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.08.09. N 1227
               қаулысымен. P001227_

      3. Қазақстан Республикасының Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитетi бiр ай мерзiм iшiнде мемлекеттiк кәсiпорын жарғысын бекiтсiн және оны белгiленген тәртiпте тiркесiн.
      4. Қазақстан Республикасының Стандарттау, метрология және

сертификаттау жөнiндегi комитетi Қазақстан Республикасының Әдiлет
министрлiгiмен бiрлесiп бiр ай мерзiм iшiнде мемлекеттiк кәсiпорынды
тiркеу, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қарауына Қазақстан
Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790  

P960790_

 
қаулысымен бекiтiлген Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың 
тiзбесiн толықтыру жөнiнде ұсыныс енгiзсiн.

     Қазақстан Республикасы
       Премьер-Министрiнiң
       бiрiншi орынбасары