Оқулықтарды жалпы бiлiм беретiн мектептерге бөлшек сатуды енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 1 қараша N 1338. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2000.02.03. N 157 қаулысымен. ~P000157

Күшін жойған
      Жалпы бiлiм беретiн мектептердiң оқушыларын оқулықтармен барынша толық және дер кезiнде қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Жалпы орта бiлiм беретiн мектептердiң оқушыларын 1997-2000 жылдар iшiнде оқулықтарды ақылы пайдалануға кезең-кезеңiмен көшiру жүзеге асырылсын.
      1997/98 оқу жылынан бастап 10-11 сыныптарға арналған оқулық әдебиеттердiң барлық түрiн бөлшек сату енгiзiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгi:
      Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен бiрлесiп оқушыларды оқулықтармен ақылы қамтамасыз етуге барлық үлгiдегi мектептердi көшiрудiң тәртiбi мен мерзiмiн бекiтсiн;
      баспалардан шыққан дайын оқулықтарға дер кезiнде төлем жасауды және оларды әкетудi, тасымалдау мен сатуды Бiлiм министрлiгiнiң тиiстi бөлiмшелерi мен жергiлiктi органдары оқулық әдебиеттердiң сатылған бөлiгi үшiн тоқсан сайын сомаларын қайтара отырып ұйымдастырсын. Оқулық кiтаптарды жеткiзуге, жинақтауға және сатуға байланысты шығындар нақты жұмсалған шығыстар жөнiнде облыстар бойынша 20 проценттен аспайтын мөлшерде, ал облыстың iшiнде жеткiзiлетiн жерге дейiн - оларды босату құнының 30 процентiне дейiн деп белгiленсiн. Оқу әдебиеттерiн облыстарға дейiн жеткiзу жөнiндегi көлiк-экспедициялық шығыстар үшiн бақылау жасау Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгiне, облыс iшiндегi тасымалдау бойынша - облыстық бiлiм басқармаларына (департаменттерiне) жүктелсiн;
      Қазақстан Республикасының Баспасөз және бұқаралық ақпарат iстерi жөнiндегi ұлттық агенттiгiмен бiрлесiп мектеп оқулықтарын жаңартудың перспективалық және жылдық жоспарларын әзiрлесiн, сондай-ақ басылымның таралымын, оқулықтарды басып шығару, әрбiр сынып және пән бойынша жеткiзу мерзiмiн, цикл бойынша олардың басылуын кезеңдiк тоқтатуды ескере отырып мектеп кiтапханасын қорландыруды белгiлесiн; басылымның өзiндiк құнын азайту және сапасын жақсарту мен басып шығару мерзiмiн қысқарту мақсатында баспаханалар арасында республикалық полиграфиялық базаға арналған тапсырыстарды орналастыру шарттарымен оқулық әдебиеттердi басып шығару құқығына тендер жарияласын; республикада конкурстық негiзде жалпы бiлiм беретiн мектептер үшiн орыс тiлiн оқытуға Ресей Федерациясынан оқулық әдебиеттердi сатып алу санын кезеңдiк қысқарту мақсатында түпнұсқалық оқулықтар мен оқу-әдiстемелiк құралдарды дайындау мен басып шығарудың перспективалық жоспарын әзiрлесiн;
      Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен бiрлесiп аз қамтылған және көп балалы отбасыларының балаларын, интернат мекемелерi мен балалар үйлерiнiң тәрбиеленушiлерiн оқулықтармен тегiн және жеңiлдiктi қамтамасыз ету тәртiбi мен шарттарын бекiтсiн.
      Ақылы оқулықтарға бiрыңғай тiркелген бағалар енгiзiлсiн, ол кiтап қабының 4-бетiне немесе түптемесiне басылып жазылуға тиiс. Оқушылардың әлеуметтiк қорғалмаған бөлiгiне арналған оқулықтарға "Тегiн" деген белгi қойылуға тиiс.
      3. Республикада орыс тiлiнде оқытылатын мектептер үшiн оқулықтар басып шығаруға толық көшкенге дейiн Ресей Федерациясының "Просвещение" баспаханасы басып шығаратын оқулықтарды сатып алуға тапсырыс көлемi мәселелерiн айқындау республикалық бюджеттен қаржыландырылатын қолданылып жүрген тәжiрибе негiзiнде Қазақстан Республикасы Бiлiм министрлiгiнiң еншiсiнде қалуға тиiс.
      4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi 1997 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгiне аз қамтылған отбасыларының балаларына, интернат мекемелерi мен балалар үйлерiнiң тәрбиеленушiлерiне ұсынылған шығыстар сметасы бойынша тегiн берiлетiн оқулықтарды сатып алуға орталықтандырылған тәртiппен қаражат бөлсiн.
      5. "1996 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан

Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 21 желтоқсандағы N 2700 Заң
күшi бар Жарлығын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң 1996 жылғы 11 қаңтардағы N 53 қаулысының 20-тармағының
күшi жойылған деп танылсын.

     Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрiнiң
      бiрiншi орынбасары