Қазақстан Республикасы Үкiметi Аппаратының Республикалық мемлекеттiк өндiрiстiк-пайдалану бiрлестiгiнiң баспаханасы туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 1 қараша N 1327. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2000.10.26. N 1597 қаулысымен. ~P001597

Күшін жойған
      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасы Үкiметi Аппаратының Республикалық мемлекеттiк өндiрiстiк-пайдалану бiрлестiгiне Қазақстан Республикасы Президентi мен Министрлер Кабинетi Аппаратының Iс басқармасы өндiрiстiк-пайдалану бiрлестiгi баспаханасының базасында еншiлес кәсiпорын - Қазақстан Республикасы Үкiметi Аппаратының Республикалық

мемлекеттiк өндiрiстiк-пайдалану бiрлестiгiнiң баспаханасын құруға
рұқсат етiлсiн.
     2. Қазақстан Республикасы Үкiметi Аппаратының Республикалық
мемлекеттiк өндiрiстiк-пайдалану бiрлестiгi жоғарыда аталған
баспахана жарғысын белгiленген тәртiппен бекiтсiн.

     Қазақстан Республикасы
       Премьер-Министрiнiң
       бiрiншi орынбасары