1. Жекешелендiру объектiлерiнiң құнын бағалау жөнiндегi Ереженi бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 6 мамырдағы N 562 P960562_ қаулысымен бекiтiлген Жекешелендiру объектiлерiнiң құнын бағалау жөнiндегi Ережеге (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 19, 166-құжат) мынадай өзгерiс пен толықтырулар енгiзiлсiн:
11-мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Мiндеттемелерi кәсiпорынның активтерiнiң құнынан асқан жағдайда кәсiпорынның бастапқы бағасы кәсiпорын активтерiнiң жалпы құнының кемiнде 10 процентi мөлшерiнде белгiленедi (кәсiпорын бiрлiгi балансының 360-жолы)";
14-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Егер мiндеттеме кәсiпорынның құрылымдық бiрлiгi активтерiнiң жалпы құнынан асқан жағдайда бастапқы баға кәсiпорын бiрлiгi активтерiнiң жалпы құнының кемiнде 10 процентi мөлшерiнде белгiленедi (кәсіпорын бiрлiгi балансының 360-жолы)";
19-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"90 проценттен аса тозған негiзгi құралдар негiзгi қорларды ұлғайту коэффициентiн ескере отырып, баланстық қалпына келтiру құнының 10 процентi мөлшерiнде бағаланады";
III бөлiмiнiң атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"III. Саудаластықта сату кезiнде шаруашылық серiктестiктерi
акцияларының мемлекеттiк пакеттерiн және жарғылық қордағы үлестерiн бағалау"; мынадай мазмұндағы 3-бөлiмшемен толықтырылсын: "3. Шаруашылық серiктестiктерiнiң жарғылық қорындағы мемлекет үлесiнiң құнын айқындау. 30. Шаруашылық серiктестiгiнiң жарғылық қорындағы мемлекет үлесiнiң құнын айқындау үшiн осы Ереженiң 26-тармағына сәйкес акциялардың есеп айырысу құнын (АЕҚ) айқындау формуласы бойынша алынған шаманы серiктестiктiң жарғылық қорындағы мемлекет үлесiнiң проценттiк шамасына көбейтiп, 100%-ке бөлу керек". Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң бiрiншi орынбасары