Атырау облысында энергетиканың қаржылық және шаруашылық қызметiн дамыту және аймақты энергиямен жабдықтауды сенiмдi әрi үздiксiз қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Қазақстан Республикасының Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлiгiмен бiрлесiп бiр ай мерзiмде заңда белгiленген тәртiппен "Атырауэнерго" республикалық мемлекеттiк кәсiпорын ашық түрдегi акционерлiк қоғам етiп қайта ұйымдастырсын.
Әлеуметтiк сала объектiлерi заңда белгiленген тәртiппен жергiлiктi атқарушы органдарға берiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi осы құрылып жатқан ашық түрдегi акционерлiк қоғамның мемлекеттiк акциялар пакетiн Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң келiсiмiмен сатады.
3. "Электр энергетикасындағы жекешелендiру және қайта құрылымдау бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 30 мамырдағы N 663 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы , 1996 ж., N 25, 210-құжат) 1-қосымшадағы Қазақстан Республикасының Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлiгiнiң 1996 жылы коммуналдық меншiкке берiлетiн энергетикалық жүйесiнiң мемлекеттiк кәсiпорындары мен құрылымдық бөлiмшелерi тiзбесiнен:
"Атырау жылу топтары АҚ бiрге (Атырауэнергия)" деген жол алынып тасталсын.
4. "Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың Тiзбесi туралы"Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 29,256-құжат) бекiтiлген республикалық мемлекеттiк кәсiпорындар Тiзбесiнен реттiк нөмiрi 96-жол алынып тасталсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi