Ертiс-Қарағанды каналын санитарлық қорғау режимi туралы ереженi бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 14 қазан N 1259

Қолданыстағы
      Орталық Қазақстан орталықтандырылған шаруашылық-ауыз сумен, өнеркәсiп және ауыл шаруашылығын сумен жабдықтау көзi ретiнде Ертiс-Қарағанды каналын берiлетiн судың тиiстi сапасы мен оны пайдаланудың санитарлық сенiмдiлiгін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Ертiс-Қарағанды каналын санитарлық қорғау режимi туралы қоса

берiлiп отырған Ереже бекiтiлсiн.
     2. Қазақ КСР Премьер-Министрiнiң 1991 жылғы 6 қарашадағы N 187
өкiмiнiң күшi жойылған деп танылсын.

     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрi

                                      Қазақстан Республикасы
                                            Үкiметiнiң
                                      1996 жылғы 14 қазандағы
                                         N 1259 қаулысымен
                                            Бекiтiлген 

           Ертiс-Қарағанды каналын санитарлық қорғау
                         режимi туралы
                            ЕРЕЖЕ



      Осы Ережеде Орталық Қазақстанды орталықтандырылған шаруашылық-ауыз сумен, өнеркәсiп және ауыл шаруашылығын сумен жабдықтаудың көзi ретiнде Ертiс-Қарағанды каналынан берiлетiн судың тиiстi сапасы мен оны пайдаланудың санитарлық сенiмдiлiгiн қамтамасыз ету мақсатында каналды санитарлық қорғау режимiне қойылатын негiзгi талаптар белгiленедi.

      1. Ертiс-Қарағанды каналын санитарлық қорғау аймағы

      1. Ертiс-Қарағанды каналын санитарлық қорғау аймағы екi белдеу құрамында: бiрiншiсi - қатаң режим белдеуi, ал екiншiсi - шектеу белдеуi деп белгiленедi.
      2. Ертiс-Қарағанды каналын санитарлық қорғау аймағының бiрiншi белдеуiнiң шекарасы:
      а) Белая өзенiнiң тармағында қайнар көзiнен бастап су жинауға дейiнгi барлық ұзына бойына Белая өзенiнiң тармақталар сағасынан бастап енi сол жағалауы бойынша 0,25 шақырым, оң жағалауы бойынша 0,5 шақырым;
      б) канал бойынша: барлық ұзына бойына 0,3 шақырым, канал сағасынан бастап 0,15 шақырымнан;
      в) Екiбастұз және Тұзды су қоймасы бойынша 1-10 гидротораптары; жергiлiктi рельефтерге байланысты НПУ кезiндегi су деңгейiнен 0,1-ден 0,3 шақырымға дейiн белгiленедi.
      3. Ертiс-Қарағанды каналын санитарлық қорғау аймақтарының бiрiншi белдеудiң шекаралары су жинау, елдi мекендер, канал арқылы өтетiн көпiрлер, қалқалаушы құрылыстар мен резервтiк су қоймалары (Тұзды, Екiбастұз) ауданында далалық үлгiдегi шарбақпен қоршалынады.
      4. Ертiс-Қарағанды каналын санитарлық қорғау аймағының екiншi белдеуiнiң шекаралары осы Ережедегi қосымшаға сәйкес белгiленедi.
      5. Ертiс-Қарағанды каналын санитарлық қорғау аймағының бiрiншi белдеудiң шекаралары белгiленген тәртiппен жер бөлiнiп берiлгеннен кейiн нақты аралық белгiмен, ал екiншi белдеудiң шекаралары айыру белгiлерiмен (темiр-бетон бағаналармен) бекiтiледi.
      6. Орталықтандырылған шаруашылық-ауыз сумен жабдықтаудың қайнар көздерiн санитарлық қорғау аймағының мөлшерi және олардың аумағындағы санитарлық режимi (шаралары) қолданылып жүрген нормативтiк құжаттарға сәйкес қабылданады және мемлекеттiк қадағалау жөнiндегi органдармен белгiленген тәртiп бойынша келiсiледi.

      2. Ертiс-Қарағанды каналын санитарлық қорғау аймағының
                бiрiншi белдеуiнiң санитарлық режимi

      7. Ертiс-Қарағанды каналын санитарлық қорғау аймағының бiрiншi белдеуiнiң аумағында:
      а) қандай да бiр объектiлердi, су жинау, су реттеуiш, қорғаныш және басқа да арнайы мақсаттағы ғимараттардан басқа;
      б) сұйық отынмен жұмыс iстейтiн насос станцияларын пайдалануға;
      в) адамдардың тұруына, кiр жууға, машиналар мен техниканы қоюға және жууға, су қорғау аймағының аумағын, канал мен су қоймаларының суын ластайтын басқа да әрекеттерге;
      г) каналға және су қоймаларына коллекторлық-дренаждық суларды өнеркәсiптiк және шаруашылық-фекальды канализациялық сарқынды суларды, оларды тазарту дәрежесiне қарамастан, төгуге;
      д) мал жаю үшiн, ұстауға, суаруға және тоғытуға, суға жүзетiн құстарға жем беруге, терiнi суға салуға және жүндi шаюға, жұқпалы ауруға шалдыққан малдарды канал арқылы өткiзуге;
      е) улы химикаттардың, органикалық және минералды тыңайтқыштардың барлық түрлерiн қолдануға;
      ж) тыңайтқыштарды, пестицидтердi, мұнай өнiмдерiн сақтауға арналған қоймаларды және су қорғау аймағының санитарлық жағдайына, каналдағы, су қоймалары мен Белая өзенi тармағындағы судың сапасына терiс әсер ететiн басқа да объектiлердi орналастыруға;
      з) жер жыртуға, ағашты-бұталы өсiмдiктердi кесуге тыйым салынады.
      8. Ертiс-Қарағанды каналын санитарлық қорғау аймағының бiрiншi белдеуiнiң санитарлық режимiмен мыналарға шектеулер белгiленедi:
      а) мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалаумен, бассейндiк су шаруашылық бiрлестiктермен, экология және биоресурстар басқармаларымен, Ертiс-Қарағанды каналын пайдалану жөнiндегi кәсiпорынмен келiсе отырып, канал су қоймалары мен Белая өзенi тармағы суының ластануын болдырмайтын, арнайы бөлiнген жерлерде демалыс аймақтарын ұйымдастыруға, суға шомылуға, әуесқойлық балық аулауға рұқсат етiледi;
      б) жұқпалы аурулардан сау малдар канал арқылы тек осы мақсатқа пайдалану үшiн Ертiс-Қарағанды каналын пайдалану жөнiндегi кәсiпорынмен және Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалаумен келiсiлген көпiрлi өткелдер арқылы ғана өткiзiлуi мүмкiн; каналды пайдалану кезiнде арнаулы жұмыстарды орындауға арналған көпiрлi өткелдермен халықтың және техниканың жүрiп-тұруы Ертiс-Қарағанды каналын пайдалану жөнiндегi кәсiпорынмен келiсiм бойынша ғана iске асырылуы мүмкiн;
      в) рекреациялық ғимараттарға бөлiнген учаскелерден басқа бiрiншi белдеудiң аумағында болуға тек каналды пайдалануға, аумақты көркейтуге, балықты кәсiпшiлiк аулауға және Ертiс-Қарағанды каналын пайдалану жөнiндегi кәсiпорынмен келiсiлген басқа да жұмыстарға байланысты адамдарға ғана, сондай-ақ мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын адамдарға рұқсат етiледi;
      г) каналдар мен су қоймаларын балық шаруашылығы үшiн игеру, оны өсiру жөнiндегi шаралар Ертiс-Қарағанды каналын пайдалану жөнiндегi кәсiпорын және онымен келiсiм бойынша басқа да ұйымдар, Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау және балық қорғау органдары арқылы жүргiзiледi;
      д) сүзгiлер мен ауларды салуға, өнеркәсiптiк балық аулауға байланысты басқа да жұмыстарды Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалаумен және Ертiс-Қарағанды каналын пайдалану жөнiндегi кәсiпорынмен келiсiм бойынша арнаулы алаңдарда ғана жүргiзуге рұқсат етiледi, бұл орайда жағалар мен айдындарды балық кәсiпшiлiгi қалдықтарымен және жанар-жағармай материалдарымен ластауға жол-берiлмейдi.
      9. Ертiс-қарағанды каналын санитарлық қорғау аймағының бiрiншi белдеуiнiң санитарлық режимiмен мыналар:
      а) жел алып келген қоқысты өсiмдiктерден каналды жүйелi түрде тазартып отыру;
      б) шаруашылық ауыз-су мақсатындағы резервтiк су қоймаларын су және жартылай су өсiмдiктерiнен ұдайы тазартып отыру;
      в) шыбын-шiркейдiң, масаның және басқа да қансорғыш жәндiктердiң көбеюiне қарсы күресу мақсатында су қоймаларында су деңгейiнiң маусымдық және көпжылдық дүркiндiлiкпен ауытқуын Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау талаптарынан туындайтын олардың жобалық режимдерi шегiнде жүзеге асыру;
      г) сүзбе сулар мен ластанған жер бетiнiң сарқынды суларының тұрып қалуын болдырмау мақсатында дренаж жүйесi мен жоталы орларды дұрыс жағдайында ұстау;
      д) канал мен су қоймаларының екi жағалауының бүкiл бойынан енi кем дегенде 50 метрлiк орман қорғау белдеулерiн жасау; ал эрозияға шалдыққан жерлерде орман қорғау белдеулерi каналдың санитарлық бiрiншi қорғау белдеуi бүкiл енi бойынша, ал қажет болған жағдайда осындай жерлерде екiншi белдеу шегiнде жасалады;
      е) жер бетiнiң сарқынды суларын бiрiншi белдеу шегiнен тысқары бөлудi ұйымдастыра отырып су жинау және басқа да құрылыстар аумағын жер пайдаланушылармен және Қазақстан Республикасының Жер қатынастары және жерге орналастыру жөнiндегi мемлекеттiк комитет органдарының келiсiмiн ескере отырып жоспарлау;
      ж) су қоймаларында балықтардың шөп қоректi және басқа түрлерiн өсiру көзделедi.

      3. Ертiс-Қарағанды каналын санитарлық қорғау аймағының
                екiншi белдеуiнiң санитарлық режимi

      10. Ертiс-Қарағанды каналын санитарлық қорғау аймағының екiншi белдеуiнiң аумағында:
      а) Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалаумен, бассейндiк су шаруашылық бiрлестiктерiмен, Экология және биоресурстар басқармаларымен, Ертiс-Қарағанды каналын пайдалану жөнiндегi кәсiпорынмен келiспейiнше объектiлер салуға, жердi өңдеудiң топырақ қорғау технологиясын, ауыл шаруашылығы алқаптарын пайдалануды бұзуға, пайдалы қазбалардың барлық түрiн өндiру үшiн карьерлер жасауға, скважиналар бұрғылауға және басқа да жұмыстарға;
      б) бiрiншi белдеуден енi 2 шақырымға дейiн болатын, каналмен гидрологиялық байланысы бар аумақта суды тазарту жөнiндегi сарқынды суларды, булаушы тоғандарды және басқа да сүзгiш құрылғыларды пайдалану негiзiнде сүзу алқабын, суландыру алқабын ұйымдастыруға, екiншi белдеудiң қалған аумағында оларды орналастыру Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалаумен, бассейндiк су шаруашылық бiрлестiктерiмен, экология және биоресурстар басқармаларымен, Ертiс-Қарағанды каналын пайдалану жөнiндегi кәсiпорынмен келiсiледi;
      в) қоқыстарды, қатты тұрмыстық және өнеркәсiптiк қалдықтарды, көңдi төгетiн жер жасауға, сұйық заттарды жер астына көмуге, сондай-ақ өлген малды көмуге;
      г) жазғы шошқа шаруашылығы лагерьлерiн ұйымдастыруға, жұқпалы аурулармен ауырған малды ұстауға, жаюға және айдауға;
      д) өсiмдiктер мен балықтардың ауруларымен және зиянкестермен күресуге арналған, безгек масасын, шыбын-шiркейлер мен басқа да қансорғыш жәндiктердi құрту үшiн улы химикаттарды қолдануға тыйым салынады.
      11. Ертiс-Қарағанды каналын санитарлық қорғау аймағының екiншi белдеуiнiң санитарлық режимiмен мынадай шектеулер белгiленедi:
      а) Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалаумен келiсiм бойынша бiрiншi белдеудiң шекарасынан 2 шақырымнан жақын емес аумақта, шошқа өсiретiн лагерьлерден басқа, жазғы мал ұстау лагерьлерiн ұйымдастыруға рұқсат етiледi; жазғы лагерьлер сарқынды су мен садыраны жинауға арналған ыдыстармен, сондай-ақ қи құрамындағы нәрселердiң сiңуiн болдырмайтын қи сақтағыштармен жабдықталуға тиiс;
      б) мал суару арнайы жабдықталған суару алаңдарында ғана жүргiзiлуге тиiс;
      в) жұқпалы аурулардан сау малды айдау мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық және мал дәрiгерлiк қадағалау бойынша ғана жүргiзiлуге тиiс;
      г) зиянкестермен, өсiмдiктердiң ауруларымен және арамшөптермен күреске арналған улы химикаттардың, минералдық және органикалық тыңайтқыштардың орны, құрамы және енгiзiлу әдiстерi агрохимиялық қызметпен, Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарымен бассейндiк су шаруашылығы бiрлестiктерiмен, экология және биоресурстар басқармаларымен келiсiлуге тиiс.
      12. Ертiс-Қарағанды каналын санитарлық қорғау аймағының екiншi белдеуiнiң санитарлық режимi:
      а) елдi мекендердiң, мал шаруашылығы фермаларының, өндiрiс алаңдарының және басқа да объектiлердiң аумақтарын сұйық және қатты тұрмыстық және өндiрiстiк қалдықтардан, қидан, көше және ауа қоқыстарынан жоспарлы-жүйелi тазартуды жүзеге асыруды;
      б) өздерiнiң аумағынан каналға ластанған сарқынды сулардың түсу мүмкiндiгiн болдырмайтын сумен жабдықтаудың орталықтандырылған жүйелерiн бiрiншi кезекте жарақтандыруды, елдi мекендердi, мал шаруашылық фермалары мен өндiрiстiк объектiлердi канализациялау мен көркейтудi;
      в) емдеу-мал дәрiгерлiк мекемелерi мен ауру мал изоляторларын каналдың санитарлық қорғау аймағының екiншi белдеуiнен тысқары орналастыруды, ауырған малды дер кезiнде анықтауды, оқшаулауды және каналдың санитарлық қорғау аймағының екiншi белдеуiнiң аумағынан алып кетуге үнемi мал дәрiгерлiк және санитарлық бақылау жасауды көздейдi.

      4. Ертiс-Қарағанды каналын санитарлық қорғау
         аймақтарында байқау мен бақылауды ұйымдастыру

      13. Ертiс-Қарағанды каналының санитарлық қорғау аймағында және Белая өзенiнiң су қоймасы мен тармағында санитарлық режимiнiң сақталуына бақылау жасауды Қазақстан Республикасының Су ресурстары жөнiндегi комитетi, Экология және биоресурстар министрлiгi және олардың органдары, Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау және Ертiс-Қарағанды каналын пайдалану жөнiндегi кәсiпорны жүзеге асырады.
      14. Каналдағы су қоймаларын балық шаруашылығы үшiн игеру процесiнде олардың ластануын болдырмауға бақылау жасау Балық аулауды қадағалау жөнiндегi бассейндiк инспекцияларға, Қазақстан Республикасының Су ресурстары жөнiндегi комитетiне, Қазақстан Республикасының Экология және биоресурстар министрлiгi мен олардың органдарына, Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау және Ертiс-Қарағанды каналын пайдалану жөнiндегi кәсiпорынға жүктеледi.
      15. Ертiс-Қарағанды каналын санитарлық қорғау аймағының екiншi белдеуi аумағының ауыл шаруашылық және өнеркәсiптiк мақсатта игерiлуiне бақылау жасау осы Ереженiң талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Жер қатынастары және жерге орналастыру жөнiндегi комитетiнiң аумақтық органдарына, Су ресурстары жөнiндегi комитеттiң, Экология және биоресурстар министрлiгiнiң облыстық органдарына, Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауға жүктеледi.
      16. Ертiс-Қарағанды каналын пайдалану жөнiндегi кәсiпорын, сондай-ақ жалпы су пайдалануды жүзеге асыратын барлық заңды ұйымдар мен жеке адамдар Қазақстан Республикасы Су кодексiне және Қазақстан Республикасының "Қоршаған табиғи ортаны қорғау туралы" Заңына сәйкес Ертiс-Қарағанды каналының санитарлық қорғау режимiнiң қамтамасыз етiлуi мен сақталуы үшiн жауапты болады.
      17. Каналдағы, Белая өзенiнiң тармағындағы және су қоймаларындағы судың сапасына лабораториялық бақылау жасауды мына ұйымдар:
      а) каналдың бүкiл бойында және Белая өзенiнiң тармағындағы судың сапасына санитарлық-лабораториялық бақылауды: Ертiс-Қарағанды каналын пайдалану жөнiндегi кәсiпорын - тұрақты түрде, Қазақстан Республикасының Су ресурстары жөнiндегi комитетi, экология және биоресурстар министрлiгi мен оның органдары - оқтын-оқтын;
      б) шаруашылық-ауыз суды пайдалану пункттерiндегi суды лабораториялық зерттеудi: су пайдаланушылар - тұрақты түрде;
      в) шаруашылық-ауыз су және халық демалатын орындарда су пайдалану пункттерiнде: Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау - iрiктеп;
      г) канал су және Белая өзенiнiң тармағында суды гидробиологиялық зерттеудi: Ертiс-Қарағанды каналын пайдалану жөнiндегi кәсiпорын - тұрақты, Қазақстан Республикасының Су ресурстары жөнiндегi комитетi мен Экология және биоресурстар министрлiгi мен оның органдары оқтын-оқтын;
      д) балық қорларын қорғау жөнiндегi органдар: балық шаруашылығының су пайдалану пункттерiнде - iрiктеп жүзеге асырады;
      е) кемiргiштер, жабайы және үй жануарлары арасындағы iндеттiк процестердiң жай-күйiн бақылауды белгiленген тәртiппен мал дәрiгерлiгiн қадағалаудың аумақтық органдары, Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау, обаға қарсы аумақтық станциялар жүзеге асырады;
      ж) Ертiс-Қарағанды каналының санитарлық қорғау аймағында жер заңдарының сақталуына бақылау жасауды Қазақстан Республикасының Жер қатынастары және жерге орналастыру жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң органдары жүзеге асырады.
      18. Канал қоршауларының, Ертiс-Қарағанды каналын санитарлық қорғау аймағының бiрiншi белдеуiнiң шекарасында орнатылған аралық белгiлердiң мүлтiксiз сақталуына және дұрыс күйде болуына бақылау жасау - Ертiс-Қарағанды каналын пайдалану жөнiндегi кәсiпорынға, ал Ертiс-Қарағанды каналын санитарлық қорғаудың екiншi белдеуiнiң

шекарасында орнатылған айырым белгiлерге (темiрбетон бағаналарға)
бақылау жасау жер пайдаланушыларға және Ертiс-Қарағанды каналын
пайдалану жөнiндегi кәсiпорынға жүктеледi.
     19. Каналдың зақымдалған қоршауларын, аралық және айырым
белгiлерiн қалпына келтiрудi заңдарда белгiленген тәртiппен
Ертiс-Қарағанды каналын пайдалану жөнiндегi кәсiпорын кiнәлi адамдар
есебiнен жүргiзедi.

                                                Қосымша

            Ертiс-Қарағанды каналын санитарлық қорғау
               аймағының II-белдеуiнiң шекаралары
___________________________________________________________________
Насос станцияларының, гидротораптар| Канал ортасына санитарлық қорғау
бөлiгiнiң, су қоймаларының         |аймағының екiншi белдеуi
орналасқан жерi (километрмен)      |шекарасының қашықтығы, метрмен
                                   | алғанда
                                   |_______________________________
                                   |    солға        |   оңға
___________________________________________________________________
                1                  |        2        |      3
___________________________________________________________________
Ертiс өзенiнен N 1 насос станциясына
дейiнгi Белая тармағының учаскесi
тiкелей алғанда учаскесiнiң ұзындығы
45 шақырым Тармақ өте иректелген,
көптеген ескi арналары бар. Белая
өзенi бойының сол жағалауында
орналасқан елдi мекендердiң шегiнде,
Ертiс-Қарағанды санитарлық каналының
қорғау аймағы екiншi белдеуiнiң
шекарасы өзен бойынан 0,75-1,5
шақырымда, оң жағалау бойынша
1,0-2,0 шақырымда тұр
N 1 насос станциясы, шақырым
     0                                    1000            1000
     80                                   1150            1100
     81                                   1070             950
     82                                   1550
     83,5                                                 1050
     85                                                   1020
     87                                   1050
     89                                   1300            1050
     99                                   1550            1000
     105                                  1030            1050
     108                                  1000            1000
     119,5                                1125            1155
     124                                  1015            1015
Екiбастұз су қоймасы бөгенi
     128-шақырым                          1000            1000
     128-шақырымнан 142-шақырымға дейiн   1000            1000
     142-шақырым                          1000            1000
1-гидроторап бөгенi
     173-шақырым                          1000            1000
1-гидроторап су қоймасы шегiнде           2000-ға         1800-ге
                                          дейiн           дейiн
     НС-7 192,6-шақырым                   1200            1000
     НС-8 199,9-шақырым                   1000            1000
          205-шақырым                     1000            1000
          213-шақырым                     1000            1000
2-гидроторап бөгенi
          213,5-шақырым                   2000            1000
          214-шақырым                     1000            2000
          216-шақырым                     1000            3000
          216,5-шақырым                    750             750
3-гидроторап бөгенi                       1000            1000
3-гидроторап су қоймасы шегiнде
          235-шақырымға дейiн             1500-3000       600-2000
          240-шақырым                     1000            1000
4-гидроторап бөгенi НС-10
          241,5-шақырым                   2500            1400
4-гидроторап су қоймасы шегiнде
          247,5-шақырымға дейiн           750-2500        750-2000
     245,5-тен 250-шақырымға дейiн        1000            750
     НС-11 251,8-шақырым                  1875            875
5-гидроторап бөгенi
           254-шақырым                    1100            900
5-гидроторап су қоймасы шегiнде
           265-шақырымға дейiн            2500-ге         3500-ге
                                          дейiн           дейiн
           265-шақырым                    1000            1100
           269-шақырым                    1250            625
           271-шақырым                    2000            1200
6-гидроторап бөгенi
           275-шақырым                    2000            1500
7-гидроторап бөгенi
           282,3-шақырым                  2750            5650
7-гидроторап су қоймасы шегiнде
           300-шақырымға дейiн            1000-4000       2750-6250
           300-шақырым                    1500            5000
8-гидроторап бөгенi, НС-14
           305,7-шақырым                  3000            8000
8-гидроторап су қоймасы шегiнде
           320-шақырымға дейiн            1000-5000       2000-9000
           320-шақырым                    850             2000
     НС-15 327,1-шақырым                  2700            850
9-гидроторап бөгенi
           331-шақырым                    3000            1500
9-гидроторап су қоймасы шегiнде
           338-шақырымға дейiн            2500-ге         5000-ға
                                          дейiн           дейiн
           338-шақырым                    1500            3000
     НС-16 338,8-шақырым                  1500            3000
10-гидроторап бөгенi
           342-шақырым                    1500            5000
10-гидроторап су қоймасы шегiнде
           353-шақырымға дейiн            1800-3500       2000-3500
           353-шақырым                    2800            2000
           354-шақырым                    2750            2250
11-гидроторап бөгенi
     НС-17 375,3-шақырым                  4250            2500
     Молодежный поселкесi,
     357-362-шақырымдар                                   2200-4000
     362-ден 376 шақырымға дейiн          600-1500
11-гидроторап су қоймасы шегiнде          8500-ге
                                          дейiн
     376-шақырым                          4800            1350
     НС-19
     387,9-шақырым                        4000            1500
     397-шақырым                          3200            1200
     Нс-20 405,1-шақырым                  3500            3000
     Нс-22
     441,6-шақырым                        1500            1200
     425-шақырым                          1000            1500
Тұзды су қоймасы және Куу-Чек поселкесi
     428-шақырымнан 437,2-шақырымға       500-10000       1000-3000
     дейiн
Тұзды гидроторап бөгенi
     437,2-шақырым                        5500            2000