Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 14 қазан N 1257. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2003.07.31. N 765 қаулысымен.

Күшін жойған

      "Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 27 қаңтардағы N 2832 Заң күшi бар Жарлығын және "Сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылдың 3 қазанындағы N 2475 Заң күшi бар Жарлығын (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Советiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 19, 115-бап) орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы Ереже бекiтiлсiн (қоса берiлiп отыр).
      2. Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты жасалуынсыз жолаушылар тасымалдауға жол берiлмейдi.
      3. Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыруды сақтандырудың аталмыш түрiн жүзеге асыруға лицензиясы бар сақтандыру ұйымдары жүзеге асырады. Сақтандыру ұйымдарын тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық жауапкершiлiгiне мiндеттi сақтандыру жүргiзуге жiберiлуiне босату үшiн арналған қосымша талаптарды Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк сақтандыруды қадағалауы белгiлейдi.
      4. Тасымалдаушының (сақтанушының) тиiстi лицензиясы бар кез-келген сақтандырушымен жолаушылар алдындағы азаматтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасуға құқығы бар.
      5. Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру жөнiндегi сақтандыру тарифы олардың алдында оның азаматтық жауапкершiлiгi сақтандырылған тасымалдаушының жолаушыларды тасымалдағаны үшiн алынған түсiмi сомасының 0,5 процентi мөлшерiнде белгiленсiн.
      6. Жол жүру (ұшу) кезiнде болған сақтандыру оқиғасының нәтижесiнде жолаушының өмiрiне, денсаулығына және мүлкiне келтiрiлген залал үшiн мынадай мөлшерлерде (ең төменгi айлық есептiк көрсеткiштермен):
      мүгедектiк кезiнде 1-топқа - 500
                         2-топқа - 400
                         3-топқа - 300;
      жалпы еңбекке жарамдылығын уақытша жоғалтқан кезде әр емделген күнi үшiн - 1,5 бiрақ 200-ден артық емес;
      жолаушы қайтыс болған кезде - 600;
      бүлiнген (жойылған) немесе ұрланған мүлiк үшiн - iс жүзiндегi залалдың мөлшерiнде, бiрақ 250-ден артық емес сақтандыру өтемi төленуге жататындығы белгiленсiн.
      7. Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты бойынша келтiрiлген зиян (залал) үшiн сақтандыру төлемдерi ставкаларының мөлшерi мен сақтандыру өтемiнiң мөлшерiн өзгертудi Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк сақтандыруды қадағалауының ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
      8. Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру жөнiнде операция жүргiзетiн сақтандыру ұйымдары бұл мақсатқа сақтандырудың осы түрi бойынша сақтандыру төлемдерiнiң 75 процентiн бағыттау арқылы сақтандыру резервiн құрады.
      9. Сақтандыру резервтерiнiң тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру бойынша сақтандыру өтемiн төлеуге арналған қаржыларын сақтандырудың басқа түрлерi бойынша төлеу үшiн пайдалануға болмайды.
      10. Сақтандырушылар тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру бойынша түскен сақтандыру төлемдерiн аударудың есебiнен көлiкте авариялық жағдайлардың алдын алу жөнiндегi шараларды қаржыландыру резервiн құра алады.
      11. Министрлiктер, мемлекеттiк комитеттер мен басқа да орталық атқарушы органдар осы қаулыға қайшы келетiн нормативтiк актiлердi, нұсқаулықтар мен бұйрықтарды қайта қарауды қамтамасыз етсiн.
      12. Мыналар күшi жойылған деп танылсын:
      "Қазақстан Республикасында жолаушыларды мiндеттi түрде сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 2 желтоқсандағы N 1014 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1992 ж., N 47, 699-құжат);
     "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылдың 2 желтоқсандағы N 1014 және 1992 жылдағы 7 желтоқсандағы N 1030 қаулыларына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 11 маусымдағы N 501 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 23, 289-құжат) 1-тармағы.
     13. Осы қаулы жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрi

Қазақстан Республикасы         
Үкiметiнiң                
|1996 жылғы 14 қазандағы         
N 1257 қаулысымен              
Бекiтiлген                   

Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық
жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы
ЕРЕЖЕ

I. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыруды жүргiзудiң тәртiбi мен шартын айқындайды және сақтандыру қорғанысын ұсыну мен әуе, темiржол, теңiз, iшкi су, автомобиль (мемлекетаралық және облысаралық қатынастар бағыттарындағы) көлiгi құралдарымен (бұдан әрi - тасымалдаушы) тасымалданған азаматтардың мүдделерiне тигiзiлген зиянды өтеу кепiлдiгiн қамтамасыз етедi.
      Осы Ереже тасымалдаушының жолаушылар алдындағы жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру кезiнде туындайтын қатынастарды реттейдi.
      2. Ережеде мынадай анықтаулар пайдаланылады:
      тасымалдаушы - бұл меншiктiк құқымен немесе өзге де заңды негiзде көлiк құралына иелiк етушi, жолаушылар мен жүктердi тасымалдау жөнiнде ақы алып немесе жалданып қызмет көрсететiн және оған белгiленген тәртiппен берiлген тиiстi рұқсаты немесе лицензиясы бар заңды немесе жеке тұлға;
      жолаушы - жол жүру құжаттарын сатып алу жолымен тасымалдаушымен тасымалдау шартын жасасқан жеке адам, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тегiн жүру құқын пайдаланып жол жүрушi адам;
      жүк - жолаушының қолындағы немесе тасымалдаушыға өткiзген мүлкi, тасымалдаушы, белгiленген жерiне жеткiзуге және жүк түбiртегiнiң негiзiнде оны жүктi алуды өкiлеттi адамға беруге мiндеттi тасымалдаушыға өткiзiлген мүлiк;
      сақтандыру жағдайы - жолаушылардың өмiрi мен денсаулығына зиян келтiру, сондай-ақ осы Ережеде көзделген оқиғалардың салдарынан олардың жүгiнiң бүлiнуi (жойылуы);
      зардап шегушi - жолаушыларды және олардың жүктерiн тасымалдауды жүзеге асыру кезiнде көлiк құралдарын пайдаланудың нәтижесiнде өмiрiне, денсаулығына немесе мүлкiне залал келтiрiлген жолаушы.
      3. Тасымалдаушы (сақтанушы) жолаушылар алдындағы өзiнiң азаматтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасуы тиiс.
      Тасымалдаушының азаматтық жауапкершiлiгiн сақтандыру шарты жасалмаса жолаушылар тасымалдауға жол берiлмейдi.
      4. Халықаралық тасымалды жүзеге асыратын тасымалдаушылар Қазақстан Республикасымен жасалған халықаралық шарттарға сәйкес өздерiнiң жауапкершiлiктерiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасуға мiндеттi.
      5. Қазақстан Республикасының заңында белгiленген тәртiппен үшiншi адамға (жәбiрленушiге немесе оның мұрагерiне) келтiрiлген зиян үшiн өтем жасау мiндетiмен байланысты сақтанушының мүлiктiк мүддесi тасымалдаушының объектiсi болып саналады.

II. Сақтандыру шарттары

       6. Тасымалдаушының азаматтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты үшiншi тұлғаның (жолаушының) пайдасына жасалған шарт болып табылады, яғни көлiк құралдарын пайдалану кезiнде, жолаушылар мен олардың жүгiн (багажын) тасуды жүзеге асырғанда, қолданылып жүрген заңдарда көзделген өз мiндетiн сақтанушының байқамай әдейiлеп емес бұзуы салдарынан үшiншi тұлға мүддесiне залал әкеледi.
      Сақтандыру шартының күшiне қарай сақтандырушы осы Ережеде белгiленген жағдайларда зардап шеккен жолаушыға немесе оның мұрагерлерiне сақтандыру өтемiн төлеуге мiндеттi, ал сақтанушы осы Ережеде көзделген тәртiпте сақтандыру жарнасын төлеуге мiндеттi.
      7. Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты сақтандырудың осы түрлерiмен айналысуға лицензиясы бар сақтандырушымен ғана жасалуға тиiс. Мұндай шартты жасау айтылған сақтандырушы үшiн мiндеттi болып табылады.
      Сақтанушының сақтандырушыны таңдауға құқығы бар.
      8. Сақтандыру шартын жасау үшiн сақтанушы сақтандырушы белгiлеген нысанда өтiнiш жазып, оны сақтандырушыға табыс етедi.
      9. Шарттың қолданылу мерзiмi тараптардың келiсiмiмен белгiленедi.
      10. Тасымалдаушының азаматтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру мынадай жағдайларда:
      а) оның қолданылу мерзiмi өткен соң;
      б) сақтанушы таратылғанда;
      в) тасымалдаушыны жолаушы тасу құқығынан айырғанда;
      г) қолданылып жүрген заңдарда белгiленген тәртiппен сақтандырушы таратылғанда;
      д) сот шартты жарамсыз деп тану туралы шешiм қабылдағанда;
      е) егер сақтандырушы сақтандыру шартының талабын орындамайтын болса, онда сақтанушының талабы бойынша тоқтатылады.
      11. Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру бойынша сақтандыру тарифiнiң мөлшерiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
      12. Көлiк ұйымы сақтандырушыға сақтандыру төлемiн жолаушылар тасымалдаудан өткен айда түскен табыс сомасынан ай сайынғы жарна түрiнде төлейдi.
      Тасымалдаушы қолданылып жүрген заңдарға сәйкес тегiн жүру құқығы бар жолаушыларға сақтандыру төлемiн төлеуден босатылмайды.
      Сақтандыру жарнамаларын төлеу мерзiмi тараптардың келiсiмiмен белгiленедi.
      Сақтандыру төлемiн төлеудi кешiктiрген кезде сақтанушы әр кешiктірiлген күн үшiн сақтандырушыға Қазақстан Республикасының азаматтық Кодексiнде көзделген мөлшерде (жалпы бөлiм, 353-бап), өндiрiп алынады, бiрақ бұл сақтандыру төлемiнiң белгiленген жалпы сомасынан аспауға тиiс.
      13. Сақтандыру шарты бiрiншi сақтандыру жарнасын төлеген күннен кейiнгi келесi күннен бастап күшiне енедi.
      Сақтандыру шартын жасау кезiнде алғашқы сақтандыру жарнасы осының алдындағы айда жолаушы тасудан түскен табыс сомасы есебiнен төленедi, кейiн нақты алынған табысқа байланысты қайта есептеулер жасалады.
      Жаңадан құрылған тасымалдаушылар үшiн алғашқы жарна сомасының мөлшерi тасымалдаудың жоспарланған көлемiне сәйкес айқындалады.
      14. Сақтандыру төлемiнiң толық әрi дер уақытында аударылып тұруына бақылау жасауды сақтандырушы жүзеге асырады.
      15. Сақтандыру шарты Қазақстан Республикасының Мемсаққадағалаукомы бекiткен бiрыңғай үлгiдегi сақтандыру полисiнiң бланкiсiне ресiмделедi.

III. Сақтандыру өтемi

      16. Зәбiр шегушiнiң немесе оның мұрагерiнiң сақтандырушыға өзiнiң мүлiктiк мүддесiне келген залалды өтеу туралы заңда белгiленген тәртiпте талап қою фактiсi тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыруы бойынша сақтандыру оқиғасы деп танылады.
      Осы Ережеге сәйкес зәбiр шегушiге қойылған әрбiр мүлiктiк талап фактiсi бойынша әлеуметтiк сақтандыру жөнiнде әлеуметтiк қамсыздандыру және өмiрi мен денсаулығы үшiн жауапкершiлiктiң сақтандыру шарты бойынша өзiне тиесiлi сомаға қарамастан сақтандырушы төлем жасауға мiндеттi.
      17. Тасымалдаушы:
      өмiрi мен денсаулыққа қатысты - жолаушының әуе, теңiз немесе өзен кемесiне отыру (тiркелу) жарияланған сәттен, ал поезд, автобус немесе өзге де көлiк құралының тиiстi вокзалдан, порттан, станциядан, айлақтан шыққанға дейiнгi сәтiнен;
      ал багажға қатысты - оны багаж бөлiмшесiне өткiзген (көлiк құралына кiргiзген) сәттен жолаушы багажын алған (көлiк құралынан шығарып алған) сәтке дейiн жауапкершiлiкте болады.
      18. Сақтандырушының жауапкершiлiгi жолаушылардың өмiрiне, денсаулығына, сондай-ақ олардың мүлiктерi дүлей күштердiң әрекетi салдарынан бүлiнсе (жойылса), тасымалдаушының немесе жолаушының әдейi iстеуiнен сақтандыру оқиғасы басталса, бұған сапарға (ұшу) шығумен, көлiк құралдарында жолаушыларға қызмет көрсету немесе оны көрсетiлген пунктте (елдi мекенде) қалдыруға тiкелей байланысы жоқ айрықша қажеттiк пен қорғану қажеттiгiне орай жүргiзiлген әрекеттер, өзге де оқиғалар қосылмайды.
      19. Сақтандыру оқиғасы басталған кезде тасымалдаушы құзыреттi органдармен бiрлесiп белгiленген нысанда 2 дана етiп актi жасауға мiндеттi, бiрiншiсi жолаушыға немесе оның мұрагерiне тапсырылады (2-5-қосымшалар).
      20. Жолаушының өмiрi мен денсаулығына келген зардап үшiн келген залалдың дәрежесiне қарай, мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мiндеттi медициналық сақтандыру немесе өзге де сақтандыру шарттары бойынша берiлетiн төлемдерге қарамастан сақтандыру өтемi төленедi.
      21. Тасымалдауға қабылдаған багаждың құрығаны немесе жоғалғаны үшiн:
      құны хабарланбаған, сондай-ақ жолаушының өзiмен бiрге алып жүрген зат үшiн сақтандырушы сол жоғалған багаж бен жолаушының өзi алып жүрген заттың немесе оның жетпей қалған бөлiгiнiң нақты мөлшерiнде;
      құны хабарланғаны үшiн - егер де тасушы хабарланған құнның нақты құннан жоғары екенiн дәлелдей алмаса, хабарланған құнның мөлшерiнде жауапкершiлiкте болады.
      Багаж бен жолаушының өзi алып жүрген заттары бүлiнгенi үшiн - олардың қаншалықты құнсызданғандығы жөнiндегi соманың мөлшерiнде жауапкершiлiкте болады.
      22. Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру бойынша сақтандыру өтiмiнiң мөлшерiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
      23. Мынадай жағдайда, яғни келтiрiлген зиян сомасы тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру жөнiндегi шарт бойынша жауапкершiлiк шегiнен асып кетсе, жәбiрленушiнiң немесе оның мұрагерiнiң зиян келтiрген тасымалдаушыға қосымша өтем туралы талап қоюға құқығы бар.
      24. Денсаулығына келтiрiлген зардапқа байланысты жолаушы (оның мұрагерi) немесе басқа бiр өкiлеттi адам тасымалдаушыдан сақтандыру өтемiн төлеу туралы арыз берген кезде, тасымалдаушы 3 күн мерзiм iшiнде сақтандырушыға мынадай құжаттарды:
      сақтандыру өтемiн төлеу туралы өтiнiштi;
      белгiленген нысан бойынша көлiк ұйымы жасаған сақтандыру оқиғасы туралы актiнiң түпнұсқасын;
      мүгедектiгiн растайтын немесе уақытша еңбекке жарамсыздығы жөнiндегi парақтың көшiрмесiн беруге тиiс.
      25. Егер сақтандыру оқиғасы болғаннан кейiнгi үш жыл iшiнде алынған жарақат салдарынан зардап шегушi мүгедек болып қалса немесе қайтыс болса, сақтандырушы бұрынғы төленгендi ескере отырып, сақтандыру сомасының мөлшерiн қайта есептеу жүргiзедi.
      26. Қайтыс болған жолаушының мұрагерi сақтандыру өтемiн төлеу туралы талап қойған кезде тасымалдаушыға мынадай құжаттарды:
      сақтандыру сомасын төлеу туралы өтiнiштi;
      белгiленген нысан бойынша көлiк ұйымдары жасаған сақтандыру оқиғасы туралы актiнiң түпнұсқасын;
      жолаушының қайтыс болғаны туралы загс органдары берген куәлiктiң нотариат куәландырған көшiрмесiн;
      мұрагерлiк құқығы туралы нотариалдық кеңсенiң куәлiгiн беруге тиiс.
      Алынған құжаттарды тасымалдаушы 3 күн мерзiмде сақтандырушыға беруге тиiс.
      27. Мұрагерлiк құқық туралы нотариалдық кеңсенiң куәлiгiн алу үшiн тасымалдаушы өзiне жолыққан қайтыс болған адамның мұрагерiне белгiленген үлгiдегi анықтаманы (1-қосымша) беруге тиiс.
      Егер жолаушының ажалы осы Ереженiң 18-тармағында көрсетiлген оқиға нәтижесiнен болса, сондай-ақ ауыру, өзiн өзi өлтiру, масаю үшiн қабылданған алкоголь iшiмдiгiнен немесе өзге затпен уланса (қолында көлiк ұйымдарының жасалған актiсi болса да), аталған анықтама берiлмейдi және сақтандыру сомасы төленбейдi.
      28. Жолаушылар багажының бүлiнуiне немесе жоғалуына байланысты зиян үшiн өтем төлеу, жәбiрленушiнiң арыз беруi бойынша, сақтандыру оқиғасы туралы актiнi және құзыреттi органдардың оқиға мен зиян мөлшерiн растайтын құжаттарын бергенге жасалады.
      29. Сақтандыру өтемiн төлеу жәбiрленушi жолаушыға немесе оның мұрагерiне беру арқылы жүргiзiледi.
      Егер қайтыс болған жолаушының мұрагерлерi болмаған жағдайда, оны жерлеудi мойнына алған адамға осыған нақты жұмсаған шығыны мөлшерiнде өтемақы төленедi, бiрақ бұл ең аз 40 есептеу көрсеткiшiнен аспауға тиiс.
      30. Өтемдi төлеу қажеттi құжаттарды алған сәттен бастап 7 банктiк күн iшiнде жүргiзiледi.
      Төлем күнi деп сақтандырушының есеп шотынан сақтандыру төлемiнiң сомасы шығынға жазылған күн есептеледi. Егер сақтандыру өтемi кешiктiрiлген жағдайда Қазақстан Республикасының азаматтық Кодексiне (жалпы бөлiм) көзделген мөлшерде өсiм төленедi.
      31. Егер зардап шеккен жолаушыға сақтандыру өтемi тиесiлi болса, бiрақ ол тiрi кезiнде ала алмай кетсе, төлем оның мұрагерiне берiледi.
      32. Сақтандыру сомасын төлеуден бас тартқан жағдайда сақтандырушы арызданушыға бұл туралы бас тарту себебiн баяндай отырып хабарлайды.

III. Тараптардың құқықтары мен мiндеттерi

      33. Сақтандырушы:
      сақтандыру оқиғасы болған кезде жәбiрленушiге немесе оның мұрагерiне төлем жасауды жүргiзуге немесе сақтандыру оқиғасы туралы актi жасалғаннан кейiн 7 банктiк күн iшiнде төлем жасаудан бас тартуға мiндеттi.
      34. Сақтандырушының:
      сақтанушы хабарлаған ақпаратты, сондай-ақ сақтанушының шартты талаптары мен жағдайларын сақтануын тексеруге;
      сақтандыру оқиғасының фактiлерi жөнiнде құзыреттi органдарға сұрау салуға құқықтары бар.
      35. Сақтанушы:
      сақтандыру жарнасын сақтандыру шартында белгiленген мөлшерде және мерзiмде төлеуге;
      оқиға болған сәттен бастап 3 күн iшiнде сақтандырушыға сақтандыру оқиғасының фактiсi туралы жазбаша хабарлауға;
      көлiк құралында болған жазатайым жағдай туралы белгiленген нысан бойынша акт жасауға;
      үшiншi адамның мүлiктiк талаптар фактiлерiне (талап ету), оның iшiнде сот тәртiбiмен талап етуiне байланысты сақтандырушыға осы мәселелердi реттеуге қатысуға мүмкiндiк беруге;
      сақтандыру өтемiн төлеу туралы шешiм қабылдау үшiн қажеттi құжаттарды сақтандырушыға беруге;
      егер сақтандырушыда өз талабын қанағаттандырудан бас тарту үшiн немесе талаптың мөлшерiн азайтуға негiз, мүмкiндiк бар болса, бұл жөнiнде сақтандырушыны хабардар етуге немесе талапты тоқтату мен оның мөлшерiн азайту жөнiнде барлық қолдан келетiн шараларды қабылдауға мiндеттi.
      36. Сақтанушының:
     сақтандырушының сақтандыру талаптары мен шарттарын қалай орындайтынын тексеруге;
     сақтандырушы сақтандыру шартын бұзған жағдайда осы шартты бұзу күнi белгiленген датаға дейiн 30 күннен кем емес мерзiмде сақтандырушыға мiндеттi түрде жазбаша хабарлап, сақтандыру шартын мерзiмiнен бұрын тоқтатуға құқығы бар. 

Y. Дауларды шешу

      37. Сақтандыру шарты жөнiндегi барлық даулар Қазақстан Республикасы заңымен белгiленген тәртiппен қаралады. 

1-Қосымша

                     Тасымалдаушының
     бұрыштама
     штампы

     Анықтама азамат ______________________________________берiлдi,
     өйткенi 199__ жылғы " "____________________қайтыс болған адамға
қатысты тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық
жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру жөнiнде шарт жасаған болатын.
     Шарт бойынша сақтандыру сомасы қайтыс болған адамның
мұрагерлерiне мұрагерлiк құқық туралы нотариалдық кеңсенiң куәлiгiн
көрсеткенде төлеуге жатады.
     Нотариалдық кеңсеге тапсыру үшiн берiледi.

                          Көлiк ұйымының
     М.О.                 жетекшiсi ___________________(қолы)
                          Бас бухгалтер________________(қолы)

2-қосымша

                   Тасымалдаушының                 Тек сақтандыру ұйымдары үшiн
     бұрыштама                       (зардап шеккен жолаушының
     штампы                          өзiне немесе оның мұрагерiнiң
                                            қолына берiледi)

            Әуе көлiгiнде болған сақтандыру оқиғасы туралы
                             АКТ N ______

     1. Азамат ____________________________________________________                            (жолаушының т.а.ә.)
___________________________________________________________________
                    (кәсiпорынның толық атауы)
әуе кемесiнiң жолаушысы болып табылады.
     сериясы ______________ N _____________авиабилетi бойынша
N_________________рейспен _________________дан________________
бара жатқан жолаушы және қону хабарланғаннан кейiн (кесте бойынша
ұшу уақыты _________________сағ. _______________мин.) зардап шектi:
     денсаулығына, өмiрiне _________________________________________
                                  (зақымның сипаты)
___________________________________________________________________
     2. Сақтандыру оқиғасының болған орны, күнi және уақыты
___________________________________________________________________
                      (күнi, айы, жылы
___________________________________________________________________
                      елдi мекен, қала, облыс)
     3. Сақтандыру оқиғасының жағдайларын қысқаша
баяндау_____________________________________________________________
_____________________________________________________________
     4. Сақтандыру оқиғасын тексеру _______________________________
                                           (органның атауы)
______________________________жүргiздi.
     5. Алғашқы медициналық жәрдемдi кiм көрсеттi және зардап шегушi
қайда жiберiлдi ___________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
        (медициналық мекеме атауы және оның орналасқан жерi)
     Акт 199__жылғы ___________айының____________күнi жасалды.
     Аэрокәсiпорын командирi (бастығы)_____________________________
___________________________________________________________________
              т.а.ә.                             қолы
     Құзыреттi органның өкiлi (милиция, МАИ, өрт сөндiрушiлер
қызметi және т.б.)
 
       Тасымалдаушының            ___________________________________
                                      т.а.ә.            қолы
    М.О.

3-Қосымша          

     Тасымалдаушының                 Тек сақтандыру ұйымдары үшiн
     бұрыштама                       (зардап шеккен жолаушының
     штампы                          өзiне немесе оның мұрагерiнiң
                                            қолына берiледi)

           Темiржол көлiгiнде жолаушымен болған сақтандыру
                           оқиғасы туралы
                             АКТ N_______

     1. Азамат ____________________________________________________
                         (жолаушының т.а.ә.)
N____________бағытындағы поездың жолаушысы болып табылады.
    маршруты
Оның жол жүру кезiндегi билетiнiң сериясы ____________________
N___________ "__" _________________199__ж., __________сағ.__________
минутта осы жолаушы зардап шектi:
     денсаулығына, өмiрiне_________________________________________
                                     (зақымның сипаты)
___________________________________________________________________
     мүлкiне ______________________________________________________
                (мүлiктiң атауы, зақымның дәрежесi)
мынадай жағдай кезiнде:____________________________________________
                         (поезд жүрiп келе жатқанда, отырғызу
___________________________________________________________________
  хабарланған соң, поезға отырып жатқан кезде, вагоннан шыққанда,
___________________________________________________________________
               поездың астына құлағанда және т.б.)
___________________________________________________________________
     2. Сақтандыру оқиғасы жағдайын тексерудi _____________________
________________________________________жүргiздi.
     3. Алғашқы медициналық жәрдемдi кiм көрсеттi және зардап
шегушi қайда жiберiлдi
____________________________________________________      
                (медицина мекемесiнiң атауы мен оның
___________________________________________________________________
                   мекен-жайы)
     Акт 199__жылдың ______________айының __________күнi жасалды.
                                Поездың, станцияның бастығы
                                 __________________________________
     Құзыреттi органның өкiлi (милиция, МАИ, өрт сөндiрушiлер
қызметi және т.б.).
     Тасымалдаушының                   ____________________________
                                         т.а.ә.          қолы
     М.О.

4-Қосымша                

     Тасымалдаушының                 Тек сақтандыру ұйымдары үшiн
     бұрыштама                       (зардап шеккен жолаушының
     штампы                          өзiне немесе оның мұрагерiнiң
                                            қолына берiледi)

            Теңiз және су iшкi су көлiгiнде жолаушымен
                 болған сақтандыру оқиғасы туралы
                         АКТ N _______

     1. Осы актi мынаны растайды: қолында сериясы__________________
N__________ билетi бар азамат _____________________________________
                               (зардап шеккен жолаушының тегi,
______________________________ 199___ж. "__"___________________сағ.
аты, әкесiнiң аты)
____________минутта ________________порттан_____________портына бара
жатқан __________________________кемеде болған кезiнде зардапқа
душар болды:
     денсаулығына, өмiрiне_________________________________________
                                     (зақымның сипаты)
___________________________________________________________________
мүлiгiне __________________________________________________________
                 (мүлiктiң атауы, бүлiнуiнiң дәрежесi)
мынадай жағдай кезiнде: ___________________________________________
                               (сақтандыру оқиғасының қысқаша
___________________________________________________________________
                            баяндалуы)
___________________________________________________________________
     2. Жазатайым оқиға болған жерден зардап шегушi _______________
                                                      (зардап
___________________________________________________________________
шеккен жолаушының қай жерге, қандай емдеу-профилактикалық мекемеге
_______________________________________________________жiберiлдi.
                жiберiлгенiн көрсету)
     3. Бұл жазатайым оқиғаның анық-қанығына ______________________
                                                 (тергеу
___________________________________________________________________
                        органының атауы)
"___" _____________________199__ж.    Кеме капитаны, порттың,
                                      вокзалдың, пристанның,
                                      айлақтың бастығы
                                      _____________________________
                                          т.а.ә.         қолы
     Құзыреттi органның өкiлi (милиция, МАИ, өрт сөндiрушiлер
қызметi және т.б.).                                      _____________________________
                                          т.а.ә.         қолы
     Тасымалдаушының
     М.О.

5-Қосымша

     Тасымалдаушының                 Тек сақтандыру ұйымдары үшiн
     бұрыштама                       (зардап шеккен жолаушының
     штампы                          өзiне немесе оның мұрагерiнiң
                                            қолына берiледi)

               Жолаушымен автокөлiкте болған жазатайым
                            оқиға туралы
                            АКТ N_______

      1. Осы актi мынаны растайды: қолында сериясы______________,N
_____________билетi бар азамат_____________________________________
                                  (зардап шеккен жолаушының тегi,
____________________________________199__ж. "__"_______________сағ.
    аты, әкесiнiң аты)
________________минутта______________________(N_________мембелгiсi)
(елдi мекеннен)
бар автокөлiкпен өтiп бара жатқанда зардапқа душар болды:
     денсаулығына, өмiрiне ________________________________________
                                       (зақымның сипаты)
     мүлкiне ______________________________________________________
                    (мүлiктiң атауы, бүлiнуiнiң дәрежесi)
мынадай жағдай кезiнде: ___________________________________________
                          (сақтандыру оқиғасының қысқаша
___________________________________________________________________
                            баяндалуы)
     2. Жазатайым оқиға болған жерден зардап шегушi _______________
                                                      (зардап
___________________________________________________________________
шеккен жолаушының қай жерге, қандай емдеу-профилактикалық мекемеге
_____________________________________жiберiлдi.
жiберiлгенiн көрсету)
     3. Осы сақтандыру оқиғасының анық-қанығына ___________________
                                                     (тергеу
___________________________________________________________________
                      орнының атауы)
"__" ___________________199__ж.    Автокөлiк кәсiпорнының,
                                   автовокзалдың,
                                   автостанцияның бастығы
                                   ________________________________
                                       т.а.ә.            қолы
     Құзыреттi органның өкiлi (милиция, МАИ, өрт сөндiрушiлер
қызметi және т.б.).                                   ________________________________
                                      т.а.ә.            қолы

     Тасымалдаушының
     М.О.