Жердi суландыру және дренаж жүйелерiн жетiлдiру жобасы бойынша Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта құру және Даму Банкi арасындағы Займ туралы келiсiмнiң күшiне енуiне арналған шарттарды жүзеге асыру жөнiндегi шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1996 жылғы 7 қазан N 1237

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта құру және Даму Банкi арасындағы Займ туралы келiсiмнiң шарттарын орындау және республиканың ауыл шаруашылығы кәсiпорындарының жердi суландыру және дренаж жүйелерiн дамытуына мемлекеттiк қолдау көрсету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:

      1. Экономикалық нормалар мен талаптарды, ауыл шаруашылығы өндiрiстiк жүргiзу мен басқару әдiстерiн жетiлдiрудi және суармалы жерлердi пайдалануды, ақпараттық қызмет көрсетудi, сондай-ақ агротехника мен суландырудың озық тәсiлдерiне үйретудi ескере отырып, суармалы егiншiлiктiң тиiмдiлiгiн арттыру мақсатында Жердi суландыру және дренаж жүйелерiн жетiлдiру жобасы бойынша Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта құру және Даму Банкi арасындағы Займ туралы келiсiм мақұлдансын.

      2. Жердi суландыру және дренаж жүйелерiн жетiлдiру жобасын жүзеге асыру үшiн 1-қосымшаға сәйкес құрамда Ведомствоаралық үйлестiру кеңесi құрылсын.
      Кеңеске өзiнiң облыстық бөлiмшелерiн құру, займ қаражаттарын тиiмдi пайдалану, оларды Қазақстан Республикасы бюджетiне кепiлдi қайтару жөнiндегi жұмыстарды үйлестiру жүктелсiн.
      Кеңес мәжiлiсi қажет болған жағдайда, бiрақ тоқсанына бiр реттен сиретпей өткiзiледi деп белгiленсiн.

      3. Жердi суландыру және дренаж жүйелерiн жетiлдiру жобасын орындау және оны iске асыру үшiн берiлген Халықаралық Қайта құру және Даму Банкiнiң займын өтеу тәртiбi (ереже) 2-қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.

      4. Жердi суландыру және дренаж жүйелерiн жетiлдiру жобасы жөнiндегi халықаралық келiсiм мәртебесiне ие Займ туралы келiсiмге және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес:
      осы Жоба шеңберiнде сырттан әкелiнген тауарлар қосымша құн салығы мен кеден бажынан босатылады;
      осы Жоба бойынша әкелiнетiн тауарларға, көрсетiлген қызметтерге (жұмыстарға) қосымша құны салығы нөлдiк ставка бойынша салынады;
      тұрақты мекемемен байланысы жоқ резидент еместiң қазақстандық қайнардан Халықаралық Қайта құру және Даму Банкiнiң займ қаражаты есебiнен түскен табысы төлем қайнарының табыс салығын босатылады деп белгiленсiн.

      5. 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы бюджетiнiң жердi суландыру және дренаж жүйелерiн жетiлдiруге арналған займдарды өтеуге жұмсаған шығыстарын түпкi займшы шаруашылықтардың өтеу шарттары мен тәжiрибесi туралы Типтiк ереже бекiтiлсiн.
      ЕСКЕРТУ. 5-тармақ өзгердi - ҚРҮ-нiң 1997.07.09. N 1087 қаулысымен.

      6. Жобаны басқару және оның iске асуына жауаптылық Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiне жүктелсiн.
      ЕСКЕРТУ. 6-тармақ өзгердi - ҚР Үкіметінiң 2002.01.25. N 112
қаулысымен.

      7. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi пен Ауыл шаруашылығы министрлiгi займ қаражаттарын мақсатты пайдалануға бақылау жасауды жүзеге асырсын.<*>
      ЕСКЕРТУ. 7-тармаққа өзгерiс енгізілді - ҚР Үкіметінiң 1998.04.06. N 287 қаулысымен .
     ЕСКЕРТУ. 7-тармаққа өзгерiс енгізілді - ҚР Үкіметінiң 2004.03.18. N 336 қаулысымен.

      8. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк экспорт-импорт банкi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiне ХҚҚДБ займ қаражаттарын жүзеге асыру мен қызмет ету және республикалық бюджетпен қатар қаржыландыру жөнiндегi қаржы агентi болып белгiленсiн.
      ЕСКЕРТУ. Қаулы 8-тармақпен толықтырылды - ҚРҮ-нiң 1997.07.09.
N 1087 қаулысымен.

     9. Облыстардың әкiмдерiне Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен жердi суландыру және дренаж жүйелерiн қайта құруға салынған инвестициялық шығындардың үлесiн республикалық бюджетке қайтару жөнiндегi iшкi несие келiсiмiн жасасу ұсынылсын.
     ЕСКЕРТУ. 9-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінiң 2002.01.25. N 112 қаулысымен.

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрi

Қазақстан Республикасы       
Үкiметiнiң             
1996 жылғы 7 қазандағы       
N 1237 қаулысына         
1-қосымша              

Жердi суландыру және дренаж жүйелерiн жетiлдiру жобасын iске асыруға арналған ведомствоаралық үйлестiру кеңесiнiң құрамы

Есiмов                      - Қазақстан Республикасы
Ахметжан Смағұлұлы            Премьер-Министрiнiң орынбасары -
                              Ауыл шаруашылығы министрi,
                              төраға
 
Хорунжий               - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi
Андрей Григорьевич       Салық комитетi төрағасының орынбасары

Ыбырайымов             - Қазақстан Республикасының Қаржы
Рүстембек Қуатәлiұлы     министрлiгi Мемлекеттiк борыш және кредит
                         беру департаментiнiң директоры

Өтеғұлов               - Қазақстан Республикасының Экономика және
Мәулен Амангелдiұлы      бюджеттік жоспарлау министрлiгi
                         Мемлекеттiк қарыз алуды және кредит берудi
                         жоспарлау департаментінің директоры;

Айтжанов                    - Қазақстан Республикасының
Дулат Нулиұлы                 Ауыл шаруашылығы вице-министрi

Рябцев                      - Қазақстан Республикасының Ауыл
Анатолий Дмитриевич           шаруашылығы министрлiгi Су
                              ресурстары жөнiндегi комитетiнiң
                              төрағасы

 
     ЕСКЕРТУ. Қосымша өзгертiлдi - ҚРҮ-нiң 1998.04.06. N 287 қаулысымен.
     ЕСКЕРТУ. Құрам жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінiң 2002.01.25. N 112 қаулысымен.
     ЕСКЕРТУ. Құрам жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінiң 2003.01.27. N 93 қаулысымен.
     ЕСКЕРТУ. Құрам өзгердi - ҚР Үкіметінiң 2004.03.18. N 336 қаулысымен.

Қазақстан Республикасы     
Үкiметiнiң           
1996 жылғы 7 қазандағы     
N 1237 қаулысына        
2-қосымша           

      Жердi суландыру және дренаж жүйелерiн жетiлдiру жобасын
    жүзеге асырудың және оны iске асыруға берiлген Халықаралық
  Қайта құру және Даму Банкiнiң займын өтеудiң тәртiбi (ережелерi)

1. Жобаның мақсаты

     1. Жердi суландыру және дренаж жүйелерiн жетiлдiру жобасының (бұдан әрi - Жоба) негiзгi мақсаты - экологиялық нормалар мен талаптарды, ауыл шаруашылық өндiрiсiн жүргiзу мен оны басқару әдiстерiн жетiлдiрудi және суармалы жерлердi пайдалануды, ақпараттық қызмет көрсетудi, сондай-ақ агротехника мен суландырудың озық тәсiлдерiне үйретудi ескере отырып, қолда бар жердi суландыру мен дренаж жүйелерiн қайта жаңғырту және жақсарту жолымен 38095 га алаңдағы суармалы жердiң тиiмдiлiгiн арттыру.

      2. Қаржыландыру көздерi

      2. Жобаны жүзеге асыру үшiн 100 млн. АҚШ долларына тепе тең сомада қаражат қажет. Оның iшiнде 80 млн. АҚШ доллары Халықаралық Қайта құру және Даму Банкi займының қаражаттары болып табылады, ал 20 млн. АҚШ доллары Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң займды қоса қаржыландыру ретiнде қосқан үлесi болып табылады.

      3. Жобадағы шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң қатысу
        өлшемi

      3. Халықаралық Қайта құру және Даму Банкiнiң шарттарына сәйкес Жобаға қатысушыларға мынадай талаптар қойылады:
      қаражатты жердi суландыру және дренаж жүйелерiн жетiлдiруге жұмсау;
      Жобаға қатысу үшiн басымдық тиiмдiлiктiң экономикалық нормасын және кемiнде 12 процент құрауға тиiстi пайданың қаржылық нормасын әлеуеттi қамтамасыз ете алатын шаруашылықтарға берiледi;
      қатысушы шаруашылықтар инвестициялық шығындарды өтеу жөнiндегi тиiстi келiсiмдерге қол қоюға тиiс;
     шаруашылық жүргiзушi субъектiлерде займ қаражаттарын әлеуеттi өтеу үшiн кепiлдiк базасының болуы;
     жекешелендiрудi өткiзу;
     Жобаның мақсаты қазiргi уақытта жердi суландыру ғимараттары бар алаңдарды, сондай-ақ бұрын салынған жердi суландыру ғимараттарының қазiргi уақытта пайдаланылмайтын жерлердi оңалту болуға тиiс;
     Жобада белгiленген учаскелерден темекi плантацияларының болмауы;
     суармалы алаптарда археологиялық және тарихи орындардың болмауы;
     Жобаны iске асыру нәтижесiнде:
     а) өзен суының бiр негiзгi бассейннен екiншiсiне құйылуына;
     б) жануарлар әлемi мен балық өсiретiн маңызды ауданға ықпал
жасауға;
     в) лас ағынды суларды пайдалануға;
     г) жақын орналасқан су көздерi мен жалпы қоршаған ортаға керi әсерiн тигiзуге;
     Халықаралық Қайта құру және Даму Банкi құптауға болмайтындай жер үстi және жер асты суларының Қазақстан Республикасының экологиялық стандартына сай келуi және олардың Жобаны жүзеге асырғанға дейiн тiркелген сапасымен салыстырғанда нашарлап кетуiне жол беруге болмайды.
     Жобада халықаралық Қайта құру және Даму Банкi құптауға болатындай қоршаған ортаға ықпал етудi бағалау мен мемлекеттiк экологиялық бағаның оң қорытындысы болуға тиiс.
     4. Шаруашылықтарда жердi суландыру және дренаж жүйелерiн
жетiлдiру жөнiндегi жұмыстарды жоспарлау, құнын белгiлеу және жүргiзу туралы шешiм қабылдауға шаруашылықтардың барлық мүшелерiн
қатыстыруды қамтамасыз ету үшiн Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Халықаралық Қайта құру және Даму Банкiнiң талаптарына сәйкес келiсiмдi мынадай бес сатыда қамтамасыз ететiн болады:
     Жобаның сипаттауы алғаш рет берiлген бастапқы сатыда;
     Жобаның егжей-тегжейiн және мүмкiн болатын шығыстарды талқылау сатысында;
     Жобаның түпкiлiктi құрылымын бекiту сатысы;
     құрылыс жұмыстары бойынша контракт жасау сатысы;
     шаруашылықтарға оларды беру алдындағы құрылыс жұмыстарын аяқтау
сатысы.
     ЕСКЕРТУ. 4-тармақ өзгердi - ҚР Үкіметінiң 2002.01.25. N 112
қаулысымен.

     Ескерту:
     1. "Жер туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 22 желтоқсандағы N 2717 Заң күшi бар Жарлығы негiзiнде Жобаға қатысушы шаруашылықтардың мүшелерi, өз үлесiмен, олардың құрамынан шығуға құқығы бар.
     2. Бұл құқықты жүзеге асыру рәсiмi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi мен қатысушы шаруашылықтар арасында жасалатын Келiсiмде айтылып, нақтыланатын болады.

      4. Халықаралық Қайта құру және Даму Банкiнiң займын өтеу
         Займды Қазақстан Республикасы бюджетiнен өтеудiң
         кестесi мен мерзiм ұзақтығы

     5. Халықаралық Қайта құру және Даму банкiнiң ставкасы бойынша төленетiн негiзгi қарыз, проценттер, қосалқы төлемдер Қазақстан Республикасы бюджетiнен займ туралы келiсiм күшiне енген күннен бастап 20 жыл iшiнде, кейiннен Қазақстан Республикасының бюджетiне келтiрiлген шығыстарды Жобаға қатысушы шаруашылықтар өтей отырып проценттiк ставкалар - бесiншi және негiзгi қарыз - алтыншы жылдан бастап - төленедi.

                Займды төлеушiлер

      6. Займ туралы келiсiмнiң шарттарына сәйкес оның негiзгi төлеушiлерi:
      займ қаражатынан қаржыландырылатын тауар, жұмыс және қызмет алушы шаруашылықтар;
      iшкi рынокта тауар айналымының көбеюi есебiнен және ауыл шаруашылығы өнiмдерiн экспорттау арқылы, сондай-ақ жергiлiктi салықтар мен алымдардың өсуiнен пайда көретiн жергiлiктi бюджеттер.

            Займды өтеуге тараптардың үлестiк қатысуы

     7. Халықаралық Қайта құру және Даму банкiнiң шарттарына сәйкес кредиттi қайтару жөнiндегi тараптардың үлестiк қатысуы:
     түпкi займшы шаруашылық - 70 процент;
     жергiлiктi бюджет - 10 процент;
     Жоба құнының 20 процентi өтеуге жатпайды және Займ туралы
келiсiм шарттарына сәйкес республикалық бюджеттен қаржыландырылады.
     ЕСКЕРТУ. 7-тармақ өзгертiлдi - ҚРҮ-нiң 1997.07.09. N 1087
қаулысымен.

           Займды қайтаруға Қазақстан Республикасының
             бюджетi шеккен шығыстарды өтеу тәртiбi

     8. Қазақстан Республикасының бюджетi алдындағы берешегiн өтеудiң жалпы мерзiмi түпкi займшы шаруашылықтар мен тиiстi жергiлiктi бюджеттер үшiн 30 жылға дейiн деп белгiленедi.
      ЕСКЕРТУ. 8-тармақ өзгертiлдi - ҚРҮ-нiң 1997.07.09. N 1087
қаулысымен.
      9. Мемлекеттiк Экспорт-импорт банк пен түпкi займшы шаруашылықтар арасындағы проценттiк ставка екiжақты келiсiмде айқындалуға тиiс, сондай-ақ қайтарым кепiлдiгi, мiндеттi кепiлдiк және өтем кестесi белгiленедi.
     ЕСКЕРТУ. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚРҮ-нiң 1997.07.09. N 1087
қаулысымен.
      10. Берешектi өтеу кезеңiнiң басында Қазақстан Республикасының бюджетiне қайтарылатын жалпы сома сол түпкi займшы шаруашылықтың жерлерiнде жердi суландыру дренаж жүйелерiн жетiлдiруге салынған Халықаралық Қайта құру және Даму Банкi займы мен бiрлесiп қаржыландыру қаражатының 80 процентi (түпкi займшы шаруашылықтар - 70 процентi және жергiлiктi бюджеттер 10 процентi) мөлшерiнде қосымша құн салығы есепке алынбайбелгiленедi. Қазақстан Республикасының бюджетiне төлемдер инвестициялау басталғаннан бесiншi жылдан бастап төленедi. Берешектi өтеу сомасы мен мерзiмiн Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi әрбiр жобаны жеке-жеке бекiтедi.
     ЕСКЕРТУ. 10-тармақ өзгертiлдi - ҚРҮ-нiң 1997.07.09. N 1087
қаулысымен.
     ЕСКЕРТУ. 10-тармақ өзгердi - ҚР Үкіметінiң 2002.01.25. N 112 қаулысымен.

     11. Форс-мажорлық жағдайлар туа қалғанда шаруашылықтардың займ қайтару мерзiмi кейiнге қалдырылуы мүмкiн.

Қазақстан Республикасы     
Үкiметiнiң          
1996 жылғы 7 қазандағы     
N 1237 қаулысына       
3-қосымша            

     Қазақстан Республикасы бюджетiнiң жердi суландыру және
   дренаж жүйелерiн жетiлдiруге арналған займдарды қайтаруға
   жұмсаған шығыстарын түпкi зайымшы шаруашылықтардың өтеу
                тәртiбi мен шарттары туралы
                          Үлгi ереже

     ЕСКЕРТУ. Атауында сөздер өзгертiлдi - ҚРҮ-нiң 1997.07.09. N 1087 қаулысымен .

      1. Жалпы ережелер

      1. Осы Үлгi ереже Халықаралық Қайта құру және Даму Банкi мен басқа да шетел инвесторларының жердi суландыру және дренаж жүйелерiн жетiлдiру үшiн берген займын қайтаруға Қазақстан Республикасының бюджетi жұмсаған шығыстарды түпкi займшы шаруашылықтардың өтеу тәртiбi мен ережелерiн айқындайды.
      ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгертiлдi - ҚРҮ-нiң 1997.07.09. N 1087 қаулысымен
      2. Қазақстан Республикасының бюджетi мен түпкi займшы шаруашылықтар арасындағы өзара қарым-қатынас негiзгi шарттар мен екi жақтың мiндеттерi, жыл сайынғы өтеу сомасы, келiсiмнiң шарттары орындалмаған жағдайда салынатын айыптар көрсетiлген екiжақты келiсiмдермен белгiленедi.
      ЕСКЕРТУ. 2-тармақ өзгертiлдi - ҚРҮ-нiң 1997.07.09. N 1087
қаулысымен.

      2. Өтеу тәртiбi мен шарттары

      3. Түпкi займшы шаруашылықтардың пайдалануындағы жердiң шекарасы шегiнде негiзгi төлеушiлер жерлерiнде жердi суландыру және дренаж жүйелерiн жетiлдiру жұмыстары атқарылған өндiрiстiк бөлiмшелер (бригадалар, жалгерлер ұжымы, шаруа қожалықтары және басқалар) болып табылады.
      ЕСКЕРТУ. 3-тармақ өзгертiлдi - ҚРҮ-нiң 1997.07.09. N 1087
қаулысымен.
      4. Қазақстан Республикасы бюджетiнiң Халықаралық Қайта құру және Даму Банкi мен басқа да шетел инвесторларының жердi суландыру және дренаж жүйелерiн жетiлдiру үшiн бөлген займдарын қайтаруға жұмсаған шығыстарын өтеу нормасын Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң ұсынуымен әрбiр жоба бойынша Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi жеке-жеке бекiтедi. Осы нормалардың негiзiнде iшкi шаруашылық жердi суландырудың гектарлық тарифi тағайындалады.
      5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң қаржы агентiмен келiсiмдерi бар түпкi займшы шаруашылықтар Қазақстан Республикасының бюджетi алдындағы берешектерiн өтеу нормалары мен мерзiмдерiне сәйкес белгiленген iшкi шаруашылықтық жердi суландырудың гектарлық тарифi бойынша арнайы шотқа төлем жасайды.
      ЕСКЕРТУ. 5-тармақ өзгертiлдi - ҚРҮ-нiң 1997.07.09. N 1087
қаулысымен.
      6. Қазақстан Республикасының бюджетiне түпкiлiктi төлемдi түпкi займшы шаруашылықтар немесе олардың орнын ауыстыратын тауар өндiрушiлер-су пайдаланушылардың басқа да құрылымдарының Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi өкiлдiк берген органдармен келiсiм негiзiнде әр жылдың 20 желтоқсанына дейiн өтейдi.
      ЕСКЕРТУ. 6-тармақ өзгертiлдi - ҚРҮ-нiң 1997.07.09. N 1087
қаулысымен.