Қазақстан Республикасы Кеден комитетiнiң мәселелерi туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 4 қазан N 1226

Қолданыстағы
      Кеден төлемдерi мен салықтарының бюджетке дер кезiнде және толық түсуiн қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Үкiметi Қаулы Етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Кеден комитетi:
      Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiмен келiсе отырып, қаражатты кеден органдарын ұстауға 1996 жылға республикалық бюджетте бекiтiлген қаржылар шегiнде материалдық-техникалық базаны нығайту мен автоматтандыруға бағыттауды ескере отырып, 1996 жылға арналған шығындардың сметасын нақтыласын;
      1996 жылдың 10 қазанына дейiн кедендiк күзет орындарының қызметiнiң тиiмдiлiгi мен нәтижелiлiгiн арттыру мақсатында оларды нығайту ескерiле отырып бекiтiлген жалпы сандық шегiнде кеден органдарының құрылымы мен санын қайта қарасын;
      кеден төлемдерiн төлеу бойынша мерзiмiн ұзарту мәселелерi жөнiнде Қазақстан Республикасының Үкiметiмен келiссiн.
      2. Қазақстан Республикасы Экономика министрлiгi 1997-1998 жылдары қайтарымсыз негiзде республикалық бюджет есебiнен қаржыландырылатын басым объектiлер тiзбесiне, қоса берiлiп отырған тiзбе бойынша, Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы шектес мемлекеттермен шекараларда бақылау-өткiзу пункттерiн салуды және техникалық жарақаттандыруды енгiзсiн.
      3. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi Кеден комитетiмен, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiмен және Экономика министрлiгiмен бiрге 1997 жылдың 1 ақпанына дейiнгi мерзiмде Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы шектес мемлекеттермен шекараларда бақылау-өткiзу пункттерiн салуды және техникалық жарақтандырудың жобалары жөнiнде тендер өткiзсiн.
      4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi:
      нақтыланған сметаға сәйкес кеден органдарын қаржыландыруды толық көлемде қамтамасыз етсiн;
      көзделген қаржылардан "Майқапшағай" өткiзу пунктiн қайта жаңартуға 7 (жетi) млн.теңге бөлсiн;
      1997 жылға арналған республикалық бюджетте кеден органдарын автоматтандыру мен материалдық-техникалық қамтамасыз етуге шығындар көздесiн;
      1997-1998 жылдарға арналған бюджеттердiң жобаларында, берiлiп отырған тiзбе бойынша, Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы шектес мемлекеттермен шекараларда бақылау-өткiзу пункттерiн салуды және техникалық жарақтандыру қаржыландыру үшiн қажеттi қаржы көздесiн.
      5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң жанындағы Шетел капиталын пайдалану жөнiндегi комитет кеден органдарына кадрларды даярлау мен қайта даярлау үшiн демеушiлерден техникалық көмек алу мәселесiн әзiрлесiн.
      6. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi:
      1996 жылдың 10 қазанына дейiн Қазақстан Республикасының Кеден комитетiмен "Жол қоры туралы" "Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 21 ақпандағы N 221 қаулысына сәйкес (Қазақстан Республикасы ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 9, 63-құжат) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша кiру, шығу мен жолай өту үшiн алынатын, үстiмiздегi жылдың 8 айы iшiнде нақты түскен қаржылар бойынша толық көлемде есептесу жүргiзсiн;
      есеп беретiн айдан кейiнгi айдың 20-ы күнiне дейiн Қазақстан

Республикасының кеден комитетiмен аталған қаржылар бойынша толық
көлемде есептесудi жүзеге асырсын.
     7.
<*>

     Ескерту. 7-тармақтың күшi жойылған - ҚРҮ-нiң 1996.12.31.
              N 1749  

P961749_

  қаулысымен.
 
     8. "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 28
сәуiрдегi N 592 қаулысына толықтыру енгiзу туралы" Қазақстан
Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 10 қаңтардағы N 39 қаулысының
(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 2, 13-құжат) күшi
жойылған деп танылсын.

     Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрi
                                       Қазақстан Республикасы
                                           Үкiметiнiң
                                   1996 жылғы 4 қазандағы N 1226
                                            Қаулысына
                                             ҚОСЫМША

            Қазақстан Республикасының кеден шекараларында 1997-1998
              жылдары салуға жататын бақылау-өткiзу пункттерiнiң
                               ТIЗБЕСI
<*>
 
     ЕСКЕРТУ. Қосымша жаңа редакцияда - ҚРҮ-нiң 1997.06.20. N 1003
              қаулысымен.  

P971003_

 

____________________________________________________________________
 N |  Өткiзу пунктiнiң атауы       |Пайдалануға беру |Шектес
р/с|(жақша iшiндегi БӨП құрылымына |   мерзiмi (жыл) |мемлекеттер
   |кiретiн кедендiк пост атауы    |                 |
   |көрсетiлген)                   |                 |
___|_______________________________|_________________|______________
 1 |              2                |        3        |      4
___|_______________________________|_________________|______________

     Атырау облысы
     1. Котяевка                           1998          Ресей
     (Ганюшкино к/б)

     Батыс Қазақстан облысы
     2. Погодаево                          1998          Ресей
     (Желаева к/б)
     3. Каменка                            1998          Ресей
     4. Ақсай                              1998          Ресей

     Ақтөбе облысы
     5. Жайсаң                             1997          Ресей
     (Мартүк к/б)
     6. Әлiмбет                            1998          Ресей
     (батамшы к/б)
     Қостанай облысы
     7. Қайрақ                             1997          Ресей
     8. Обаған                             1998          Ресей
     9. Белоглинка                         1998          Ресей
     10. Кенерал                           1998          Ресей
     11. Қоңдыбай                          1998          Ресей
     12. Введенка                          1998          Ресей

     Солтүстiк Қазақстан облысы
     13. Чистое                            1997          Ресей
     14. Қарақоға                          1998          Ресей
     15. Красный Яр                        1998          Ресей
     16. Казанка                           1998          Ресей
     17. Бидайық                           1998          Ресей
     18. Үлкен-Қарой                       1998          Ресей
     19. Кiшi-Қарой                        1998          Ресей

     Павлодар облысы
     20. Шарбақты                          1997          Ресей
     21. Прииртышск                        1998          Ресей
     22. Трофимовка                        1998          Ресей
     23. Лозовое                           1998          Ресей

     Шығыс Қазақстан облысы

     24. Қызыл ауыл                        1998          Ресей
     25. Жезкент                           1998          Ресей
     26. Новониколаевка                    1998          Ресей
     27. Шемонаиха                         1998          Ресей

     Алматы облысы
     28. Кеген                             1998        Қырғызстан

     Жамбыл облысы
     29. Шу көпiрi                         1997        Қырғызстан
     (Қордай к-б)
     30. Қарасу                            1998        Қырғызстан
     (Қордай к-б)
     31.
<*>

     32. Нововоскресеновка                 1997        Қырғызстан
     (Мерке к/б)
     33. Гродиково                         1998        Қырғызстан
     (Гродиково к/б)
     34. Бесағаш                           1998        Қырғызстан
     (Гродиково к/б)

     Оңтүстiк Қазақстан облысы
     35. Жiбек жолы                        1997        Өзбекстан
     (Жiбек Жолы к/б)
     36. Май                               1998        Өзбекстан
     (Жiбек Жолы к/б)
     37. Ғани Мұратбаев                    1997        Өзбекстан
     (Абай к/б)
     38. Ақ мектеп                         1998        Өзбекстан
     (Ильич к/б)
     39.
<*>

     40. Арнасай                           1998        Өзбекстан
     (Шардара к/б)

     Қызылорда облысы
     41. Мыңтай                            1997        Өзбекстан

     Маңғыстау облысы
     42. Бейнеу                            1998        Өзбекстан
     43. Фетисово                          1998        Түркменстан
     (Жаңа өзен к/б)

     Ақмола облысы
     44. Қызылжар                          1998
<*>

     45. Ақжол                             1998
<*>


     ЕСКЕРТУ. Қосымшадан 31, 39-жолдар алынды, 44, 45-жолдармен
              толықтырылды - ҚРҮ-нiң 1998.09.16. N 897 қаулысымен.
               

P980897_

  ҚРҮ-нiң 1997.06.20. N 1003 қаулысымен.  

Р971003_