Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 24 маусымдағы N 773 қаулысына өзгертулер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 3 қазан N 1219

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      "Жалпы пайдаланудағы қалалық жолаушылар көлiгiн монополиясыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 24 маусымдағы N 773 қаулысына мынадай өзгертулер енгiзiлсiн:
      2-тармақтың:
      үшiншi абзацындағы "әрбiр маршрут" деген сөздер "маршруттар пакетi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      төртiншi және бесiншi абзацтар алынып тасталсын.
      4-тармақтың төртiншi абзацындағы "жергiлiктi салықтар мен төлемдер бойынша жеңiлдiктердi" деген сөздер алынып тасталсын.
     Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрi