1. Мыналарға:
- министрлер, мемлекеттiк комитеттердiң төрағаларына үш таңбалы нөмiрi бар телефондарды;
- министрлерге, мемлекеттiк комитеттердiң басшыларына, олардың орынбасарларына, ведомстволардың басшыларына - үкiметтiк АТС-тың (ҮАТС) төрт таңбалы нөмiрi бар телефондарын;
- министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттердiң, ведомстволардың басшыларына, департаменттердiң, басқармалардың басшыларына, олардың орынбасарларына, департаменттер құрамындағы дербес бөлiмдер мен басқармалар бастықтарына - республика iшiнде қалааралық байланысты;
- министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттердiң, ведомстволардың басшыларына - ТМД елдерiмен халықаралық байланысты;
- Үкiмет мүшелерiне - алыс шет елдермен халықаралық байланысты;
- министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттердiң, ведомстволардың басшыларына, департаменттердiң басшыларына, басқарма, бөлiм бастықтарына, олардың орынбасарларына, сектор меңгерушiлерiне және бiр бөлiмге бiр қалалық телефонды пайдалану құқығы берiлсiн.
2. Облыстар мен республикалық бағыныстағы қалалардың әкiмдерiне республика iшiнде қалааралық байланысты пайдалану құқығымен (халықаралық байланысқа шығу құқығынсыз) пәтерлерiнде қызмет телефонын орнату құқығы берiлсiн.
3. Облыстар мен Алматы қаласының әкiмдерi қызмет телефондары жөнiнде тиiстi шешiмдер қабылдасын.
4. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi қызмет телефондарына түгендеу жүргiзiп, оларды осы қаулыда белгiленген нормаларға сәйкестендiрсiн және Қазақстан Республикасының Үкiметiне атқарылған жұмыс туралы 1997 жылдың 1 қаңтарына дейiн ақпарат берсiн.
5. Мемлекеттiк органдардың аппаратын орналастыруға арналған алаңдардың уақытша нормалары бекiтiлсiн (N 1 қосымша).
Аталған нормативтер мемлекеттiк органдардың аппаратын орналастыруға арналған жаңа объектiлердi жобалау мен салу кезiнде мiндеттi болып табылады.
6. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi бiр ай мерзiмде қызметтiк үй-жайларға түгендеу жүргiзсiн және жекелеген министрлiктер мемлекеттiк комитеттер мен басқа да орталық атқарушы органдарды олардың штат кестесiне қарай қайта орналастыру жөнiнде Үкiметке ұсыныс енгiзсiн.
7. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi министрлiктер мемлекеттiк комитеттер мен басқа да орталық атқарушы органдарды ұстауға арналған шығыстарды осы қаулыда белгiленген қызмет телефондарына арналған нормалар мен мемлекеттiк органдардың аппаратын
орналастыруға арналған алаңдар нормативтерiне сәйкес қарастырсын. 8. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң жанындағы Қаржы-валюта бақылау комитетi мемлекеттiк органдардың аппаратын ұстауға арналған қаражаттың жұмсалуына тұрақты бақылау орнатсын. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 3 қазандағы N 1217 қаулысына қосымша Мемлекеттiк органдардың аппаратын орналастыруға арналған алаңдардың Уақытша нормалары ___________________________________________________________________ Үй-жайдың атауы | Адам саны |_______________________________ | 100 адам | 150 адам ___________________________________________________________________ 1 | 2 | 3 ___________________________________________________________________ Басқармалар үйi 1. Қызметкерлердiң бөлмелерi, 7,5 ш.м./адам 6,8 ш.м./адам кабинеттерi 750 ш.м. 1020 ш.м. 2. Конференц зал (акт залы және 0,7 ш.м./адам 0,7 ш.м./адам т.б.) 70 ш.м. 105 ш.м. Алқалардың мәжiлiс залы 30 ш.м. 45 ш.м. Төралқа бөлмесi 12 ш.м. 12 ш.м. Кониаппарат бөлмесi 36 ш.м. 36 ш.м. Мүкәммал мен жиhаз үй-жайы 8 ш.м. 8 ш.м. 2-тармақ бойынша жиынтығы: 192 ш.м. 206 ш.м. 3. Бiрiншi басшының кабинетi 54 ш.м. 54 ш.м. Орынбасардың кабинетi 36 ш.м. 36 ш.м. 4. Келушiлердi қабылдау және олармен келiссөз жүргiзу бөлмесi 12 ш.м. 12 ш.м. 5. Архив және техникалық әдебиеттер кiтапханасы 54 ш.м. 54 ш.м. 6. Архивке келушiлерге арналған жұмыс орны (3 адам х 3 ш.м.) 9 ш.м. 9 ш.м. 7. Буфет 36 ш.м. 36 ш.м. 8. Вестибюль 0,17 ш.м./адам 17 ш.м. 22,5 ш.м. Гардероб / 0,08 ш.м. х қызметкерлердiң 80%-i 8 ш.м. 12 ш.м. 9. Қызмет көрсетушi құрамның 8 ш.м. 8 ш.м. үй-жайлары 10.Құжаттарды жою және макулатура жинауға арналған үй-жайлар 6 ш.м. 6 ш.м. 11.Үй жинайтын мүкәммал қоймасы (3 ш.м. х 2 дана) 6 ш.м. 6 ш.м. 12.Өрттен қорғау посты және сигнализация 20 ш.м. 20 ш.м. 13.Көшiру-көбейту қызметi 18 ш.м.+ 12 ш.м. 18 ш.м.+ 20 ш.м. 14.Жөндеу шеберханалары 36 ш.м. 36 ш.м. 15.Құрал-жабдық пен мүкәммал қоймасы 12 ш.м. 12 ш.м. 16.Кеңсе керек-жарақтарының қоймасы 12 ш.м. 12 ш.м. 17.Құпия құжаттармен жұмыс iстеуге арналған үй-жай (жекешелеген министрлiктер үшiн) - архив немесе сақтауға арналған үй-жай 18 ш.м. 18 ш.м. - жұмыс үй-жайы 18 ш.м. 18 ш.м. 18.Қосалқы үй-жайлар (дәлiздер, Жиынтығының Жиынтығының желдеткiш, дәретханалар және 25 %-i 20 %-i т.б.)
Ескерту: Мемлекеттiк басқару органдарын ғимараттарға орналастыру кезiнде жоғарыда көрсетiлген нормативтерден ауытқу болған жағдайда орналастырудың немесе объектiлердiң жоспарлануын өзгертудiң және қайта жаңартудың орындылығын Меммүлiккомы мен Құрылысминiнiң жұмыс комиссиясы техникалық-экономикалық есептеулер негiзiнде айқындайды.