Зейнетақы қорына мiндеттi төлемдер бойынша мерзiмi өткен берешектi төмендету жөнiндегi шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 2 қазан N 1215. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2006.07.07. N 646 Қаулысымен

Күшін жойған

      Әлеуметтiк мәнi барлығын ескере отырып және Зейнетақы қорына мiндеттi төлемдер бойынша мерзiмi өткен берешектi төмендету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi Қаулы Етедi: 
      1. Халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi мен Қазақ әлеуметтiк дамуды кредиттеу акционерлiк банкiнiң кредитордың басқа тұлғаға көшiру құқығы нормаларын, факторингтiк және басқа операцияларды қолданып, Зейнетақы қорына мiндеттi төлемдердiң мерзiмi өткен берешегiн төмендету мiндеттерiн шешу жөнiндегi ұсынысы мақұлдансын. 
      2. Қазақ әлеуметтiк дамуды кредиттеу акционерлiк банкi (келiсiмi бойынша) Зейнетақы қорына мерзiмi өткен төлемдер бойынша есеп айырысу саласында Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң агентi болып белгiленсiн. 
      3. Қазақстан Республикасының Халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi Қазақ әлеуметтiк дамуды кредиттеу акционерлiк банкiмен тиiстi агенттiк келiсiм жасасын. 
      4. Облыстар мен Алматы қаласының әкiмдерi Зейнетақы қорына мерзiмi өткен берешектi төмендету жөнiндегi жұмысқа жәрдем көрсетсiн. 
      5. Қазақстан Республикасының Халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi жүргiзiлген жұмыстың нәтижелерi туралы Қазақстан Республикасының Үкiметiне ай сайын хабарлап отырсын. 
      6. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары А.С.Павловқа жүктелсiн. 

    Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрi